2019 жылғы 9 қазандағы шығыс № 01-2-09-3-3/3697 хатқа










Отправить по почте
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелері туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 14240/22 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
2019 жылғы 9 қазандағы шығыс № 01-2-09-3-3/3697 хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбiр мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жұмыс тобы (ҚР Ұлттық экономика министрі Р. Е. Дәленовтің 03.06.2019 ж. № 143 бұйрығы негізінде құрылды.) «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ны «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК-ға қосу жолымен қайта ұйымдастыруды ұсынды.
Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан астам болатын АҚ және ЖШС-лардың жүзеге асыруына рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі (ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1095 қаулысымен бекітілген).
Бұл ретте Кәсіпкерлік кодекстің 192-бабы 4-тармағында жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейту кезінде монополияға қарсы органның алдын ала келісімі қажет деп белгіленген.
Осыған орай Жұмыс тобының ұсыныстарын және қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын пысықтау қажет деп есептейміз.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 66-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесі мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жолдайды.
Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |