• Менің таңдаулыларым
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы»

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)
  • 2

«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 5 маусымда № 20823 болып тіркелді

Редакция 27.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 23.11.2021 жылғы № 477 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Озонды бұзатын заттарды және құрамында озонды бұзатын заттар бар өнiмдердi Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
  • 1
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 19.07.2021 жылғы № 258 Бұйрығына сәйкес (02.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2023 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (22.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес «Қоршаған ортаға әсерді бағалаудың қамту саласын айқындау туралы және (немесе) көзделіп отырған қызметтің әсер ету скринингін айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 15.11.2023 жылғы № 323 Бұйрығына сәйкес (22.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.11.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес «II, III және IV санаттардағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес «Қауіпті қалдықтардың экспорты мен импортына лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес «Экологиялық ақпарат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау Комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекетік тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі берілген тармақтың 1) және 2) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мирзагалиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрінің
2020 жылғы 2 маусымы
№ 130 Бұйрыққа
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 17.03.2025 жылғы № 66 Бұйрығына сәйкес (15.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі, осы Қағидаларға өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және электрондық үкіметтің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қол жетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келесімін алу бөлігінде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтер және төлемді растайтын құжатты көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электрондық үкімет шлюзі арқылы алады.
Лицензияны қосымшасымен алу үшін:
көрсетілетін қызметті беруші, өтініштің тіркелген күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде мәліметтер нысанының толық толтырғандығын Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің міндетін атқарушының «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрі бойынша біліктілік талаптарын олардың кіші түрлері бойынша бекіту туралы» 2023 жылғы 6 маусымдағы № 179 бұйрығының талаптарына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32716 болып тіркелді) (бұдан әрі - Біліктілік талаптары) сәйкес тексереді;
мәліметтер нысаны толық емес толтырылғандығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы жауапты осы Қағидалардың 6-қосымшасының 8 тармақшасына сәйкес береді;
мәліметтер нысанының толық толтырылғандығы анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшенің өтініш берушінің Біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру үшін жолдайды;
көрсетілетін қызметті берушіден құжаттарды алған күннен бастап, аумақтық бөлім 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды Біліктілік талаптарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін тексереді және оның нәтижелері туралы қорытынды ұсынады;
көрсетілетін қызметті беруші аумақтық бөлімнен қорытынды алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде, қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетуге лицензияны қосымшасымен, не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды;
аумақтық бөлімшеден дәлелді бас тартудың қорытындысын алған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік-рәсімдік-процестік кодексінің 73 - бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі алдын ала шешім туралы хабарламаны, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен көрсетілетін орнын қызметті алушыға жібереді.
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде лицензияны қосымшасымен қайта ресімдеу қаралады;
көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 6-қосымшаның 8 тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді;
ұсынылған құжаттардың толық еместігі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауапты береді;
ұсынылған құжаттардың толықтығы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 33 бабының 3 тармағына сәйкестігін қарастырады және шешім дайындайды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және оларды лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5. Көрсетілетін қызметті берушінің және оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін, осы Қағиданың 6-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген орталық органының мекенжайы бойынша жіберіледі.
Шағымды портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинеттен» жіберген кезде, Өтінім туралы ақпарат қолжетімді, ол көрсетілетін қызметті берушінің өтінімді өңдеу барысында (жеткізу белгісі, тіркеу, орындау, қарау туралы жауап немесе қарауға қабылдаудан бас тарту туралы) жаңартылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шығымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес қаралуға жатады:
мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін қызметті беруші тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Қазақстан Республикасының Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;