• Мое избранное
«Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы» бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 41-4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:  
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексі бекітілсін.  
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:  
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.  
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2020 жылғы __ _______
№ __ бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілерінің қызметтік әдеп кодексі (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 16-бабы 41-4)-тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Кодекс Қазақстан Республикасының азаматтық қызметшілері басшылыққа алатын қызметтік әдептің жалпы қағидалары мен нормаларының жиынтығынан тұрады.  
3. Азаматтық қызметшілердің Кодекс ережелерін білуі және сақтауы олардың кәсіби қызметі мен еңбек тәртібін бағалау критерийлерінің бірі болып табылады.  
4. Осы Кодекстегі әдеп нормалары мен талаптары барлық азаматтық қызметшілер үшін міндетті болып табылады, оларды қатаң сақтау керек.
5. Азаматтық қызметші осы Кодекстің мәтінімен азаматтық қызметке кіргеннен кейін үш күн ішінде жазбаша түрде танысуы тиіс.
6. Танысу парағы ұйымның кадр қызметі жүргізетін қызметкердің жеке іс парағында сақталады.
2-тарау. Азаматтық қызметші қызметінің әдеп қағидаттары
7. Азаматтық қызметші өз міндеттерін орындау кезінде келесі қағидаттарды сақтауы қажет:
1) принципшілдік:  
жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты шешімдер қабылдау кезінде азаматтық қызметшінің әділ ұстанымын білдіреді;
2) адалдық және объективтілік:
азаматтық қызметшінің адалдығы мен объективтілігі оларға кәсіби, жеке басының мінез-құлқының мінсіз нормаларын ұстануды, өз жұмысын білікті, саналы және сапалы түрде жүргізуін білдіреді;
3) ұқыптылық:  
азаматтық қызметші адал, ұқыпты және сатылмайтын болуы тиіс, өзінің мінез-құлқымен және сыртқы келбетімен өзі ұсынатын ұйымның беделін күшейтуге мүмкіндік жасауға тиіс;  
4) кәсіби құзіреттілік:
азаматтық қызметші үнемі жұмысының біліктілігі мен сапасын, заңнаманы, нормативтік құқықтық актілерді, әдістер мен нұсқаулықтарды білуге, сонымен қатар практикалық дағдыларды жетілдіруі тиіс;
5) мінсіз мінез-құлық:
азаматтық қызметші өзі ұсынатын ұйымның беделін нығайтуға әрдайым үлес қосады, құқық бұзушылық жасамайды және оның беделіне және өзі жұмыс істейтін ұйымның беделіне нұқсан келтіретін мінез-құлықтан аулақ болады;
6) ниеттілік:
азаматтық қызметшінің қолданыстағы заңдарға, ұйымдағы құндылықтар мен мінез-құлық нормаларына берілгендігі;
7) ақпараттың құпиялылығы:
азаматтық қызметші істің мән-жайлары туралы және қызметтік міндеттерін орындауға байланысты өзіне белгілі болған басқа ақпаратты таратпауға тиіс
3-тарау. Азаматтық қызметшілерге қойылатын әдеп талаптары
7. Азаматтық қызметші өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, Қазақстан Республикасының заңдарының және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ осы Кодекстің ережелерін қатаң сақтайды.
8. Азаматтық қызметші:
1) қызметтік міндеттерін адал атқару, еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы;
2) жоғары моральдық-әдеп критерийлеріне сай болуға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы;
3) қызметтік міндеттерді тиімді пайдалану үшін олардың кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруы;
4) өз іс-әрекеттері мен мінез-құлқы арқылы қоғам тарапынан сынның туындауына жол бермеуге, сын үшін жауапқа тартуға жол бермеу, кемшіліктерді жою және олардың жұмысын жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануы;
5) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы;
6) қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңдылықты қамтамасыз етуге;
7) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдер қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуі;  
9) мемлекеттік мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге, ұйымның сеніп тапсырылған мүлкін, соның ішінде автокөлік құралдарын ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсаттарда пайдалануы;
10) іскерлік әдеп пен қызметтік тәртіп ережелерін сақтауы;
11) сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруы;
12) басқа азаматтық қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауы қажет.
9. Азаматтық қызметші:  
2) азаматтық қызметші мен ұйымның беделіне немесе абыройына нұқсан келтіруі мүмкін жанжал жағдайларға;
3) қызметтік жағдайды мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің және азаматтардың жеке мәселелерін шешуге әсер ету үшін пайдалануға;
4) заңмен тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық қарастырылған қылықтар мен құқық бұзушылықтар жасауға;
5) қызмет жағдайын жеке мінезді сұрақтарды шешу үшін пайдаланбау, қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар мен қызмет көрсету қабылдау фактілеріне жол бермеуге;
6) қызметтік ақпаратты жеке және басқа жеке мақсаттар үшін пайдалануға;
7) шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратуға, оның ішінде басқа азаматтық қызметшілердің кәсіби қасиеттерін талқылауға және пікір білдіруге, басқа азаматтық қызметшінің беделін түсіретін сөздер мен мәлімдемелерге, сондай-ақ оған қарсы айтылған сындарға жол бермеуі тиіс.  
10. Азаматтық қызметші қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын ұстануға, қоғамға қарсы мінез-құлық жағдайларын болдырмауға;
2) қарапайымдылық танытуға, қызметтік жағдайын баса айтпауға және пайдаланбауға;
3) өз кезегінде қоғамдық моральға, тәртіп пен қауіпсіздікке қол сұғумен байланысты заң талаптарының бұзылуына жол бермеуге және басқа азаматтарды заңсыз, қоғамға қарсы әрекеттерді жасауға тартпауға тиіс.
11. Азаматтық қызметшінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сырт келбеті болуы іскерлікпен, ұстамдылық, нақтылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стильге сәйкес келуі керек.
4-тарау. Әдеп шиеленістері және оларды шешу
13. Қақтығыс туындаған жағдайда, мемлекеттік қызметші тиісті шаралар қабылдау үшін жанжал туралы тікелей басшысымен хабарлап, талқылауы керек.
14. Азаматтық қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы заңнамамен белгіленген тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.
Азаматтық қызметшілердің осы Кодекстің ережелерін сақтауы аттестаттау, жоғары тұрған лауазымдарға ілгерілету кезінде ескеріледі.» ұсынады.