• Мое избранное

Отправить по почте

Степногорск қалалық мәслихаты шешімінің күші жойылған деп тану туралы Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 6С-6/13 шешімі

"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27, 46-баптарына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: 
1. "Степногорск қалалық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/14 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4150 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 мамырда "Степногорск ақшамы" және "Вечерний Степногорск" аймақтық қоғамдық-саяси газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылған деп танылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Қаршегенов
Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева