• Мое избранное
Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 05.01.2024 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу мен жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 15/107-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2017 жылғы 16 қазанда № 4232 болып тiркелдi

Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 05.01.2024 № 13/79-VІІІ шешімімен (29.11.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Күші жойылды - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 05.01.2024 № 13/79-VІІІ шешiмiмен (29.11.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10030 тіркелген) және "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14285 тіркелген) сәйкес, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Арыс қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы Қ.Елғонов
Қалалық
мәслихат хатшысы А.Байтанаев
 
Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 15/107-VІ шешіміне
1 қосымша
Арыс қаласы бойынша тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің түрлері
1-қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Арыс қалалық мәслихатының 29.11.2019 № 42/295-VI шешiмiмен (20.03.2019 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
 
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер Есептік бірлік Орташа жылдық жинақталу нормалары, м3
1 Жайлы және жайлы емес үйлер 1 тұрғын 1,1
1,4
2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар 1 орын 0,62
3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1 орын 0,69
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,37
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері 1 қызметкер 0,92
6 Емханалар 1 келіп кету 0,014
7 Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері 1 төсек-орын 1,11
8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,3
9 Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері 1 отыратын орын 0,95
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 отыратын орын 0,43
11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы 1 м2 0,03
12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша 1 орын 0,03
13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы 1 м2 0,12
14 Азық-түлік, өнеркәсіптік тауар дүкендері, супермаркеттер Сауда алаңы 1 м2 0,34
15 Машиналардан сату Сауда орнының 1 м2 1,2
16 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы 1 м2 0,38
17 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,14
18 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,05
19 Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы 1 м2 -
20 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,23
21 Жағажайлар Жалпы алаңы 1 м2 -
22 Дәріханалар Сауда алаңы 1 м2 0,21
23 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина-орын 1,36
24 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 0,95
25 Гараж кооперативтері 1 гаражға -
26 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 0,58
27 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі Жалпы алаңы 1 м2 0,23
28 Зергерлік, аяққиімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы 1 м2 0,5
29 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар) 1 жұмыс орны -
30 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы 1 м2 0,18
31 Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,3
32 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске -
 
Арыс қалалық мәслихатының
2017 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 15/107-VІ шешіміне
2 қосымша
Арыс қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифтері
2-қосымша жаңа редакцияда - Түркiстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 20.03.2019 № 34/240-VI шешiмiмен (21.09.2017 жылғы редакцияны қараңыз).(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
 
Атаулары Есептік бірлік Баға, теңгемен
1 Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері

1.1 Жайлы емес үйлер 1 адам 165
1.2 Жайлы үйлер 1 адам 145
1.3 Заңды тұлғалар 1 текше метр 1804
2 Тұрмыстық қатты қалдықтарды көмуге арналған тарифтері

2.1 Жеке тұлғалар үшін 1 текше метр 150
1 тонна 800
2.2 Заңды тұлғалар үшін 1 текше метр 200
1 тонна 800
3 Тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге арналған тарифтері

3.1 Түсті және қара металдар сынықтары 1 килограмм 60
3.2 Рекультивациялау кезiнде тұрақтандырушы материал ретiнде қолданылуын қоспағанда, пайдаланылған тұтастай шиналар және олардың бөліктері 1 килограмм 10
3.3 Макулатура, картон және қағаз қалдықтары 1 килограмм 10
3.4 Пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы 1 дана 3
3.5 Шыны сынықтары 1 дана 5
3.6 Құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар 1 дана 5
3.7 Электрондық және электр жабдықтары 1 килограмм 20
3.8 Литий, қорғасын-қышқыл батареялары 1 килограмм 80