2019 жылғы 05 қарашадағы шығыс № 04-3-19/7207 хатқа










Отправить по почте
«Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 14246/29 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы) қарап, ескертулер мен ұсыныстарды қосымшада жолдаймыз.
Осыған байланысты Қаулы жобасы пысықтауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жолдауды сұраймыз.
Қосымша ____ парақта.
Басқарма төрағасының орынбасары Д. Жүнісова
«Ұлттық режімнен алып тастауды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
№ р/с |
Құрылымдық элемент |
ИИДМ ұсынып отырған редакция |
«Атамекен» ҰКП ұсынып отырған редакция |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|
1. |
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын |
2. Индустриялық сертификаты бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндірілген тауарларды Мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін. |
2. Осы қаулыға қосымшада көрсетілген тауарларды мемлекеттік сатып алу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен алдын ала біліктілік іріктеумен конкурс тәсілімен жүзеге асырылады деп белгіленсін. |
2019 жылғы 6 қарашадағы №17-12/И-506 «қарапайым заттар экономикасы» салаларын дамыту, импорт алмастыру және экспорт жөніндегі Жобалық кеңсе отырысы Хаттамасының 2.5-тармағын іске асыру және Ұлттық режімнен алып тастау тетіктерін тиімді іске асыру мақсатында |
|
2. |
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын |
3.Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу кезінде өнім берушінің «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу туралы сертификатты ұсынылуы міндетті шарт болып табылады. |
3. Белгіленген тәртіппен берілген индустриялық сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өндірген тауарлар мемлекеттік сатып алуға қатысуға жіберілсін. |
Ұлттық режімнен алып тастау тетіктерін тиімді іске асыру және отандық өндірушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында әлеуетті өнім берушінің сатып алуға қатысуға рұқсат беру кезінде Индустриялық сертификат беруі туралы талапты белгілеу ұсынылады. |
|
3. |
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын |
4.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады. |
4. Мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу кезінде өнім берушінің белгіленген үлгідегі түпнұсқасын немесе көшірмесін немесе уәкілетті ұйым куәландырған, белгіленген тәртіппен берілген «CT-KZ» тауардың шығу тегі туралы сертификат көшірмесін беруі міндетті шарт болып табылады. |
Жергілікті қамту үлесін растау мақсатында мемлекеттік сатып алу шеңберінде тауарларды жеткізу кезінде өнім берушінің белгіленген үлгідегі түпнұсқасын немесе көшірмесін немесе Уәкілетті ұйым растаған, белгіленген тәртіппен берілген «CT-KZ» тауардың шығу тегі туралы сертификаттың көшірмесін беруі туралы талапты белгілеу ұсынылады. «CT-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы Сертификат жергілікті қамту үлесін растайтын жалғыз құжат болып табылады. |
|
4. |
5-тармақ келесі редакцияда жазылсын |
Жоқ |
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады. |
Редакциялық түзету |
|
5. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «___» _______№ ____ қаулысына қосымша 1-жол 3-баған |
ЕАЭО СЭҚ ТН тауар коды |
ТЖҚ БНА* бойынша тауар коды (бастапқы алты таңбасы) |
Мемлекеттік сатып алуда қолданылатын ТЖҚ БНА кодтарымен сәйкестендіру мақсатында. |
|
6. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «___» _______№ ____ қаулысына қосымша 2-жол 3-баған |
8802 12 000 |
303031 |
Мемлекеттік сатып алуда қолданылатын ТЖҚ БНА кодтарымен сәйкестендіру мақсатында. |
|
7. |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы «___» _______№ ____ қаулысына қосымша Ескертпе |
Жоқ |
*Ескертпе: ТЖҚ БНА коды (тар) өзгерген немесе толықтырылған жағдайда, мұндай тауарларды мемлекеттік сатып алуды осы қаулымен белгіленген тәртіпке сәйкес жүзеге асыруға міндетті. |
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының («Самрук-Қазына Контракт» ЖШС) меншік иесі анықтамалыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізуі мүмкін. Алып қою тетіктерін тиімді іске асыру және тізбені толық қамту мақсатында тиісті ескертуді көздеу ұсынылады. |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |