Toggle Dropdown
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгілеу туралы
Шымкент қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 963 қаулысы. Шымкент қаласының Әділет департаментінде 2019 жылғы 12 желтоқсанда № 75 болып тіркелді
Toggle Dropdown
"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 29 қазаныдағы № 02-01-04/394 ұсынысы негізінде, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
Toggle Dropdown
2. "Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
Toggle Dropdown
1) осы қаулыны Шымкент қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Шымкент қаласында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Пармановқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізілетін аймақ