• Мое избранное
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17019 болып тіркелген, 2018 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторинг жүргізу қағидаларында:
2-тармақта:
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және технологиялық іс-шаралар;»;
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі;
12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері»;
17) тармақшасы алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. АКИАМО-ға жатқызылған ЭҮ АО АҚҚМ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамымен арасындағы АҚҰҮО міндеттері мен функцияларын іске асыратын шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады.».
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі А. Жұмағалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұйрығы жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ

Р/с №

Құрылымдық элемент

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Негіздеме

1

2

3

4

5

«Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 28 наурыздағы № 52/НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығы

 

  1.  

8-1-тармарқша 2-тармақ

жоқ

8-1) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және технологиялық іс-шаралар

 

ҚР «Ақпараттандыру туралы» Заңы 1-баптың 30) тармақшасына сәйкес

 

2.

11-тармарқша 2-тармақ

11) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі

11) Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы (бұдан әрі – АҚҰҮО) – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі

ҚР «Байланыс туралы» Заңы 2-баптың 40-1) тармақшасына сәйкес

 

3.

12-тармарқша 2-тармақ

12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері;

12)ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілері (бұдан әрі – АКИАМО) – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайға немесе Қазақстан Республикасының қорғанысы, қауіпсіздігі, халықаралық қатынастары, экономикасы, жекелеген шаруашылық салалары, инфрақұрылымы үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі үшін айтарлықтай теріс салдарларға әкеп соғатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның, оның ішінде: жылумен жабдық, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылыстар, құқық қорғау қызметі, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілері;

Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» Заңы 1- баптың 24) тармақшасына сәйкес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.

15-тармақша 2-тармақ

 

15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ЭҮ АО) – мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі, мемлекеттік органның интернет-ресурстары, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде сервистік бағдарламалық өнім, бағдарламалық қамтамасыз ету және өзге тұлғалардың ақпараттық жүйелері;

 

15) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілері (бұдан әрі – ЭҮ АО) – мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру және мемлекеттік қызметтерді көрсету, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар, мемлекеттік органдардың бағдарламалық қамтамасыз етуі, мемлекеттік органның интернет-ресурстары, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері, оның ішінде өзге тұлғалардың ақпараттандыру объектілері;

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы «Ақпараттандыру туралы» Заңы 1-баптың 64) тармақшасына сәйкес

 

5.

17-тармақша 2-тармақ

17) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингі жүйесі) – ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингін және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауіпсіз пайдалану мониторингін жүргізуге бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар;

 

алып тасталсын

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық технологияларды реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен «Ақпараттандыру туралы» Заңының 1-бабының 65) тармақшасын қоспағанда, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мониторингінің жүйесі

 

 

 

 

 

6.

6-тармақ

6. АКИАМО-ға жатқызылған ЭҮ АО АҚҚМ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны арасындағы АҚҰҮО міндеттері мен функцияларын іске асыратын шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады

 

6. АКИАМО-ға жатқызылған ЭҮ АО АҚҚМ Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамымен арасындағы АҚҰҮО міндеттері мен функцияларын іске асыратын шарттық қатынастар негізінде жүзеге асырылады

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы «Байланыс туралы» Заңы 2- баптың 40-1) тармақшасына сәйкес