• Мое избранное
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20783 болып тіркелді

Редакция 28.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткенен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі А. Раимкулова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсіп
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының Ұлттық
экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және
спорт министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
  • 1
«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің м.а. 06.08.2021 жылғы № 259 Бұйрығына сәйкес (29.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін, көрсетілетін қызметті алушылар www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың Тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде баяндалған.
Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Бірыңғай байланыс орталығына, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілеріне көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы және осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты тиісті нормативтік құқықтық актінің әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді.
4. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушының өтініш нысандары, туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер нысаны осы Қағидалардың 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларына сәйкес порталға ұсынылады.
5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері) орындауға береді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда еңбек заңнамасына сәйкес, өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері ұсынылған құжаттар тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
6. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынады. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 79 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10484 болып тіркелген) бекітілген туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына (бұдан әрі – біліктілік талаптары) мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестігін қарастырады. Біліктілік талаптарына сәйкестігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны әзірлейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбеде 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және өтініш берушінің жеке кабинетіне жібереді.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей.
7. Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларында лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 6 (алты) жұмыс күні ішінде құжаттардың талаптарға сәйкестігін қарастырады, талаптарға сәйкестігі расталған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілген мерзімде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді, талаптарға сәйкес болмаған жағдайда және Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің басшысының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында әзірлейді және көрсетілетін қызметті алушыға порталдың жеке кабинетіне жібереді.
7-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылу жағдайларынан басқа, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері талаптарға сәйкестігін растауды тексермейді және 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдейді.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей. 
8. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай:
1) жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
2) жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға-лицензиат бірігу, қайта құру, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғамен қосылу, бөліп шығару және бөлу нысандарында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда) жағдайларда жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді Заңның 5-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметті рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген кезде, оны көрсетудің сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне түседі.
10. Берілген рұқсаттарды тіркеу және есепке алу автоматты режимде рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде жүргізіледі.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адамға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабы 5-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Барлық кіші түрлер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процестері бірдей. 
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
«Туристік операторлық
қызметті (туроператорлық қызмет)
жүзеге асыруға лицензия беру»
қағидаларына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 05.12.2022 жылғы № 351 Бұйрығына сәйкес (06.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрлерінің атауы

Шығу туризмі саласындағы

Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

Барлық кіші түрлер үшін:

www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Шығу туризмі саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияны бөлу, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғадан бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.

Келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы – порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей;

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

лицензияны бөлу, заңды тұлға-лицензиатты басқа заңды тұлғадан бөліну нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу – 6 (алты) жұмыс күнінен кешіктірмей.

4.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

Барлық кіші түрлер үшін:

электрондық (толық автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

Кіші түрлері бойынша:

Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, шығу туризмі саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Туристік операторлық қызметке (туроператорлық қызметке) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу, немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ақылы негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 554-бабына сәйкес төленеді:

1) туристік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;

2) лицензияны қайта рәсімдеу кезінде лицензиялық алым лицензияны беру кезіндегі мөлшерлеменің 10%-ын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен астам емес;

Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес ақша нысанында не екінші деңгейлі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, сондай-ақ портал арқылы төлеу «электрондық үкімет» төлеу шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;

порталдың жұмыс кестесі: жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінде, жұмыс уақыты аяқталған кезде көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде өтінішті қабылдау және нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүргізіледі).

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік көрсетілген қызмет Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші немесе осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға өтініші, электронды құжат түрінде;

2) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзін (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеуді қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

3) осы Қағиданың 4-қосымшасына сәйкес туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін:

1) ЭЦҚ куәландырылған мемлекеттік көрсетілген қызмет осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында заңды тұлғалардың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтініші немесе осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысанында жеке тұлғаның лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеуге өтініші, электронды құжат түрінде;

2) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

3) ақпаратты мемлекетік ақпараттық жүйесінде қамтылған құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін негіз болған өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын құжаттардың электрондық көшірмелері;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте рәсімделген, бөлінген заңды тұлғаға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу заңды тұлғаның келісімі туралы шешімінің электрондық көшірмесі (қайта ұйымдастыру нәтижесінде бөлінген нысанда);

5) мемлекеттік көрсетілген қызмет Осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес туроператорлық қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарына және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігі туралы белгіленген біліктілік талаптары қойылады, мәліметтер нысаны электрондық құжат түрінде.

Заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде туындаған біреуіне лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта рәсімдеу үшін көрсетілетін қызметті алушы біліктілік талаптарға сәйкес қосымша құжаттардың және мәліметтердің электрондық көшірмелерін ұсынады.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу туралы) туралы, лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері

1) Қазақстан Республикасының заңдарында қызметті алушының осы санаты үшін туроператорлық қызметпен айналысуға тыйым салынуы;

2) лицензиялық алымның енгізілмеуі;

3) мемлекеттік көрсетілген қызмет алушының туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарына сай келмеуі;

4) мемлекеттік көрсетілген қызмет алушыға қатысты туроператорлық қызметті тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот үкімінің болуы;

5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде соттың қарызгер – көрсетілетін қызметті алушыға лицензия беруге уақытша тыйым салуы;

6) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

7) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарға сай келмеуі (бөлу немесе бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);

8) егер бұрын лицензия лицензиат заңды тұлғалардың бөлінуі нәтижесінде басқа заңды тұлғаға рәсімделсе (бөлу немесе бөліну нысанында заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы негізінде);

9) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10.

Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қолжетімділік режимінде алу мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 74 17 34, мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
сыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
2-қосымша
Нысан
 _______________________________
 (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
 _______________________________
 (атауы, тұрғылықты орны, заңды
тұлғаның бизнес сәйкестендіру нөмірі)
 _______________________________
 (филиалдың немесе шетел
заңды тұлғасының
 _______________________________
өкілдігінің бизнес сәйкестендіру
нөмірі – егер бизнес сәйкестендіру
нөмірі болмаған жағдайда)
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған заңды тұлғаның өтiнiші
 ___________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы)
жүзеге асыру үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
 Заңды тұлғаның мекенжайы __________________________________________
 (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
 Электрондық пошта__________________________________________________
 Телефон____________________________________________________________
 Факс _______________________________________________________________
 Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
 Қызметті жүзеге асыру мекенжайы _____________________________________
 ____________________________________________________________________
 (пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
 Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
 Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
3-қосымша
Нысан
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
 ____________________________
 (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болған жағдайда),
 ____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
 Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған жеке тұлғаның өтiнiші
 _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру
үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруіңізді сұраймын.
 Жеке тұлғаның мекенжайы _____________________________________________
 (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
 Электрондық пошта ___________________________________________________
 Телефон _____________________________________________________________
 Факс ________________________________________________________________
 Банк шоты ___________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
 Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________
 ____________________________________________________________________
 (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
 Қоса беріледі ___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
 Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға
лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет қағидаларына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Мәдениет және спорт министрінің 12.04.2023 жылғы № 93 Бұйрығына сәйкес (05.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Нысан
Туристік операторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесіне сәйкестік туралы мәліметтер
1. Қалыптастырылған туристік өнім:
1) қалыптастырылған туристік өнімге кіретін жекелеген туристік қызметтерді көрсетуге арналған үшінші тұлғалармен жасалған шарттардың нөмірлері ___________________________________________________________;
2) шарттар жасалған күні________________________________________.
2. Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар кемінде бір қызметкердің болуы:
1) мамандығы мен біліктілігі______________________________________;
2) лицензияланатын қызмет түрінің бейімі бойынша жоғары немесе орта кәсіптік білімі туралы дипломның нөмірі______________________________________________________________;
3) дипломның берілген күні______________________________________;
4) оқу орнының атауы___________________________________________;
5) туристік білімі бар қызметкердің еңбек өтілі_______________________.
3. Меншік құқығындағы немесе өзге заңды негіздердегі кеңсеге арналған үй-жай _________________________________________________________________________;
(кеңсеге арналған үй-жайға құқық белгілейтін құжаттың атауы, нөмірі және күні).
 4. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-3-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкпен жасалған банк кепілдігін енгізу шарты________________________________________________. (шығу туризмі саласының туроператорлары үшін)
«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
5-қосымша
Нысан
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
 ____________________________
 (атауы, тұрғылықты орны, заңды
тұлғаның бизнес сәйкестендіру
нөмірі (оның ішінде шетелдік
заңды тұлға)
 ____________________________
филиалдың немесе шетел заңды
тұлғасының өкілдігінің
 ____________________________
бизнес сәйкестендіру нөмірі –
егер бизнес сәйкестендіру нөмірі
болмаған жағдайда)
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін заңды тұлғаның өтініші
 _____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ «___» лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 34-тармағымен белгіленген тәртіпке сәйкес лицензиатты – заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру (қажетті ұяшықта Х белгісін қойыңыз):
 бірігу ____
 қайта құру ____
 қосылу ____
 бөліну ____
 бөлу ____;
 2) лицензиат – заңды тұлға атауының өзгеруі __________________________;
 3) лицензиат – заңды тұлғаның тұрған жерінің өзгеруі __________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптың болуы
 _________________________________________________________________;
 5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі __________________.
 Заңды тұлғаның мекенжайы _________________________________________
 (пошта индексі, ел (шетелдік заңды тұлға үшін) облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі)
 Электрондық пошта _________________________________________________
 Телефон ___________________________________________________________
 Факс ______________________________________________________________
 Банк шоты _________________________________________________________ (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
 Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ____________________________________ ___________________________________________________________________ (пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
 Қоса беріледі _______________ парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
 Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
«Туристік операторлық қызметті
(туроператорлық қызмет) жүзеге
асыруға лицензия беру» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
6-қосымша
Нысан
 ____________________________
 (көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
 ____________________________
 (жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 ____________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтініші
 ____________________________________________________________________ (қызмет түрінің және (немесе) кіші түр(лері)інің толық атауы) жүзеге асыру үшін берілген 20___ жылғы №___ «___» лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны ____________________________________________________________________ (лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның (лардың) нөмірі (лері), берілген күні, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (ларды) берген лицензиардың атауы)
келесідей негіздемелерге байланысты (тиісті торда Х белгісін көрсетіңіз) қайта рәсімдеуіңізді сұраймын:
1) дара тұлға-көрсетілетін алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгеруі
 ____________________________________________________________________;
2) дара кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның атауының өзгеруі
 ____________________________________________________________________;
3) жеке кәсіпкер-көрсетілетін алушының қайта тіркелуі, оның заңды мекен-жайының өзгеруі
 ____________________________________________________________________;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында қайта рәсімдеу туралы талаптардың болуы
 ____________________________________________________________________;
 5) қызмет түрінің немесе кіші түрінің атауының өзгеруі _____________________.
 Жеке тұлғаның тұратын жерінің мекенжайы ______________________________
 ____________________________________________________________________
 (пошта индексі, облыс, қала, аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың нөмірі)
 Электрондық пошта ___________________________________________________
 Телефон _____________________________________________________________
 Факс ________________________________________________________________
 Банк шоты ___________________________________________________________
 (шот нөмірі, банк атауы және орналасқан жері)
 Қызметті жүзеге асыру мекенжайы ______________________________________
 ____________________________________________________________________
 (пошта индексі, облыс, қала,аудан, елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық үй-жай) нөмірі
 Қоса беріледі___________парақ.
Осымен:
барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатыны және оларға кез келген лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру немесе бас тарту мәселелері бойынша ақпаратты жіберуге болатыны;
көрсетілетін қызметті алушыға сотпен лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) кіші түрімен сотпен айналысуға тыйым салынбағаны;
қоса берілген барлық құжаттар шындыққа жанасатындығы және қолданыста болып табылатындығы;
лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, қол жетімділігі шектелген дербес деректерді пайдалануға келісім беретіндігі расталады;
 Өтініш ЭЦҚ-мен расталған: _______________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
  • 1
Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спортминистрі
2020 жылғы 29 мамыры № 156
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11578 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 шілдеде жарияланған).
2. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1112 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12865 болып тіркелген «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
3. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 78 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13292 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 5 шілдедегі № 204 бұйрығы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16031 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда жарияланған).
5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 13 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16628 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 28 наурызда жарияланған).
6. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 14 қаңтардағы № 6 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18204 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 28 қаңтарда жарияланған).
7. «Туризм саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 105 «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 495 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18599 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 4 мамырда жарияланған).
8. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 196 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19070 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 2 тамызда жарияланған).