• Мое избранное
«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 271 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 180-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аукциондық баға – аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша айқындалған және тиісті шекті аукциондық баға деңгейінен аспайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі өндіретін электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған баға;
2) биогаз – ашуы немесе газдануы нәтижесінде биомассадан алынатын метан, көміртегі монооксиді және (немесе) сутегі;
3) биомасса – биологиялық органикалық қазбалы емес материалдар;
4) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының электр энергиясын сатып алу шарты (бұдан әрі – сатып алу шарты) – сатып алушы ретіндегі қаржы-есеп айырысу орталығы мен сатушы ретіндегі энергия өндіруші ұйым арасында жасалатын жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын сатып алу-сату шарты;
5) жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы (бұдан әрі – қаржы-есеп айырысу орталығы) – жүйелік оператор құратын және уәкілетті орган айқындайтын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикасы жүйесінің электр желілеріне берілген электр энергиясын Заңда көзделген тәртіппен орталықтандырылған сатып алуды және сатуды жүзеге асыратын заңды тұлға;
6) қазақстандық кремний негізіндегі фотоэлектрлік модульдер (Kaz PV) – Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген кремнийді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасында орналасқан кәсіпорындарда дайындалған фотоэлектрлік модульдер;
7) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
8) тіркелген тариф – жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндірген электр энергиясын Заңда белгіленген тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының сатып алуына арналған тариф;
9) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10) шекті аукциондық баға – электр энергиясына аукциондық бағаның ең жоғары шамасы.
11) ірі гидроэлектр станциясы-бір гидроторапта орналасқан, жиынтық қуаты жүз мегаваттан асатын қондырғылары бар гидроэлектр станциясы және өзен ағынын реттеудің кемінде тәуліктік мерзімін қамтамасыз ететін су қоймасы;  
бірнеше гидроэлектр станциялары бар каскадты гидроэлектр станциялары, олардың біреуінің белгіленген қуаты кемінде отыз бес мегаватты құрайтын, өзен ағынын реттеудің кемінде тәуліктік мерзімін қамтамасыз ететін су қоймалары бар каскадты гидроэлектр станциялары;
бір гидроторапта орналасқан қондырғылары бар, жиынтық қуаты отыз бес мегаваттан асатын және өзен ағынын реттеудің кемінде тәуліктік мерзімін және жүйелік оператор берген режимде жұмыс істейтін жоғары орналасқан ГЭС-тің реттеуші қуатын ұлғайтуды қамтамасыз ететін қарсы реттеу гидроэлектростанциясы.
Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Осы тармақтың 6) тармақшасында көзделген ұғым қаржы-есеп айырысу орталығының «Қазақстандық кремний (Kaz PV) негізінде күн сәулесінің энергиясын түрлендіру үшін фотоэлектрлік модульдерді пайдаланатын күн электр станцияларының жобалары үшін тіркелген тарифті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 644 қаулысымен бекітілген тіркелген тариф бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен жасасқан сатып алу шарттарына қатысты қолданылады.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Бірінші аукциондық сауда-саттықтар үшін шекті аукциондық бағалар Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысымен бекітілген тіркелген тарифтер деңгейінде айқындалады.
Ірі су электр станцияларын салу жөніндегі жобалар үшін аукциондық сауда-саттықты қоспағанда, кейінгі аукциондық сауда-саттық үшін шекті аукциондық бағалар 2018 жылғы аукциондық сауда-саттық жеңімпазының ең жоғары бағасына тең.
Ірі су электр станцияларын салу жөніндегі жобалар үшін кейінгі аукциондық сауда-саттықтарға арналған шекті аукциондық бағалар жеңімпаздың ең жоғары бағасы бойынша алдыңғы аукциондық сауда-саттықтардың қорытындылары бойынша айқындалады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі А. Мамин