Toggle Dropdown
Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 277 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № 43-10 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қаңтарда № 2909 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Toggle Dropdown
1. "Қойайдар" жер қорынан жалпы көлемі 1 317,0 гектар жайылымдық жер учаскелерін қосу жолымен Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округінің әкімшілік шекарасы (шегі) қосымшаға сәйкес өзгертілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
Toggle Dropdown
3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Жамбыл облысы Шу ауданы Дулат селолық округі әкімшілік шекарасы жерлерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ