Toggle Dropdown
1
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына құжаттама
Toggle Dropdown
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Toggle Dropdown
БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген, 2018 жылғы 14 қарашада Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларында:
Toggle Dropdown
25-тармақтың 4-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«ЖОО білім туралы берілген құжаттар бойынша блокчейн технологиясын қолдану арқылы электрондық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және білім туралы құжаттардың, оның ішінде бұрын берілген құжаттардың электрондық базасын (архивін) құрады.»;
Toggle Dropdown
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«44. «FХ» «қанағаттанарлықсыз» бағасын алғанда оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап өтпей-ақ ЖОО-ның академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен артық емес қайта тапсыруға рұқсат беріледі.
Toggle Dropdown
«F» белгісіне сәйкес келетін «қанағаттанарлықсыз» бағасын алғанда білім алушы осы оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады.
Toggle Dropdown
ЖОО-дан шығарылған білім алушыға ЖОО-ның бірінші басшысы қол қойған және мөрмен бекітілген транскрипт жазылады.
Toggle Dropdown
Транскрипте FX және F бағаларымен қоса барлық қорытынды бағалары көрсетіліп, білім алушы игеріп алған барлық оқу пәндері және (немесе) модульдер жазылады.»;
Toggle Dropdown
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«52. Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің басқа түрлері бойынша А, А – «өте жақсы», В-, В, В+, С+ «жақсы» деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды, кешенді емтиханды және (немесе) диплом жұмысын (жобасын) А, А – «өте жақсы» деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Toggle Dropdown
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қайта тапсырғаны немесе қорытынды бақылауды (емтиханды) қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді»;
Toggle Dropdown
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«54. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын бітірген бітірушілердің тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), білім беру бағдарламаларын, берілген дипломдардың нөмірлері мен күнін көрсете отырып, білім беру ұйымының бірінші басшысының электронды цифрлы қолтанбасымен қол қойылған тізімі тиісті бұйрық шығарылғаннан кейін бір ай мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесіне ұсынылады.»;
Toggle Dropdown
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«63. ЖОО-да веб-сайтты, ақпараттық-білім беру порталын, оқытудың кредиттік технологиясын қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесін, жоғары оқу орнының жергілікті желілерінде орналасқан ақпараттық-білім беру ресурстарының жиынтығын және кең жолақты және жоғары жылдамдықты Интернетке қол жетімділігі бар тармақталған компьютерлік желіні қамтитын блокчейн технологиясын қолдану арқылы жоғары технологиялық ақпараттық-білім беру ортасы құрылады.».
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Toggle Dropdown
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы анықтама
Toggle Dropdown
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін 2020 жылғы 29 мамырда орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=4000706).