• Мое избранное
Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтерді көрсету қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 мамырда № 20723 болып тіркелді

Редакция 21.04.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.04.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.04.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Су объектілерінің жай-күйіне әсер ететін объектілерді салу, реконструкциялау (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, қайта бейіндеу), пайдалану, консервациялау, жою (кейіннен кәдеге жарату) қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Отын-энергетикалық және минералды шикізат аудандары мен кен орындары бойынша жер қойнауы туралы ақпараттың экспортына лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «Кедендік одақ шеңберінде геологиялық сынамаларды уақытша әкетуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тізім бойынша кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Исполняющий обязанности Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан А. Примкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
 Экология, геология және табиғи
 ресурстар министрінің м.а.
 2020 жылғы 22 мамырдағы
 № 117 Бұйрыққа 1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 29.06.2021 жылғы № 220 Бұйрығымен (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 18.04.2024 жылғы № 142 Бұйрығына сәйкес (29.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және «Су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетiнiң өңiраралық департаменттерi (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасының (бұдан әрі – ЖҚПБП) ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы электрондық түрде су объектілерінің сарқылуына жол бермеуге бағытталған су қорғау іс-шараларын келісу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.02.2025 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (18.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету нысанын және нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – Талаптардың тізбесі) жазылған.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ЖҚПБП ақпараттық жүйесінің автоматтандыру объектілері арқылы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» өтінішті тіркеудің бірыңғай есептік нөмірін, күнін және уақытын көрсете отырып және мемлекеттік көрсетілетін қызметтіалу күнін көрсете отырып, мәртебе көрсетіледі.
5. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.02.2025 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (18.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
ЖҚПБП-да мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сақталады.
6. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама әкімшілік акт қабылданғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.
Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
7. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ЖҚПБП-дан мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде беріледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.02.2025 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (18.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 14.02.2025 жылғы № 51 Бұйрығына сәйкес (18.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.04.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) атына мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағымданады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
11. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге Қазақстан Республикасы ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.