Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20776 болып тіркелді
Редакция 13.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға қосымша келісімдерді жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Н. Ногаев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және
инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 214 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1. Осы «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) көрсетілетін қызметті алушы – орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар.
3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі немесе олардың жиынтығы;
4) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
2-1. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға енгізген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына, және «Электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына олар қолданысқа енгізілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздерді, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын негізгі талаптар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес «Жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы» мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.
Жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес өтініш жібереді.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акциялар мен басқа да бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беруге арналған өтініш Тізбенің 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес толтырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер болып табылатын акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды қосымша эмиссия (шығарылым) шеңберінде орналастырған жағдайда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруға рұқсат беруге арналған өтінішті эмитент осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес береді.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында айналымға шығаруды осы акциялардың немесе басқа да бағалы қағаздардың ұстаушысы жүргізгенде – өтінішті осындай ұстаушы береді.
5. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 45-бабының 5-тармағына сәйкес өтінішке қоса берілетін, Тізбенің 8-тармағында көрсетілген барлық құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға беретін болса, мұндай құжаттар дұрыстығын нотариус куәландырған әрбір құжатқа мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасының электрондық көшірмесі міндетті түрде қоса беріле отырып, өзге тілде де жасалуы мүмкін.
6. Өтініш түскен күні көрсетілетін қызметті беруші оны қабылдауды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына қайта жіберуді жүзеге асырады.
7. «Электрондық үкімет» веб-порталында өтінішті нөмірлеу және өтінішті беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен электрондық поштасының мекенжайына жіберілетін өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама құжаттар топтамасының қабылданғанын растау болып табылады.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш тіркелген сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаса, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәжді бас тарту жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде оларды жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – сараптама комиссиясы) қарауына шығарады.
Сараптама комиссиясы жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге өтініштерді қарау кезінде ұсынымдар әзірлеу мақсатында көрсетілетін қызметті берушінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
9. Егер жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуына рұқсат беруге арналған өтініш стратегиялық жер қойнауы учаскесі болып табылатын жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты берілсе не егер тиісті жер қойнауы учаскесінде жер қойнауын пайдалану құқығының және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің болжалды ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, көрсетілетін қызметті беруші осындай өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде оны ұлттық қауіпсіздік органдарына жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуын ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін жібереді.
Егер жер қойнауын пайдалану құқығының (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлестің) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілердің ауысуы ұлттық қауіпсіздік мүдделерін қозғайтын болса, ұлттық қауіпсіздік органдары бұл туралы көрсетілетін қызметті берушіні өтінішті алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Бұл жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ұлттық қауіпсіздік органдарынан жер қойнауын пайдалану құқығы (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілер ауысуының ұлттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы растауды алғанға дейін өтінішті қарауды тоқтата тұрады. Көрсетілетін қызметті беруші ұлттық қауіпсіздік органдарынан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш иесіне осындай тоқтата тұру туралы хабарлайды.
Көрсетілетін қызметті беруші ұлттық қауіпсіздік органдарынан растауды алғаннан кейін өтінішті қарауды қайта бастайды.
10. Сараптама комиссиясы Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал ірі кен орындары мен стратегиялық жер қойнауы учаскелері бойынша 40 (қырық) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.
Кодекстің 45-бабының 6-тармағына сәйкес өтінішті жан-жақты және толық қарау мақсатында көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыдан ұсынымдар әзірлеу үшін қажетті қосымша мәліметтерді және (немесе) құжаттарды сұратуға құқылы.
Қосымша мәліметтер және (немесе) құжаттар сұратылған жағдайда, тиісті өтінішті қарау мерзімдері осындай мәліметтер және (немесе) құжаттар ұсынылғанға дейінгі кезеңге тоқтатыла тұрады.
11. Көрсетілетін қызметті беруші жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының ұсынымын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш бойынша оң шешім шығарады.
Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ тыңдаудың өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін жібереді.