Маңғыстау облысының агроөнеркәсiптік кешен саласында инновациялық жобаларды iрiктеудi ұйымдастыру қағидаларын бекiту туралы
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қыркүйектегі N 213 қаулысы. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 қыркүйкте N 2155 тіркелді.
"Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау ауыл шаруашылығы мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б.Мұхаметжанов |
Облыстық ауыл шаруашылығы
кәсіпкерлік және өнеркәсіп
қаржы басқармасының бастығы
жоспарлау басқармасының бастығы
| Маңғыстау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 03 қыркүйек № 213 қаулысымен бекітілген |
Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары
1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7 бабының 2 тармағының 10-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Маңғыстау облысында агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру тәртібін белгiлейдi.
2. Осы қағидаларда келесідей ұғымдар пайдаланылады:
1) агроөнеркәсіптік кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық -санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
2) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері – агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және "Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бағдарламаның әкімшісі);
4) инновация – экономикалық тиімділікті арттыру мақсатында экологиялық қауіпсіздікті ескере отырып, жаңа немесе жетілдірілген өндірістер, технологиялар, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер, техникалық, өндірістік, әкімшілік, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешімдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрінде тәжірибелі іске асырылған жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметінің нәтижесі;
5) комиссия - өтінімдерді қабылдау/қабылдамау туралы шешім қабылдау үшін облыс әкімінің өкімімен бекітілген Маңғыстау облысы әкімдігінің жанындағы тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган;
6) өтініш беруші - Бағдарлама әкімшісіне өтінімді берген, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға;
7) өтінім - осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген белгіленген үлгідегі өтініш;
8) өзге де орындаушылар – өтініш берушінің инновациялық жобасын бірлесіп орындаушылар.
2 - тарау. Инновациялық жобаларды іріктеу тәртібі
3. Инновациялық жобаларды іріктеу Маңғыстау облысының агроөнеркәсіптік кешенінің келесідей салалық бағыттары бойынша жүргізіледі:
1) өсімдік шаруашылығы (оның ішінде, өсімдіктерді қорғау және қарантин);
4) ауыл шаруашылығын механизациялау;
5) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
6) мал азығын өндіру технологиясы.
4. Бағдарлама әкімшісі конкурс өткізу басталғанға дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ бюджеттік бағдарлама әкімшісінің ресми интернет – ресурсында өтініш берушілер арасында іріктеу жүргізілетіндігі туралы хабарландыруды жариялайды.
Хабарландыруда өтінімдерді тапсыру мерзіміне қосымша ақпараттар алу үшін Бағдарлама әкімшісінің байланыс ақпараты көрсетіледі.
5. Инновациялық жобаларды іріктеуге қатысу үшін Бағдарлама әкімшісіне өтініш берушілер мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;