• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 20 қаулысы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 24-тармағының бесінші бөлігі 11) тармақшасының төртінші абзацына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі техникалық комитеті отырысының 2020 жылғы 5 маусымдағы №20 хаттамасы негізінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылғы 9 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі 9,5% деңгейінде белгіленсін.
2. Ақша-кредит саясаты департаменті (Тутушкин В.А.) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсында орналастырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына жүктелсін.  
Ұлттық Банк Төрағасы Е. Досаев
Дұрыс: Бас маман С. Арынбаев