• Мое избранное
Әйтеке би және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Әйтеке би және Шалқар аудандарының кейбір елді мекендерін тарату туралы Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 179 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 294 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 24 тамызда N 3155 тіркелді

Бірлескен Ақтөбе облыстық мәслихатының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 179 шешімі және Ақтөбе облыстық әкімиятының 2005 жылғы 4 тамыздағы N 294 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2005 жылғы 24 тамызда N 3155 тіркелді
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8, 11 баптарына сәйкес Әйтеке би және Шалқар аудандарының өкiлдi және атқарушы органдарының ұсыныстарын ескере отырып, облыстық  мәслихат  ШЕШIМ ЕТЕДI  және  облыс  әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Тұрғындарының бәрі кетіп қалған мына елді мекендер:
Әйтеке  би  ауданы  бойынша : 
Құмқұдық ауылдық округінің Бестас ауылы,
Шалқар  ауданы  бойынша : 
Ақтоғай ауылдық округінің Сарытөбе ауылы таратылсын. 
2. Аудан әкiмдері (Е.Қ.Есенбаев, Р.М.Сыдықов) таратылған ауылдардың жерлерiн әрi қарай пайдалануға байланысты сұрақтарды шешу үшiн қажеттi шараларды алсын. 
3. "Ақтөбе облысының статистика басқармасы" ММ (А.Д.Мұқаев) жоғарыда аталған елдi мекендерін есептi деректерден шығарсын. 
4. "Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы" ММ (М.Н.Жекеев) жер-кадастр құжаттарына тиісті өзгерістер енгізсін.
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы
Облыс әкімі