«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 14239/Б-08 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – «Атамекен» ҰКП) «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрық жобасын (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) қарап, келесіні хабарлайды.
Биыл Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тракторларға, астық жинайтын және жемшөп жинайтын комбайндарға кәдеге жарату алымын енгізу бөлігінде реттегіш құралдардың реттеушілік әсерін талдауды (бұдан әрі – РӘТ) жүргізді.
Ағымдағы жылдың 10 шілдесінде «Атамекен» ҰКП алаңында индустрия және инфрақұрылымдық даму, ауыл шаруашылығы министрліктерінің, ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілер мен фермерлердің қатысуымен РӘТ-ті қоғамдық талқылау жүргізілді, онда кәдеге жарату алымын Қазақстан Республикасында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының санаттарына ғана енгізуді қарастыру туралы шешім қабылданды. Алайда, бұл ұсыныс Бұйрық жобасында ескерілмеген.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының санаттарына кәдеге жарату алымын енгізу бөлігінде Бұйрық жобасын пысықтау орынды деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, әзірлеуші орган сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде «Атамекен» ҰКП-ға келіспеу себептерін негіздей отырып, жауап жолдайды.
Қосымша: РӘТ хаттамасы 2 парақта.
Басқарма төрағасының орынбасары Е. Больгерт