• Мое избранное

Отправить по почте

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдама жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 8 маусымдағы № 7027/22 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновациялық және ғылыми-техникалық даму мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының Тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) қарап, келесіні хабарлайды.
Тұжырымдама жобасы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) алаңында ғылым және инновациялар саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілердің, сондай-ақ «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен бірнеше рет талқыланды.  
Бизнестің мол зерттеу әлеуетін ескере отырып, аталған Тұжырымдама инновациялар нарығының көптеген қатысушылары үшін тартымды болып табылады, бұл еліміздегі инновациялық серпін үшін негіз болуы мүмкін.  
Қазіргі таңда Тұжырымдаманың қолданыстағы редакциясы Министрліктің, салалық Қауымдастықтар мен ҰКП-ның өкілдерімен жұмыс тәртібінде пысықталуда.  
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Тұжырымдаманы нарық өкілдерімен талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ескертулер түпкілікті редакцияда жолданатын болады.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев