• Мое избранное
Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелді

Редакция 15.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығына сәйкес (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Бекітілсін:
1) «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы Н. Пан
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
 аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
 Ұлттық экономика министрлігі
  • 2
Қазақстан Республикасы
 Әділет министрінің м.а.
 2020 жылғы 28 мамырдағы
 № 61 бұйрығына
1 қосымша
  • 1
«Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 28.05.2021 жылғы № 440 Бұйрығымен (28.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 жылғы № 828 Бұйрығымен (28.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.10.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 06.12.2024 жылғы № 1007 Бұйрығымен (24.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Әділет министрінің 19.09.2025 жылғы № 515 Бұйрығымен (06.12.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Әділет министрінің 25.02.2026 жылғы № 191 Бұйрығына сәйкес (19.09.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін анықтайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – кәсіптік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлға;
2) тестілеу операторы - тестілеу рәсімдерін ұйымдастыруды және «Кәсіби қызметпен айналысу және біліктілік беру құқығына автоматтандырылған режимде кешенді тестілеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету» АЖ техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуші оператор;
3) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;
4) портал – «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz.
5) «бір өтініш» қағидаты – бір өтініш негізінде көрсетілетін бірнеше мемлекеттік қызметтің жиынтығы көзделетін мемлекеттік қызмет көрсету нысаны.
2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан (бұдан әрі – аттестаттау) өткізу үшін көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті 1-қосымшаға сәйкес портал арқылы электрондық құжат нысанында жолдайды.
Егер үміткердің аттестаттау рәсімдерінен өз бетінше өтуіне кедергі келтіретін тұрақты физикалық шектеулері (оның ішінде көру қабілетінің не қол функциясының бұзылуы) болған жағдайда, көмекшінің тапсырмаларды түсіндіру, жауаптарды тұжырымдау не аттестаттау нәтижелеріне өзге де түрде ықпал ету құқығынсыз техникалық көмек көрсету үшін ғана қатысуына жол беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтерді тізбесін және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбеде көрсетілген.
5. Көрсетілетін қызметті алушы егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.
Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген кезде жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні және уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтарының (ауруларының) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
7. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10270 болып тіркелген) адвокаттық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне сәйкестігін тексереді.
Өтініште мәліметтер толық болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініш түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартады. Бас тарту электрондық құжат нысанында беріледі, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ-мен куәландырылады және көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жіберіледі.
8. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтен бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тізбенің 9-тармағында көзделген.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
11. Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
12. Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш тіркелген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға оның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы жолданады.
14. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде аттестаттауды өткізу орны, күні, уақыты, тәртібі туралы көрсетілетін қызметті беруші оның абоненттік нөміріне немесе портал арқылы жеке кабинетіне қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы хабардар етеді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберу туралы шешім қабылданған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Тестілеу операторына аттестаттауға жіберілген тұлғалардың тізімін жолдайды.
16. Аттестаттау Тестілеу операторының техникалық жабдықталған тестілеу залдарында өткізіледі.
17. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған кешенді компьютерлік тестілеу (100 сұрақ: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі – 15, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі – 5, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 5, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 5, «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы – 10);
2) практикалық дағдылардың тиісті деңгейін тексеруге арналған компьютерлік тестілеу (3 ситуациялық жағдай бойынша 12 сұрақ).
18. Аттестаттау тестілеріне енгізілуі тиіс сұрақтар тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі қалыптастырады.