Toggle Dropdown
«Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы
«Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
1. «Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2017 жылғы 9 тамыздағы № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 15665 болып тіркелді, 2017 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталаған бұйрықпен бекітілген Балық шаруашылығы су айдындарында балық өсіру қағидаларының:
8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Су айдындарын және (немесе) учаскелерiн кәсіпкерлік қызмет мақсатында балықтардың өсімін жасанды молайту және өсіруге балық өсіруді жүргізу үшін осы Қағиданың қосымшасын сәйкес нысан бойынша балық өсіруді жүргізуге арналған шарт негіз болып табылады.»;
Қағиданың қосымшасы осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресуртар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстарының вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы «___» _________
№ ____ бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 9 тамыздағы
№ 324 бұйрығына қосымша
Балық өсіруді жүргізуге арналған шарт
______________
(елді мекен)
20__ жылғы «__» ___________
_______________________ облысы (ауданы) әкімдігінің балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы 20_ жылғы «____»_____________№____шешімі (қаулысы) негізінде___________________ _____________________________________________________________________________________________ (көл-тауарлы, тор қоршамада балық өсiру шаруашылығын және басқасын (көрсету қажет) жүргізу) мақсатында Ереже негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» деп аталатын, _______________________________________________ бір тараптан және (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі) ____________________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Пайдаланушы» деп аталатын ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, мекенжайы) атынан ______________________________________________________________ (пайдаланушы өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) _________________________________________________________________ екінші тараптан төмендегілер туралы осы шартты жасасты.
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. «Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» шартқа қоса беріліп отырған паспортта алаңы, мөлшері және басқа параметрлері көрсетілген, ___________________________________облысы__________________ ауданында орналасқан «Пайдаланушыға»_______________________ __________________________________________________________ (көл-тауарлы, тор қоршамада балық өсiру шаруашылығын және басқасын (көрсету қажет) жүргізу) мақсатында бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын (дар) ында және (немесе) учаскелерінде балық шаруашылығын жүргізу құқығын береді.
2. Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі және/немесе олардың нөмірлері __________________________________
2-тарау. Тараптардың құқықтары
3. «Пайдаланушының» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) қолданыстағы заңнамада тыйым салынғандарды қоспағанда балықтардың және басқа да су жануарларының барлық түрлерін өсіруді жүзеге асыруға;
2) азаматтардың демалысын, туризмін және спорттық қызметін, оның ішінде өздеріне бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде әуесқойлық және спорттық балық аулауды қамтамасыз ету мақсатында тауарлық балық өсіруді коммерциялық мақсаттарда жүзеге асыруға;
3) табиғи су қоймаларына балық жіберу мақсатында және тауарлық өсіру үшін отырғызу материалы ретінде кәсіпшілік, сондай-ақ сирек кездесетін және жойылып бара жатқан балық түрлерінің шабақтарын өсіруді жүзеге асыруға;
4) өсірілген жануарлар дүниесі объектілеріне, оның ішінде олардан алынған өнімге, сондай-ақ оларды тасымалдау мен өткізуге меншік;
5) жеке және заңды тұлғалармен өсірілетін балық түрлерінің аналық басын және олардың шабақтарын сатып алуға шарттар жасасу;
6) аталық және жөндеу-аналық табын ұстау;
7) жанар-жағар май материалдарының суға түсуіне жол бермеу мақсатында, сондай-ақ балықтарда стресстік жағдай туғызуды немесе бөтен адамдардың кіруін болдырмау үшін, бұл ретте форватер желісі бойынша қозғалып келе жатқан мемлекеттік жүзу құралдары мен кеме қатынасына кедергі келтірмейтін (бау-бақша балық өсіру шаруашылықтары үшін) және басқа да бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу мақсатында туристік, жеке, әуесқойлық және кез келген басқа да бөгде жүзу құралдарының енуіне кедергі;
8) жыртқыштар садканы жарған немесе шашыраған кезде балықтың ықтимал жоғалуын болдырмау үшін, уақтылы ден қою және садкаларды жөндеу қажет болған жағдайда сақтандыру (жарылған жерлерді жою) үшін әр түрлі ұяшықтары бар аулау желілерін орнатуға (тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтары үшін);
9) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын мерзімінен бұрын орындауға және инспекцияға есеп беруге міндетті.
10) форс-мажорлық мән-жайлар болған жағдайда конкурстық комиссияға бір облыстың және жергілікті маңызы бар аумағында орналасқан халықаралық және Республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру бойынша тиісті облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органдары құратын, аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізу Қағидаларына және конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес ұсыныстар енгізеді (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 18-04/245 бұйрығымен бекітілген);
4. «Жергілікті атқарушы орган (әкімдік)» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде:
- осы шарттың талаптарын жүйелі түрде бұзу;
- жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ҚР заңнамасы талаптарының жүйелі түрде бұзу;
- балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының міндеттемелерін орындамаған немесе толықтай орындамаған жағдайда осы шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
5. «Пайдаланушы» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға;
2) жыл бойынша балық өсіру көлемін көрсете отырып, бекітіліп берілген кезеңге балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын жасау және оны уақытылы орындауға *;
3) тек рұқсат етілген балық түрлерін және басқа да су жануарларын өсіруді жүзеге асыруға;
4) балық және басқа да су жануарларын өсімін молайту және тауарлы өсіру жөніндегі технологияларды халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіз, қоршаған орта мен жануарлар дүниесіне теріс әсер етуге жол бермейтін тәсілдермен пайдалануға;
5) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – Инспекция) «әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 29 қарашадағы № 363-Ө бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9203 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша және тәртіппен мәліметтер ұсынуға;);
6) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнама талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсатында тексерулерді жүзеге асыруға кедергі келтірмеуге;;
7) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес экологиялық рұқсат алуға;;
8) өзіне бекітілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде, сондай-ақ жағалау белдеулерінде өсіру орындарын, тор қоршамаларды тиісті санитарлық және экологиялық жағдайда ұстауды қамтамасыз етуге міндетті.
6. «Жергілікті атқарушы орган (әкімдік)» Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде комиссияның балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарын қайта қарау жөніндегі «Пайдаланушының» ұсынысын қарауды қамтамасыз етуге міндетті.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
7. «Пайдаланушы» осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін біреуге толық немесе ішінара бермеуі тиіс.
8. «Пайдаланушының» құқықтары бұзылған жағдайда, «жергілікті атқарушы орган (әкімдік)» немесе Инспекция Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
9. Тараптардың ешқайсысы, егер мұндай орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күш мән-жайларынан туындаған болса, Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
10. Осы Шартты орындауға кедергі келтіретін, Тараптардың бақылауына бағынбайтын, олардың есептеуіне немесе ұқыпсыздығына байланысты емес және күтпеген сипаты бар оқиға еңсерілмейтін күш мән-жайы деп танылады.
11. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған жағдайда "пайдаланушы" бұл туралы "Жергілікті атқарушы органды (әкімдікті)" және инспекцияны еңсерілмес күш жағдайларының басталу күні мен сипаттамасын нақтылайтын пошта не факсимильдік байланыс арқылы жазбаша хабарлама тапсыру және (немесе) жіберу жолымен дереу хабардар етеді.
12. Еңсерілмес күш жағдайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдан шығу шешімін іздеу үшін инспекция өкілдерінің қатысуымен дереу кеңес өткізеді және еңсерілмес күш жағдайларының салдарын барынша азайту үшін заңнамаға қайшы келмейтін барлық құралдарды пайдаланады.
13. Осы Тарауда көрсетілген еңсерілмес күш жағдайлары, егер оларды құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдар растаған болса, заңды деп танылады.
6-тарау. Қорытынды ережелер
14. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді және 49 жыл мерзімге жасалды.
15. Балық өсіру шаруашылығын жүргізу шартының қолданылуы:
1) балық шаруашылығын жүргізуден ерікті түрде бас тарту;
2) шарттың қолданылу мерзімі өткен;
3) «пайдаланушының» қызметі тоқтатылған;
4) балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының міндеттемелерін орындамаған немесе толықтай орындалмауы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге де негіздер туындаған жағдайларда тоқтатылады.
16. Балық өсіру шаруашылығын жүргізу жөніндегі дауларды шешу кезінде Тараптар осы Шарттың талаптарын және Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.
17. «Пайдаланушыға» бекітілген балық өсіру шаруашылығын жүргізу шартының қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы су айдынының және/немесе учаскесінің паспорты Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
18. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулардың заңды күші бар және егер олар жазбаша нысанда жасалған және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойған болса, оның ажырамас бөлігі болып табылады.
19. Тараптар осы Шарттан туындайтын дауларды келіссөздер жолымен шешуге ұмтылады,ал тараптар келісімге қол жеткізбеген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
20. Осы Шарт бірдей заңды күші бар мемлекеттік және орыс тілдерінде __ данада жасалды.
7-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
|
«Жергілікті атқарушы орган (Әкімдік)» _____________________________________ (атауы) _____________________________________ (почталық мекенжайы) _____________________________________ (банктік деректемелері) _____________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)) ____________________________________
(қолы, мөрі (бар болса)
|
«Пайдаланушы» ________________________________ (атауы) _______________________________
(почталық мекенжайы)
_________________________________
(банктік деректемелері)
_________________________________ (лауазымы, аты, әкесінің аты (лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))
__________________________________ ((қолы, мөрі (бар болса))
|
Ескерту: * - форс-мажорлық мән-жайлар болған жағдайда тауарлы балық өсірудің жыл сайынғы көлемдеріне түзету бөлігіндегі балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарларына өзгерістер енгізулуі мүмкін.
Балық өсіруді жүргiзуге
арналған шартқа қосымша
Балық шаруашылығы су айдынының және (немесе) учаскесінің паспорты
_________________________________________________________________
(су айдынының және (немесе) учаскенің атауы)
1-тарау. Географиялық орналасуы
Әкімшілік облысы ______________________________________
Әкімшілік ауданы ___________________________________________
Су айдынының орналасқан жері ________________________________________
_______________________________________________________________ (жақын маңдағы елді мекеннің атауы, су айдынының)
_________________________________________________________________________________________
Учаскенің шекаралары_________________________________________________
(шекараның сипаттамасы, координаталары)
2-тарау. Физикалық сипаттамасы
Ұзындығы, шақырым ___________________________________________
Ені, шақырым ___________________________________________________
Алаңы, гектар ________________________________________________
Ең жоғарғы тереңдігі, метр _______________________________________
Орташа тереңдігі, метр___________________________________________
3-тарау. Биологиялық сипаттамасы
Су айдынын: суүсті өсімдігінің басу дәрежесі____________________________
суасты өсімдігінің басу дәрежесі______________________________________
Фитопланктонның даму дәрежесі (судың гүлденуі)_____________________
Су айдыны фаунасының түрлік құрамы:
ихтиофауна ______________________________________________________
сүтқоректілер ___________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары ___________________________________
Су айдыны кәсіпшілік фаунасының түрлік құрамы
ихтиофауна _________________________________________________
сүтқоректілер _____________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары__________________________________________
Су айдынының балық өнімділігі, гектарына килогамм
ихтиофауна ______________________________________________________
сүтқоректілер ______________________________________________________
омыртқасыз су жануарлары__________________________________________
4-тарау. Шаруашылық сипаттамасы
_______________________________________________________________
(өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағын суларымен, өндірістің басқа да қалдықтарымен)
Сутартқыштар ____________________________________________________
(сутартқыш құрылыстардың типтері, қуаттылығы, ведомстволық тиістілігі)
Тартымдардың, қалқымалардың, қосындардың, су айдынының (учаскесінің) балық ресурстарын пайдаланудың басқа да тұрақты орындарының саны
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________________________
Осы паспорт екі данада жасалды және балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарттың ажырамас бөлігі болып табылады. Осы паспортты рәсімдеген жергілікті атқарушы органның атауы
________________________________________________________________
Мөрдің (бар болса) орны Басшы ____________________
(Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)