• Мое избранное
«Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдар (келісім бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар (келісім бойынша) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне ақпарат берсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 тамыздағы № 511 «Ұлттық экспорттық стратегия» бағдарламасын бекіту туралы қаулысы күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
1. Бағдарламаның паспорты

Атауы

Қазақстан Республикасының сауданы дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

« Nur Otan » партия сы Саяси кеңесінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 001 хаттамасы, 7-тармақ;

Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 20-01-7.2 хаттамасы , 3.4-тармақ;

Қазақстан Республикасы Үкіметі отырысының 2020 жылғы 2 наурыз дағы № 6 хаттамасы , 2.2-тармақ

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар

Орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері


 

Мақсаты

Нарықты сапалы өніммен толықтыруды және экспорттық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін қазіргі заманғы сауда жүйесін құру және дамыту

Міндеттері

1. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру;

2. Сауда саласында сапалы адами капиталды қалыптастыру;

3. Оңтайландырылған цифрлық сауда процесін қамтамасыз ету;

4. Көп форматты сауда-тарату инфрақұрылымын құру;

5. Қолайлы тұтыну ортасын қалыптастыру;

6. Шикізаттық емес тауарлардың/көрсетілетін қызметтердің импорты мен экспортын сапалы әртараптандыру;

7. Ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауар өндірушілер үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Іске асыру мерзімі

2021 2025 жылдар

Нысаналы индикаторлар

Бағдарламада қойылған міндеттерді орындау арқылы 2025 жылы мынадай нысаналы индикаторларға қол жеткізілетін болады*:

1. Өткен жылға қарағанда сауда ның ЖҚҚ -сының нақты өсуі 106,2%;

2. Көлеңкелі сауда үлесін1 31%-ға төмендету ;

3. Саудадағы жұмыспен қамтылғандар санының 143,1 мың адамға өсуі ;

4. Шикізаттық емес тауарлар бойынша сауда сальдосы (экспорт-импорт) – 1,3 млрд. АҚШ доллары;

5. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің шикізаттық емес экспортын 41 млрд. АҚШ долларына дейін ұлғайту;

6. Өңделген өнімнің тұтынушылық импортын 16 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету;

7. Электрондық сауданың бөлшек тауар айналымындағы үлесінің 10 %-ға өсуі;

8. Ұлттық стандарттарды қолдану деңгейі (қолданыстағы ұлттық стандарттардың жалпы санынан) – 75%-ға дейін.

Қаржыландыру көздері мен көлемдері

2021-2025 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен талап етілетін жалпы шығыстар ……** құрайды , оның ішінде :

2021 жыл –

2022 жыл –

2023 жыл –

2024 жыл –

2025 жыл –

* нысаналы индикаторларды орындау тиісті қаржы жылдарына арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлеміне байланысты болады;
** сомалар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке сәйкес нақтыланатын болады
2. Кіріспе
Екі индустриялық бесжылдықты іске асыру қорытындысы бойынша бүгінгі таңда Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың оң серпіні қалыптасты. Өндіріс көлемі 2,7 есеге артып, 70 трлн. теңге сомасына отандық өнім өндірілді. Өндіріс құрылымында металлургия саласының, тамақ өнімдерінің, машина жасау, химия өнеркәсібінің тауарлары басым.
2020 жылдан бастап индустрияландырудың жаңа бесжылдығын іске асыру басталды, онда басты назар өндіріс көлемін ұлғайтуға және ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысқа ие өңделген тауарлар номенклатурасын кеңейтуге бағдарланған өңдеуші сектордың тиімді кәсіпорындарына бағытталған.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тамақ өнімдері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдерінің өндірісін дамыту көзделген.
Өндірістің серпінді дамуымен қатар, мемлекет ішкі және сыртқы нарықтарда өз тауарын тиімді, кепілді, болжамды өткізуді қамтамасыз ету бойынша әрбір өндіруші үшін тең әрі қолайлы жағдайлар жасайды.
2020 жыл жаһандық экономиканың өсуінің баяулаудан басталды, оның жағдайында әлемдік саудада сақталып отырған шиеленіс әлемдік жеткізілімдер мен бүкіл әлемдегі одан арғы экономикалық интеграция үшін кедергі жасайтынын айта кету керек.
COVID-19 пандемиясының таралуы көптеген елдерде өндірістің тоқтауына алып келді, әлемнің экономикалық белсенділігінің төмендеуіне, сондай-ақ жеткізілімдер тізбегіне кіретін көптеген компаниялардың өнімділігіне әсер етті.
Үкімет қабылдаған шешімдер қалпына келтірудің болашақ нысанын және Қазақстанның сыртқы және ішкі саудасының өсу перспективаларын айқындайды. Қуатты, тұрақты және инклюзивті экономиканы қалпына келтірудің негізі қаланады.
Сауда фискалдық және ақша-несие саясатымен бірге маңызды компонент болуы керек. Ашық және болжамды нарықтарды ұстап тұру, сондай-ақ бизнес үшін неғұрлым қолайлы ортаны құруға ықпал ету Қазақстан үшін қажетті жаңа инвестицияларды ынталандыру үшін маңызды болады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында сауда инфрақұрылымын дамыту, электрондық коммерция арналарын, көрсетілетін сауда қызметтерін кеңейту, тауарлар экспортын ілгерілету және сыртқы сауданы дамыту жөніндегі нақты міндеттер айқындалған.
Әлемдік тенденцияларды ескере отырып, бұл бағдарламада ішкі және сыртқы сауданы дамытудың негізгі басымдықтары, саланың мақсаттары мен міндеттері, проблемалары және тиімді қолдау шаралары белгіленген.
Бірінші кезекте, тұтынушы үшін оның жоғары сапалы отандық тауар мен көрсетілетін қызметтерді әділ бағамен сатып алу жөніндегі қажеттілігін қанағаттандыратын қолайлы орта қалыптастырылуға тиіс. Осыған байланысты, ішкі сауда саясаты қолайлы тұтыну ортасын құру үшін сауданың әртүрлі форматтарын, қазіргі заманғы көтерме буын мен сауда инфрақұрылымын дамытуға бағдарлануға тиіс.
Сонымен бірге тұтынушылардың құқықтарын қорғау институтын нығайту бойынша кешенді жұмыс қажет, ол бұзылған тұтынушылардың құқықтарын қалпына келтіруге және оған келтірілген залалдың кедергісіз өтелуін қамтамасыз етуге міндетті.
Отандық өндірісті жедел дамыту өнімді өндірушіден тұтынушыға дейін жеткізу тізбегін оңтайландыруға, тауар шығындарын қысқартуға және ел халқының барлық топтары үшін тауарлардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік беретін тиімді тауар өткізетін инфрақұрылым құру есебінен мүмкін болады. Сонымен қатар, тауар өткізетін инфрақұрылым қазақстандық тауарлардың экспортына және шетелдік тауарлардың Қазақстан арқылы транзитіне бағдарлануға тиіс.
Тауарлардың бағасын тұрақтандыру, болашақ бағаларды сапалы түрде болжау және оларды сақтандыру мүмкіндіктері, сауданы көлеңкеден шығару мәселелерін шешу, оның ішінде қазіргі уақытта ішкі, сол сияқты сыртқы нарықтарда да қарқынды дамып келе жатқан биржалық сауданы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде шешу жалғасады.
Сонымен қатар, ел ішінде, сол сияқты трансшекаралық тұрғыдан электрондық сауданы дамыту ауқымы қарқынды өсіп келеді. Барлық сәлемдемелерді тұтынушыға дейін үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылым құрылуда.  
Қазақстан үшін сауда жүргізу шарттарының өзгеруіне байланысты әлемдік нарықтағы ағымдағы үрдістерді, қатерлер мен сын-қатерлерді ескере отырып, осы сын-қатерлерге уақтылы ден қою және олардың ел экономикасына әсерін нивелирлеу, сондай-ақ экономикалық әріптестер мен әлеуетті бәсекелестердің сауда және өнеркәсіптік жоспарларын ескеру де маңызды.
Ұлттық сыртқы сауда саясаты елдің сыртқы экономикалық байланыстарын жолға қою және нығайту, Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі – ЕАЭО) шеңберінде өзара тиімді сауда құру, қазақстандық компаниялардың басым бөлігін сыртқы сауда қызметіне тарту, саудадағы рәсімдерді оңайлату және кедергілерді жою, сондай-ақ Қазақстанға қарсы протекционистік шараларды қолданатын елдерге қатысты жауап шараларын енгізу арқылы елдің экономикалық өсуі мен дамуына жәрдемдесуге бағытталатын болады.
Әлемде болып жатқан саяси және экономикалық өзгерістерге байланысты реформалардың қажеттігіне қарамастан, бүгінгі күні Дүниежүзілік сауда ұйымы (бұдан әрі – ДСҰ) баламасы жоқ көпжақты сауда жүйесінің орталығы болып табылады. Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуы, ең алдымен, осы ұйымның жұмысына белсенді қатысу арқылы қол жеткізілетін оның сауда-экономикалық мүдделерін қамтамасыз ету үшін бірқатар мүмкіндіктерді көздейді. Осыған байланысты елдің әлемдік нарықта артықшылықтарға ие болуына және ішкі нарықта отандық өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған бірқатар шараларды қамтитын халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастыққа еліміздің қатысу стратегиясын әзірлеу қажет
Тұтастай алғанда, Қазақстанның сыртқы сауда және ішкі бәсекеге қабілеттіліктегі артықшылықтарын, өткізу нарықтарына байланыстыра отырып және елдің көлік-логистикалық мүмкіндіктерін ескерумен, қандай тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұлттық сауда саясатының басымдығы болуға тиіс екенін түсіну қажет.
Халықаралық нарықтағы өзгеріп отыратын жағдайларды ескере отырып, өңделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша Ұлттық экспорттық стратегияда ұсынылған тәсілдер мен шаралар өзектілендіріліп, елдің экспорттық әлеуетін толық іске асыру үшін Қазақстан Республикасының сауданы дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама) жетілдірілетін болады.
Өңірлік және жергілікті деңгейде, оның ішінде Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы, «Орталық Азия» сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы базасында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту сонымен қатар ішкі және сыртқы сауданы дамыту үшін ынталандырушы шара болады.
Тұтастай алғанда, Мемлекеттік бағдарлама мынадай бағдарламалық құжаттарды іске асыру арқылы кешенді, синергетикалық әсерге қол жеткізуді көздейді:
- Инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жол» ИДМБ), ол тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылым құруды, зертханалық базаларды дамытуды көздейді;
- Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ), ол экономиканың басым секторларындағы инвестициялық жобаларды қолдауды көздейді, оларды іріктеу өлшемшарттарының бірі экспорттық бағдарлану, сондай-ақ қазақстандық брендті дамыту болып табылады;
- Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – АӨК мемлекеттік бағдарламасы), ол ішкі нарықты азық-түлікпен толықтыруды, халықты азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуді, сондай-ақ АӨК отандық өнімдерінің экспорттық әлеуетін дамытуды көздейді;
- «Бизнестің жол картасы - 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БЖК-2025), ол сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру үшін рәсімдер мен процестер бойынша экспортқа бағдарланған кәсіпорындарға консультациялық қызметтер көрсетуді көздейді.  
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Сауда, ЖІӨ өсуіне оң әсер ете отырып, экономикалық даму драйвері болып табылады. Әлемдік ЖІӨ-дегі әлемдік сауданың орташа үлесі 58,6%-ды (АҚШ - 6,6%, Қытай - 6,0%, Германия - 4,1%, Ресей - 0,99%, Қазақстан - 0,13%) құрайды.
Қазақстандық өнімнің сапасы мен қауіпсіздігі
Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етудің маңызды құралы техникалық реттеу, аккредиттеу, сертификаттау, стандарттау және өңделген тауарлардың экспортын ынталандыратын өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету, сонымен қатар импортталатын өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету, техникалық кедергілерді азайту, саны мен сапасын ескеру кезінде біркелкі тәсілдерді қолдану болып табылады. энергетикалық ресурстар, Қазақстанның ішкі нарығындағы саудаға деген сенім.
Техникалық реттеу және метрология жүйесінің негізгі миссиясы техникалық кедергілер барынша азайтылған жағдайда, өнімнің толыққанды ортақ нарығын құру болып табылады, ол өнімнің нарыққа шығу жүйесін жеңілдетеді.  
Ортақ нарықтағы бірыңғай талаптардың артықшылықтары практикада бірнеше рет дәлелденген. Өндірушілер үшін артық әкімшілік кедергілер жойылады. Қазіргі заманғы талаптарды қолдану тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады, ал тұтынушылар үшін өнімнің техникалық регламенттерге сәйкес келетін қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуде жетекші орындардың бірін сапа иеленіп отыр. Тұтынушы үшін пайда мен тартымдылықты және нарықтағы бәсекелестік мүмкіндіктерді айқындайтын сыныптама, сұрыптылық және басқа да сапалық көрсеткіштер. Мұндай стандарттар өнімнің әрбір түрі үшін кешенді түрде әзірленуге тиіс.