Toggle Dropdown
1
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы
Toggle Dropdown
1. Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 29 тамызда № 7837 тіркелді, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылғы 22 желтоқсан № 842-846 (27917) жарияланған) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің тізбесінде:
Toggle Dropdown
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау;»; мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
Toggle Dropdown
«8. Кәсіпорындар (ұйымдар) базасында дуальді оқыту кезінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуге байланысты техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы _____ __________ № ____ бұйрық жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым
вице-министрі Ш. Каринова