«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде № 15990 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 5 желтоқсанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарда:
3-қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 126-1-жолмен толықтырылсын:
«
|
126-1. |
SARS-CoV-2 |
COVID-19 |
»;
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.В. Бюрабековаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы ______ № ___ бұйрыққа 1 қосымша
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 10-қосымша
COVID-19-дың диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
COVID-19-дың зертханалық диагностикасы тест-жүйелерді пайдалана отырып полимеразды-тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) және иммундық-ферментті талдау (бұдан әрі – ИФТ) жедел анықтау (анықтаудың скринингтік әдісімен (сапалық әдіс)) әдісімен жүргізіледі, патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды талап етеді.
1. ПТР -зерттеулерді зертханаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Зертханалардың ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады.
3. Уақытша зертханалар ретінде, жеткілікті мөлшерде су, электр энергиясымен, суды бұрумен қамтамасыз етілген, қауіпсіздік талаптары сақталған кезде бейімделген ғимараттар, үй-жайларды пайдалануға жол беріледі.
4. ПТР зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді.
5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер 1-типті обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі.
6. ПТР зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін 3 аймағы болуы тиіс:
1) Материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі.
2) ДНҚ-ны (РНҚ-ны) бөлуге арналған биологиялық қауіпсіздік боксқа кіреберісі бар бокс.
3) Амплификация жүргізуге арналған боксқа кіреберісі бар бокс.
7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
8. Зертхана ПТР-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай сақталады:
1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау инвентары және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады;
2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;
3) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;
4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;
5) электрофорез әдісімен детекция жүргізген кезде бұл кезеңге жеке персонал қызмет көрсетеді;
6) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
7) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері биологиялық қауіпсіздік бокстарында жүргізіледі;
8) терезелер тығыз жабылады.
10. ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды
іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен шығаберісте жұқа тазарту сүзгілерімен жабдықталады.
12. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге;
3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға;
4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді.
13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдармен өңделеді.
14.Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
2. ИФТ зертеулерді жүргізуге үшін зертханаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
2. Зертханалардың ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады.
3. Уақытша зертханалар ретінде, жеткілікті мөлшерде су, электр энергиясымен, суды бұрумен қамтамасыз етілген, қауіпсіздік талаптары сақталған кезде бейімделген ғимараттар, үй-жайларды пайдалануға жол беріледі.
4. ИФТ зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді.
5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер 1-типті обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі.
6. ИФТ зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлар болуы тиіс:
1) Материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі.
2) Боксқа кіреберісі бар бокс.
7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі.
8. Зертхана ИФТ-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. ИФТ әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай сақталады:
1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау инвентары және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады;
2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді;
3) ИФТ бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі;
4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады;
5) ИФТ-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады;
6) термостаттың температурасы күн сайын бақылауда болады;
7) терезелер тығыз жабылады.
10. ИФТ жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі.
11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен шығаберісте жұқа тазарту сүзгілерімен жабдықталады.
12. Зертхана үй-жайларында:
1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге;
2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге;
3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға;
4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді.
13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдармен өңделеді.
14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
3. ПТР мен ИФТ зерттеулерге үшін үй-жайлардағы режимге қойылатын талаптар
1. Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өңдеу өндірушінің нұсқаулығына сәйкес осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген 70º этил спиртімен және дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі.
2. Жұмыс басталғанға дейін үй-жайлы ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын, «жұқпалы» аймақта жуу құралдары мен дезинфектанттарды қолдану арқылы жинайды, бактерицидті сәулелегіштермен 30-60 минут бойы сәулелейді.
3. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып сүртеді. Жинау инвентары «таза» және «жұқпалы» аймақтар үшін жеке таңбаланады.
4. Жұмысты бастау алдында 15 минут бұрын үй-жайда және бокста бактерицидті сәулелегіштер және сыртқа тарату желдеткіш жүйесі қосылады. Боксты жүктеген кезде желдеткішті ажыратады. Бокстағы жұмыс кезінде ауаны сору болмаған жағдайда жұмыс жедел тоқтатылады. Бокстың ауасын бактериологиялық зерттеу және сүзгінің жұмысын бақылау аптасына бір рет жүргізіледі.
5. БҚБ-да жұмысты бастау алдында сыртқа тарату желдеткіші қосылады. Материалды жүктеу теріс қысымда жүргізіледі. БҚБ өтетін жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан алыс орында орнатылады.
6. Инфекциялық материалды жеткізу металл, герметикалық жабық ыдыста (биксте, бактарда, тоңазытқыш сөмкеде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін сыйымдылықтар тасымалдау кезінде ішіндегінің төгілуін болдырмайтын тығындармен жабылады. Материалды ашқан кезде бикстерді, контейнерлерді және түтіктерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды.
7. Инфекциялық материалды түтіктерде, тостағандарда, құтыларда себу кезінде материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жазылады.
8. Материалды бөлмелер арасында тасымалдау кезінде болған авария кезінде персонал тасымалданатын сыйымдылықтарды сол жерге қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған оқиға туралы бөлімше басшысына хабарлайды. Аварияға жол берген адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу обаға қарсы І типті костюмде жүргізіледі.
9. Барлық қалдықтар «В» сыныбы – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
4. ПТР мен ИФТ зерттеулерге үшін персоналдың жұмысына қойылатын талаптар
1. Қолды жуу диспенсордан сұйық сабын берілуімен жүзеге асырылады және бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен кептіру арқылы жүргізіледі.
2. Жұмыс аяқталғаннан кейін персоналдың қолы дезинфекциялық ерітіндімен немесе 70° спиртпен өңделеді.
3. Жұқпалы материалмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнінің соңында дене температурасының термометриясы жүргізіледі.
4. Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді.
5. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде зертхана қызметкері ұйымның басшысына хабарлайды және жедел жәрдем келгенге дейін дереу оқшауланады.
6. ИФТ диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар CОVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеу кезеңділігі – аптасына бір рет.
7. Жұмыстың басында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1019 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидаларына сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіледі.
8. Ескерту: осы қосымшаның талаптары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезінде қолданылады.
________________________________________________
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 684 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы бұйрық жобасына салыстыру кестесі
|
№ п/п |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция
|
Негіздеме |
|||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
|
|
|
|
|
ДСҰ,CDC, Ресей Федерациясының ұстанымын ескере отырып және COVID-19 қоздырғышы адам үшін жаңа патогенді қасиеттерге ие және ауру өлімге әкелетініне, жоғары эпидемиялық әлеуетіне және микроорганизмдердің жіктемесіне енгізілмегендіктен, оны патогендіктің II тобына жатқызу керек.
|
|||
|
|
|
|
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы ___________ № ___ бұйрыққа 1 қосымша
«Ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын зертханаларға қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларына 10-қосымша
COVID-19-дың диагностикасына арналған зертханаларды ашуға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
COVID-19-дың зертханалық диагностикасы тест-жүйелерді пайдалана отырып полимеразды-тізбекті реакция (бұдан әрі – ПТР) және иммундық-ферментті талдау (бұдан әрі – ИФТ) жедел анықтау (анықтаудың скринингтік әдісімен (сапалық әдіс)) әдісімен жүргізіледі, патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеу үшін тиісті жағдайларды талап етеді.
1. ПТР-зерттеулерді зертханаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. 2. Зертханалардың ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады. 3. Уақытша зертханалар ретінде, жеткілікті мөлшерде су, электр энергиясымен, суды бұрумен қамтамасыз етілген, қауіпсіздік талаптары сақталған кезде бейімделген ғимараттар, үй-жайларды пайдалануға жол беріледі. 4. ПТР зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді. 5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер 1-типті обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі. 6. ПТР зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлардың ПТР-талдаудың кезеңдеріне сәйкес келетін 3 аймағы болуы тиіс: 1) Материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі. 2) ДНҚ-ны (РНҚ-ны) бөлуге арналған биологиялық қауіпсіздік боксқа кіреберісі бар бокс. 3) Амплификация жүргізуге арналған боксқа кіреберісі бар бокс. 7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі. 8. Зертхана ПТР-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. ПТР әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай сақталады: 1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау инвентары және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады; 2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді; 3) ПТР бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі; 4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады; 5) электрофорез әдісімен детекция жүргізген кезде бұл кезеңге жеке персонал қызмет көрсетеді; 6) ПТР-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады; 7) сынама дайындау және реакциялық қоспаларды дайындау кезеңдері биологиялық қауіпсіздік бокстарында жүргізіледі; 8) терезелер тығыз жабылады. 10. ПТР жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі. 11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен шығаберісте жұқа тазарту сүзгілерімен жабдықталады. 12. Зертхана үй-жайларында: 1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге; 2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге; 3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға; 4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді. 13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдармен өңделеді. 14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
2. ИФТ зертеулерді жүргізуге үшін зертханаларға арналған санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
1. Зертханада жұмыс патогендігі ІІ топтағы микроорганизмдермен жұмыс істеуге арналған шараларды сақтай отырып жүзеге асырылады. 2. Зертханалардың ғимаратын жобалау кезінде дербес жер учаскелерінде немесе құрамына кіретін ұйымның жер учаскесінде орналасады. 3. Уақытша зертханалар ретінде, жеткілікті мөлшерде су, электр энергиясымен, суды бұрумен қамтамасыз етілген, қауіпсіздік талаптары сақталған кезде бейімделген ғимараттар, үй-жайларды пайдалануға жол беріледі. 4. ИФТ зерттеулерді жүргізу үшін диагностикалық жұмыстарды жүргізумен айналысатын зертханалардың үй-жайларында өткізу режимі белгіленеді. 5. Зерттеу жүргізу үшін зертхана персоналының инфекция жұқтыруын болдырмау мақсатында зерттеулер 1-типті обаға қарсы костюмдерде жүргізіледі. 6. ИФТ зерттеулерді жүргізуге арналған үй-жайлар болуы тиіс: 1) Материалды қабылдау, тіркеу және оны бастапқы өңдеу бөлмесі. 2) Боксқа кіреберісі бар бокс. 7. Барлық бокстарда боксқа кіреберіс болады, онда қол жууға арналған раковина (қол жуғыштар) орналастырылады, ол болмаған жағдайда тері антисептиктерін, айна және дезинфекциялық ерітінділері бар сыйымдылықтарды пайдалануға жол беріледі. 8. Зертхана ИФТ-жабдығымен, тест-жүйелерімен, шығыс материалдарымен, жеке қорғаныш құралдарымен және бактерицидті шамдармен қамтамасыз етілуі тиіс. 9. ИФТ әдісімен зерттеулер жүргізген кезде мынадай сақталады: 1) әр аймақта өзіне тиесілі жиһаздар жиынтығы, тоңазытқыштар/мұздатқыштар, зертханалық жабдықтар, реагенттер, автоматты тамшуырлар (дозаторлар), ұштықтар, пластикалық және шыны ыдыстар, қорғаныш киімі, аяқ киім, ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаптар, жинау инвентары және тек осы бөлмеде ғана пайдаланылатын басқа да шығыс материалдары болады; 2) жабдықтарды, шығыс материалдарын, реактивтерді, қолғаптарды, халаттарды бір үй-жайдан екінші үй-жайға тасымалдауға жол берілмейді; 3) ИФТ бойынша барлық жұмыстар жұмыстың әрбір кезеңі қамтамасыз етілетін ұнтақсыз бір рет қолданылатын қолғаппен жүргізіледі; 4) барлық үй-жайларда бактерицидті сәулелегіштер орнатылады; 5) ИФТ-дің барлық кезеңдерін өткізуге арналған реагенттерді сақтау шарттары өндірушінің реагенттерді қолдану жөніндегі нұсқаулығының талаптарына сәйкес келеді. Клиникалық үлгілер реагенттерден бөлек сақталады; 6) термостаттың температурасы күн сайын бақылауда болады; 7) терезелер тығыз жабылады. 10. ИФТ жүргізуге арналған барлық үй-жайларды әрлеу жуу және дезинфекциялау құралдарының әсеріне төзімді материалмен жүргізіледі. 11. Зертхананың жұқпалы аймағының үй-жайлары жасанды іске қосылатын ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен шығаберісте жұқа тазарту сүзгілерімен жабдықталады. 12. Зертхана үй-жайларында: 1) арнайы киімсіз жұмыс істеуге; 2) ақаулы желдеткішпен жұмыс жүргізуге; 3) заттаңбасыз реактивтерді сақтауға және қолдануға; 4) жұмыс ерітінділерінің қорын жұмыс орындарында және стеллаждарда сақтауға жол берілмейді. 13. Бокстардағы жұмыс таза аймақтан жұқпалы аймаққа қарай бағытта ұйымдастырылады. Бокстың ішкі беттері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген тотығуға қарсы дезинфекциялау құралдармен өңделеді. 14. Зертханалар шұғыл көмек көрсету жағдайына және авария жағдайына арналған дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етіледі.
3. ПТР мен ИФТ зерттеулерге үшін үй-жайлардағы режимге қойылатын талаптар
1. Жұмыс күнінің басында және соңында жұмыс бөлмелерінде үстелдерді, аспаптарды, жабдықтарды өңдеу өндірушінің нұсқаулығына сәйкес осы мақсаттар үшін қолдануға рұқсат етілген 70º этил спиртімен және дезинфекциялау құралдарымен жүргізіледі. 2. Жұмыс басталғанға дейін үй-жайлы ылғалды тәсілмен, «таза» аймақта жуу құралдарын, «жұқпалы» аймақта жуу құралдары мен дезинфектанттарды қолдану арқылы жинайды, бактерицидті сәулелегіштермен 30-60 минут бойы сәулелейді. 3. Жұмыс аяқталғаннан кейін үстелдерді, аспаптарды, жабдықты, еденді дезинфекциялық ерітіндіні қолдана отырып сүртеді. Жинау инвентары «таза» және «жұқпалы» аймақтар үшін жеке таңбаланады. 4. Жұмысты бастау алдында 15 минут бұрын үй-жайда және бокста бактерицидті сәулелегіштер және сыртқа тарату желдеткіш жүйесі қосылады. Боксты жүктеген кезде желдеткішті ажыратады. Бокстағы жұмыс кезінде ауаны сору болмаған жағдайда жұмыс жедел тоқтатылады. Бокстың ауасын бактериологиялық зерттеу және сүзгінің жұмысын бақылау аптасына бір рет жүргізіледі. 5. БҚБ-да жұмысты бастау алдында сыртқа тарату желдеткіші қосылады. Материалды жүктеу теріс қысымда жүргізіледі. БҚБ өтетін жолдардан және әртүрлі ауа ағындарынан алыс орында орнатылады. 6. Инфекциялық материалды жеткізу металл, герметикалық жабық ыдыста (биксте, бактарда, тоңазытқыш сөмкеде, контейнерлерде) жүзеге асырылады. Сұйық материалдары бар жеткізілетін сыйымдылықтар тасымалдау кезінде ішіндегінің төгілуін болдырмайтын тығындармен жабылады. Материалды ашқан кезде бикстерді, контейнерлерді және түтіктерді дезинфекциялық ерітіндімен сүртеді және металл табаққа қояды. 7. Инфекциялық материалды түтіктерде, тостағандарда, құтыларда себу кезінде материалдың атауы, талдау нөмірі, себу күні және тіркеу нөмірі көрсетіле отырып жазылады. 8. Материалды бөлмелер арасында тасымалдау кезінде болған авария кезінде персонал тасымалданатын сыйымдылықтарды сол жерге қалдырып, қауіпті аймақтан кетеді және болған оқиға туралы бөлімше басшысына хабарлайды. Аварияға жол берген адамдар санитариялық өңдеуден өтеді. Авария кезінде үй-жайды өңдеу обаға қарсы І типті костюмде жүргізіледі. 9. Барлық қалдықтар «В» сыныбы – төтенше эпидемиологиялық қауіпті медициналық қалдықтар ретінде жіктеледі.
4. ПТР мен ИФТ зерттеулерге үшін персоналдың жұмысына қойылатын талаптар
1. Қолды жуу диспенсордан сұйық сабын берілуімен жүзеге асырылады және бір рет қолданылатын қағаз сүлгімен кептіру арқылы жүргізіледі. 2. Жұмыс аяқталғаннан кейін персоналдың қолы дезинфекциялық ерітіндімен немесе 70° спиртпен өңделеді. 3. Жұқпалы материалмен жұмыс істейтін адамдарға жұмыс күнінің соңында дене температурасының термометриясы жүргізіледі. 4. Зертхананың үй-жайынан қызметкердің қорғаныш киімімен шығуына және қызметкер жұқпалы материалмен немесе жұқтыруы ықтимал материалмен жұмыс істеп жатқан кезде оны үй-жайдан шақыруға жол берілмейді. 5. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура жоғарылаған кезде зертхана қызметкері ұйымның басшысына хабарлайды және жедел жәрдем келгенге дейін дереу оқшауланады. 6. ИФТ диагностикасын жүзеге асыратын зертханалық мамандар CОVID-19-ға тестілеуден өтуі тиіс. Тестілеу кезеңділігі – аптасына бір рет. 7. Жұмыстың басында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1019 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12665 болып тіркелген) бекітілген Қызметкерлердi еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерi бойынша оқыту, оларға нұсқама беру және бiлiмдерiн тексеру қағидаларына сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізіледі. Примечание: требования настоящего приложения распространяются при введении ограничительных мероприятий, в том числе карантина на территории Республики Казахстан в соответствии с Правилами осуществления ограничительных мероприятий, в том числе карантина, на территории Республики Казахстан, утвержденными приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 20 марта 2015 года № 239 (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2018 года № 10826).
___________________________________________ |
ықтимал жұқтырылған COVID-19 материалын пайдаланумен байланысты диагностикалық жұмыстар тек патогендіктің II тобына рұқсаты бар зертханаларда ғана жүргізілуі тиіс деп есептейміз |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |