Toggle Dropdown
2019 жылғы 7 қарашадағы шығыс № 21-4-08/620-И хатқа
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 21 қарашадағы № 14184/20 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен олардың сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасын қарап, келесіні хабарлайды.
Бұйрық жобасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестігі туралы мәліметтер нысанына жаңа талаптарды енгізу ұсынылады:
1. Шаруашылық жүргізу құқығында меншік құқығындағы қажетті технологиялық жабдығы бар (өндірістік базаның орналасқан жерін көрсете отырып) өндіруге, бояуға, кептіруге және сақтауға арналған үй-жайды қамтитын өндірістік базаның болуы;
2. Аккредиттелген сынақ зертханасынан 989 ҚР СТ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының техникалық шарттары» талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгі өлшемінің үлгі шеберінің болуы;
3. Аккредиттелген сынақ зертханасынан 989 ҚР СТ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының техникалық шарттары» талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі қоса берілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының әрбір өндірілетін үлгі өлшемінің эталондық үлгісінің болуы;
4. Жеке меншік құқығындағы өлшем және бақылау құралдарының, түс атласының, олардың техникалық жай-күйін растайтын құжаттармен қоса (паспорттар, салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар), салыстырып тексеру/метрологиялық аттестаттау туралы сертификат нөмірінің болуы:
5. 989 ҚР СТ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының техникалық шарттары» және (немесе) 988 ҚР СТ «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының жалпы техникалық шарттары» талаптарына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы дайындалатын өнімге сериялық өндіріске арналған сертификаттың болуы.
Кәсіпкерлік кодекстің 82-бабы 1-тармағына сәйкес, егер реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жаңа реттегіш құрал енгізуді немесе реттеуді қатаңдатуды жоспарлаған жағдайда, реттеуші мемлекеттік органдар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуі тиіс.
Реттегіш құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзге де ұлғайту реттеуді қатаңдату болып табылады.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі реттеушілік әсерді талдауды жүргізуі қажет деп пайымдаймыз, оның нәтижесінде мемлекеттік орган оны шешу үшін қатаңдату енгізілетін проблеманың болуын, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде реттегіш құралдың тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін индикаторларды нақты көрсетуге және цифрлық деректермен негіздеуге міндетті.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабына сәйкес сараптама қорытындымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық палатаға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жолдайды.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев