• Мое избранное
«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 94-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2020 жылғы 1 қыркүйектен ерте емес қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықпен бекітілген
Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар
1. Осы Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторын айқындау жөніндегі өлшемшарттар (бұдан әрі – Өлшемшарттар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 94-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді.
2. Көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторы (бұдан әрі – Оператор) мынадай Өлшемшарттарға сәйкес келуі тиіс:
1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншiк иесi мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
2) тарату және/немесе банкроттық сатысында болмауы;
3) электрондық сауда-саттық, электрондық аукциондар өткізу ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
4) ұйым процестерін автоматтандыруды және электрондық аукциондарды өткізуді, сондай-ақ осы Өлшемшарттарға қосымшада көрсетілген сауда жүйесіне қойылатын Талаптарға сәйкес келетін ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – сауда жүйесі) иелік ету;
5) техникалық жарақтандыру (соның ішінде жабдықтар, бағдарламалық қамтылым, байланыс арналары) және сауда жүйесін әзірлеу және сүйемелдеу бойынша біліктілігі бар техникалық білімімен штаттық мамандарының болуы;
6) бірегей желілік мекенжайы және (немесе) Интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде екінші деңгейлі домендiк аты бар, сауда жүйесі туралы ақпаратты қамтитын, қазақ және орыс тілдеріндегі жеке интернет ресурсының болуы.
Көмірсутектер бойынша жер
қойнауын пайдалану құқығын
беруге арналған электрондық
аукциондар операторын айқындау
жөніндегі өлшемшарттарға қосымша
Сауда жүйесіне қойылатын талаптар
Сауда жүйесі мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) веб-порталдық шешімі бар;
2) бастапқы шығыс коды бар деректер базасын басқарудың еркін жүйесін пайдаланады;  
3) бастапқы шығыс коды бар еркін операциялық жүйені пайдаланады;
4) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға қабылдау туралы актісі бар;
5) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуіне сынаулардың оң нәтижесінің актісі бар;
6) ақпараттандыру туралы заңнамаға сәйкес техникалық құжаттаманың сараптамасы бар;
7) мемлекеттік жүйелермен және деректер базасымен интеграциялары бар, атап айтқанда:  
рұқсаттар және хабарламалар саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – құзыретті орган талап ететін лицензиялары және/немесе рұқсат құжаттары бар заңды тұлғаларға қатысты;
заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және тізілімде тіркелген филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – заңды тұлға туралы тіркеу деректеріне (филиалы, өкілдігі), заңды тұлғаның үлестес тұлғалары туралы заңды тұлғаны әрекетсіз заңды тұлға деп тану немесе оның қатысушыларының әрекетсіз заңды тұлғаларға қатысы бар екендігін тану туралы деректеріне қатысты;
салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – аукционға қатысушылардың салықтық берешегі деректеріне қатысты;
сәйкестендіру нөмірлерін қалыптастыру және сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдемесін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органмен – жеке тұлғаларға қатысты;
Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығымен – сауда жүйесінде операцияларды жасау кезінде сауда жүйесін пайдаланушылардың электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануына қатысты;  
8) техникалық үзілістерді қоспағанда тәулігіне 24 сағат/ аптасына 7 күн жұмыс істейді;  
9) сауда жүйесі ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және қорғау процесінің автоматтандырылуын қамтамасыз етеді;  
10) деректер базасы ақпаратының толық немесе ішінара жоғалуын және тұтастығын болдырмау үшін сауда жүйесінің бағдарламалық құралы пайдаланушының қателері, техникалық жаңылысу кезінде туындайтын қателер және келесі іс-қимылдар сипатталған пайдаланушыға берілген хабарлама деректерінің қателері өңделетіндей етіп жасалады;  
11) сауда жүйесінің бағдарламалық құралында бағдарламалар жұмысын бақылау модулі бар, ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
пайдаланушыны сәйкестендіру (тану), аутентификациялау (түпнұсқалығын растау) және авторизациялау (өкілеттілікті беру) ;
сауда жүйесінің ресурстарына қолжетімділікті бақылау;
сауда жүйесінде болып жатқан оқиғаларды тіркеу және талдау;
сауда жүйесі ресурстарының тұтастығын бақылау;
12) сауда жүйесі аукционның әрбір қатысушысының тең құқықтарының сақталуын және сауда жүйесіне қолжеткізуін қамтамасыз етеді. Аукционға қатысушылар саны сауда жүйесінің өнімділігімен немесе аппараттық-бағдарламалық сипаттамаларымен шектелмейді;
13) сауда-саттық жүйесінің бағдарламалық құралы аукцион нәтижелері бойынша қалыптастырылған шығыс деректеріне өзгерістер енгізуге мүмкіндік бермейді;
14) сауда жүйесі сауда сессиялары бойынша оқиғаларды есепке алу журналында (бұдан әрі – оқиғалар журналы) орындалатын операцияның бірегей автоматты түрде берілетін нөмірін жүргізуді қамтамасыз етеді;
15) сауда жүйесі оқиғалар журналында мынадай оқиғаларды және деректерді тіркеуді қамтамасыз етеді:
аукционды ашу;
аукционды жабу;
аукционға қатысушыны сәйкестендіру;
аукционға қатысушының жүйеге кіру уақыты;
аукционға қатысушының жүйеден шығу уақыты;
аукционға қатысушының өтінім беру уақыты;
аукционға қатысушының өтінімді алу уақыты;
аукционға қатысушының өтінімді өзгерту уақыты;
аукционға қатысушының мәмілені жасау уақыты;
жер қойнауы учаскесінің атауы;
жазылу бонусының мөлшері.
Тіркеу уақытының форматы – жыл, ай, күн, сағат, минут, секунд (кемінде 0,1 секундқа дейінгі дәлдікпен);
16) сауда жүйесі өткізілген аукциондар бойынша есеп деректерінің оқиғалар журналының мазмұнына қатаң сәйкестігін қамтамасыз етеді;
17) сауда жүйесінің техникалық орталықтары сауда жүйесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ететін резервтік байланыс арналарымен және резервтік электрмен қоректендірумен жабдықталады;
18) сауда жүйесі деректерді санкцияланбаған қолжеткізуден қорғауды қамтитын деректерді көпдеңгейлі қорғауды қамтамасыз етеді – жүйеге кірген кезде пайдаланушыны сәйкестендіру және аутентификаттау рәсімдерін пайдалану, оның ішінде электрондық-цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпаратты шифрлау рәсімдерінің болуы, олардың өкілеттіктеріне сәйкес пайдаланушылардың бірнеше түрлерінің болуын көздейтін деректерге көпдеңгейлі қолжеткізу;
19) сауда жүйесі ақпаратты қорғаудың аппараттық және бағдарламалық құралдарын қолдануды қамтамасыз етеді;
20) сауда жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптармен анықталған өзге де талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.