• Мое избранное

Отправить по почте

2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегін есептеу туралы Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № 380 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 тамызда № 6603 болып тіркелді

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 2-бабының 1-2 тармағына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 545 "2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегін есептеу туралы" бұйрығына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қостанай облысы бойынша 2016 жылғы 3-тоқсанға арналған кедейлік шегі 7808 теңге мөлшерінде есептелсін, ол мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызын құрайды.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов