«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін::
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429»):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметкерлерін көтермелеу ережесінде::
4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру ережесін және медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығында:, (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 тіркелген, 2010 жылы Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 7 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.):
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру әдістемесінде::
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесіне 2-қосымшада:
1-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек субъектілері үшін аумақтық учаскелердің бейіндері бойынша барынша мүмкін балдар кестесі
* Терапевтік учаскелер үшін қорытынды ең жоғары балл 20 балл мөлшерінде белгіленеді .
** "БМСК деңгейінде алдын алуға болатын ана өлімі" индикаторы тек балалар халқына қызмет көрсететін педиатриялық учаскелерге қолданылмайды.
*** "БМСК деңгейінде алдын алуға болатын 7 күннен 5 жасқа дейінгі балалар өлімі" индикаторы тек ересек халыққа қызмет көрсететін терапевтік учаскелерге қолданылмайды.
**** "Асқынған жіті респираторлы инфекциялармен емдеуге жатқызылған 5 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы" және "перзентханадан шыққаннан кейін алғашқы 3 тәуліктегі жаңа туған нәрестелерді патронаждық келумен қамту" индикаторлары тек ересек халыққа қызмет көрсететін терапиялық учаскелерге қолданылмайды, ал жалпы практика учаскелеріне процестің индикаторлары ретінде қолданылады.
***** "Жүрек-қантамыр жүйесі (миокард инфаркты, инсульт) ауруларының асқынуы бар науқастарды емдеуге жатқызу деңгейі" индикаторы тек балалар тұрғындарына қызмет көрсететін педиатриялық учаскелерге қолданылмайды;
БМСК-алғашқы медициналық-санитарлық көмек.»;
2-кесте мынадай редакцияда жазылсын::
Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері жұмысының қол жеткізілген нәтижелерін бағалау индикаторлары
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л. М. Ақтаеваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.