«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
1. «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелді, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 12 қарашада жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
21тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Жоғары оқу орындары МЖБС талаптарына сәйкес жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді, олардың негізінде оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленеді: студенттердің жеке оқу жоспарлары электронды және қағаз түрінде, пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) - ЖОО-ның ақпараттық жүйесіне жүктеліп, электрондық нысанда қалыптастырылады.
ӘАОО-ны қоспағанда, жоғары білімнің білім беру бағдарламалары модульдік оқыту қағидаты бойынша әзірленеді.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. ЖОО оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары әзірленетін оқу нәтижелерін көрсететін МЖБС талаптарына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын дербес әзірлейді: білім алушының жеке оқу жоспарлары электрондық және қағаз түрінде, пәндер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары (силлабустар) - ЖОО-ның ақпараттық жүйесіне тиеу арқылы электрондық форматта қалыптастырылады.
ЖОО білім беру технологияларын қолдану және қажетті білім беру қызметтерін ұсыну арқылы МВА (ЕМВА) білім беру бағдарламасын іске асыру жағдайын қамтамасыз етеді.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары модульді оқыту принципі бойынша әзірленеді (ӘАОО-да басқа принциптер бойынша да әзірленеді).
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жауапты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы бұйрығының жобасына салыстырмалы кесте