Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік кірістер органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгіну 2020 жылдың 1 қазанына дейін тоқтата тұрылсын.
2. Осы қаулы 2020 жылғы 11 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Банкроттық рәсімін қозғауды тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасымен (бұдан әрі – Жоба), мемлекеттік кірістер органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгіну 2020 жылдың 1 қазанына дейін тоқтата тұру қарастырылған.
Жобаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 11 мамырдағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының қорытынды отырысында берген тапсырмасына сәйкес әзірлеген.
Жобаның мақсаты ретінде мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өтініштері бойынша кәсіпкерлік субъектілері үстінен банкроттық рәсімдерін қозғау нәтижесінде олардың таралуының алдын алуы болып табылады.
Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаржы қаражатын бөлуді талап етпейді.
Жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
Жоба қабылданған жағдайда, заңнаманы оған сәйкес келтіру талап етілмейді.
Жобаны және оған материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру рұқсат етіледі.
Жоба, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын, халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкес келеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |