• Мое избранное
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 12.11.2022 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 30 мамырда № 20788 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2022 жылғы 12 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Ұлттық экономика министрінің 26.10.2022 жылғы № 75 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Кәсіпкерлікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялауды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2) және 3) тармақтарында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р. Даленов
Қазақстан Республикасы
 Ұлттық экономика министрінің
 2020 жылғы 30 мамырдағы № 46
бұйрығымен бекітілген
  • 1
«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттық субсидиялау жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, «электрондық үкімет» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінішті тіркеуге, сондай-ақ өтініштің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;
2) «Бизнеске арналған үкімет» сервисінің веб-порталы – «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қызметтер көрсету және мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі онлайн-платформа;
3) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, қаржылық емес қолдау операторының, «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымының, қаржы агенттігінің) субсидиялық ақпараттық жүйесіндегі/«Бизнеске арналған үкімет» сервисінің веб-порталындағы дербес веб-парақшасы;
4) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
5) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталары жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстар кәсіпкерлерінің палаталары филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде көрсетуге арналған инфрақұрылымдық кешен;
6) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/«Бизнеске арналған үкімет» сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
7) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылық қолдауды, сондай-ақ «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құралын іске асыруды және мониторингілеуді жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
8) қаржылық емес қолдау операторы – «Сыртқы консультанттарды тарту арқылы озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын бірлесіп қаржыландыру (Еуропа қайта құру және даму банкінің (бұдан әрі – ЕҚДБ) Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі бағдарламасы)», «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құрамдауыштарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді жүзеге асыратын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
9) қаржылық емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес шаралары ұсынылатын қаржылық емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі;
10) құрал – Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылық емес қолдау шарасы;
11) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың жүгінуі бойынша немесе жүгінуінсіз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі;
12) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты – мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі;
13) «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі - «Назарбаев Университеті» ДБҰ) – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылық емес қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
14) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
15) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – кредит/лизинг шарты үшін банкке/лизингтік компанияға өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
16) электрондық өтініш – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға өтініш;
17) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
18) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.
2-тарау. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
3. «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Бизнес-Мектеп» және «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» құралдары арқылы көрсетіледі.
4. Мына құрал бойынша:
1) «Бизнес-Мектеп» - қаржылық емес қолдау операторы;
2) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» - «Назарбаев Университеті» ДБҰ мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушілер болып табылады.
5. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру мына құрал бойынша:
1) «Бизнес-Мектеп» КҚКО, кәсіпкерлікті қолдау орталықтары, қаржылық емес қолдау операторы және «электрондық үкімет» веб-порталы;
2) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» қаржы агенттігі және «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік қызмет қағаз және электрондық нысанда көрсетіледі.
7. Өтінішті қабылдаған және тіркеген сәттен бастап қағаз және электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзімі мына құрал бойынша:
1) «Бизнес-Мектеп» - 3 (үш) жұмыс күнін;
2) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» - 13 (он үш) жұмыс күнін құрайды.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметті көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Бизнестің жол картасы – 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту» мемлекеттік көрсетілетін қызметінің стандартында келтірілген.
9. Мемлекеттік қызмет өтеусіз негізде мына құрал бойынша:
1) «Бизнес-Мектеп» ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде іске қосылмаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттары үшін;
2) «Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту» Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын ШОК субъектілерінің жоғары және орта буынының басшыларына көрсетіледі.
10. «Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің/«Бизнеске арналған үкімет» сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.