Облыс бойынша 1997 жылға суармалы егiстiкке су жеткiзiп беру қызметiне төлемақы тарифiн бекiту туралы
Қызылорда облысы әкімінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 470 шешімі. Қызылорда облысының Әділет басқармасында 1997 жылғы 05 мамырда № 10 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 4 наурыздағы № 182 "Суармалы егістікке су жеткізіп беру қызметі үшін ақы төлеу туралы" қаулысына сәйкес, баға және монополияға қарсы саясат жөніндегі аумақтық комитет пен су ресурстары жөніндегі облыстық комитеттің ұсыныстарын қарай келіп, ауыл шаруашылығы дақылдары егістерін сумен, шабындықтарды, жайылымдықтарды суландыруды қамтамасыз ету, суару жүйелері мен құрылыстарды тиісті техникалық ұстау және 1997 жылы су шаруашылығы мекемелерін қалыпты жұмыс істеу мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Облыс бойынша 1997 жылы, суармалы егістікке бір текше метр су жеткізіп беру қызметі үшін шектелген төлемақының тарифі /қосылған құнға салынатын салықты қоса алғанда/ 5,63 тиын болып бекітілсін.
Оның ішінде, бір текшеметр суға:
- шабындықтар мен жайылымдарды суару үшін – 1,8 тиын;
- ұжымдық саяжай учаскелері мен жеке қожалықтың бақшалық егістерін суару үшін – 1.0 тиын;
- тоған шаруашылығы қажеттігі үшін – 1,8 тиын мөлшерде жеңілдетілген тариф бекітілсін.
Ұлы Отан Соғысына қатысушылар мен мүгедектерден және оларға теңестірілген азаматтардан саяжай учаскелері мен бақшалық егістерге су жеткізіп беру қызметі үшін төлемақы алынбасын.
2. Қала, аудан әкімдеріне, су ресурстары жөніндегі облыстық комитетіне /Ә. Құтжанов/, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына /Е.Бектұрсынов/, су пайдаланушыларға суды тиімді әрі үнемді пайдалану, келісім-шарт бойынша су жеткізіп беру қызметі үшін ақшалай, ауылшаруашылық өнімдерімен, құрылыс материалдарымен және жанар-жағармаймен есеп айырысуды қамтамасыз ету міндеттелсін.