• Мое избранное

Отправить по почте

«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 29 мамырдағы № 67 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20766 болып тіркелді

«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8469 болып тіркеліп, 2013 жылғы 2 қазанда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
«Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдерін «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын және Жылжымайтын мүліктің бастапқы және кейінгі объектілеріне кадастрлық нөмір беру қағидаларын бекіту туралы».
«1. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері және «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары.».
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеріп-қарау жүргізу қағидалары мен мерзімдері осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 29 мамырдағы
 № 67 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрінің
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері
1. Осы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу, мемлекеттік техникалық тексеру жүргізу қағидалары мен мерзімдері және "жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» (бұдан әрі - Заң) және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің алшақтығын белгілеу және мемлекеттік қызметтер көрсету туралы қорытынды беру, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтерден алшақтықты белгілеу туралы қорытындыны беру» және «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру», құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке үйлердің, ғимараттардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін енгізу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
1) жылжымайтын мүлік (жылжымайтын мүлік) - жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар және жермен тығыз байланысты өзге де мүлік, яғни олардың мақсатына шамадан тыс зиян келтірмей орнын ауыстыру мүмкін емес объектілер;
2) далалық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне маманмен абрис жасай отырып, жылжымайтын мүлік объектісін өлшеу бойынша жұмыстар.
3) камералдық жұмыстар - жылжымайтын мүлік объектісінің барлық ауданы мен көлемін есептеу, жер учаскесін және қабаттық жоспарды сызу, техникалық паспорт нысандарын толтыру, түгендеу ісін қалыптастыру, ақпараттық жүйелерге деректерді енгізу бойынша жұмыстар;
4) абрис - жер учаскесінің, күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың), оқшауланған үй-жайдың, аяқталмаған консервацияланған күрделі құрылыстың (ғимараттың, имараттың) схемалық жоспары, тұрақ орны-жылжымайтын мүлік объектісінің және оның құрылымдық элементтерінің контурлары, өлшеу нәтижелері, жылжымайтын мүлік объектісінің нақты жоспарын жасау үшін қажетті атаулар мен басқа да мәліметтер көрсетілетін орын;
5) техникалық сипаттамалар - құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті мемлекеттік техникалық тексеру немесе қайта жаңарту, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде жылжымайтын мүлік объектісінің құрылымдық элементтерінің сипаттамасы;
6) кадастрлық нөмір - жеке, Қазақстан Республикасының аумағында қайталанбайтын, жылжымайтын мүлік объектісінің нөмірі;
7) тұрғын бөлме - адамдардың тұруына арналған, жылыту құралдары болған жағдайда, тікелей күндізгі жарық беретін алаң;
8) тұрғын емес жай – тұрғын жайлардан өзге мақсаттарда, тұрақты мекендеуден басқа мақсатта қолданылатын жеке жай;
9) тұрақ орны - ғимараттың ішкі кеңістігінде орналасқан автокөлікті уақытша және тұрақты сақтауға арналған орын.
3. Құқық белгілейтін құжатта қамтылған жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерінің нақты деректерімен алшақтығын анықтау мақсатында құқық иеленуші осындай алшақтықтарды анықтауға өтініш беруге құқылы.
Алшақтықтарды анықтау жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша жүргізіледі.
«Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдас бөліктерінің сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру» және «Жылжымайтын мүліктің техникалық паспортының телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметтерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2-бөлім. «Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1 – қосымшаға сәйкес "ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) оларды құрайтын жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді құқықтық кадастрға енгізу, жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытынды" мемлекеттік қызмет стандартында (бұдан әрі - № 1 Стандарт) келтірілген.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 8-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге өтініш береді: www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ұсыну кезінде:
көрсетілетін қызметті берушіге - көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;
портал арқылы-көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» нәтижені алу орны мен күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісім береді.
Көрсетілетін қызметті алушы №1 Стандартта көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және портал арқылы келіп түскен өтінімдерді қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөліміне орындауға жолдайды.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімі мұрағатының қызметкері,түгендеу істерін іздестіруді және жауапты орындаушыға беруді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімінің қызметкері келесі әрекеттерді жасайды:
ғимараттардың, құрылыстардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру және техникалық мәліметтерін дерекқорға енгізу бойынша:
ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді құқықтық кадастрға енгізеді, кейін объектіні пайдалануға қабылдау актісіне белгі қояды;
жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортын және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны дайындау бойынша әзірленген техникалық паспортты және қорытындыны басшылыққа келісуге және қол қоюға жібереді.
Техникалық паспортты беру және жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру тәртібі мен процесі 3-тараумен регламенттелген.
Жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық тексеру бөлімінің басшысы немесе орынбасары мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды.