• Мое избранное
Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20775 болып тіркелді

Осы Бұйрыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 бұйрығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығына сәйке кіріспе келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бекітілсін:
1) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес танылсын
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі    
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі 
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62
бұйрыққа 1-қосымша
«Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығына сәйке 2-тармақ келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
2. Жеке практикамен айналысатын нотариустан немесе мемлекеттік нотариустан тағылымдамадан сәтті өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен әділет департаменттері жанында құрылатын Нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) www.egov.kz, www.elіcense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тұрғылықты жері бойынша жолдайды.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 28.05.2021 жылғы № 445 Бұйрығына сәйкес (28.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. «Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғаларға аттестаттау жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді беруші) көрсетеді.
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығына сәйке 4-тармақ келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
4. Процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.
6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және Комиссияның қарауына береді.
2026 жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығына сәйке 7-тармақ келесі редакциясында әрекет етеді: Болашақ басылымның мәтінін көрсету 
7. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын Комиссия 11 (он бір) жұмыс күні ішінде қарайды. Қарау қорытындысы бойынша Комиссия Стандарттың 9-тармағында көзделген негіздер бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 жылғы № 827 Бұйрығына сәйкес (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлға өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін тілді (қазақ немесе орыс) айқындайды.
Егер, көрсетілетін қызметті алушы «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.
Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
8. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
9. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ұялы телефонға смс-хабарлама беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарлайды.
Аттестаттау қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі.
Аттестаттаудан өткізу мерзімін өтініш пен аттестаттаудан өту күні негізінде ұсынылған құжаттарды есепке ала отырып, «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде анықтайды.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.
10. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.
Комиссия жеті мүшеден – нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда екі нотариустан, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы- ғалым және мәслихаттың екі депутатынан тұрады.
Комиссияның құрамына енгізу үшін нотариустардың кандидатураларын аумақтық әділет органына нотариаттық палата ұсынады.
Құқықтанушы-ғалым кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.
Мәслихат депутаттарының кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.
Комиссия мүшелерінің бірі шыққан жағдайда, жаңа мүше оның құрамына шыққан күнінен бастап бір айдан кешіктірмей енгізіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.