Toggle Dropdown
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 237 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 маусымда № 20841 болып тіркелді
1. «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген, 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау және «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына (бұдан әрі–ЖЖОКБҰ) адамдарды қабылдау республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, сондай-ақ білім алушылардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша:
– ұлттық ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 65 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Ауыл шаруашылығы және биоресурстар», «Ветеринария» білім беру салалары бойынша – кемінде 60 балл;
– басқа ЖЖОКБҰ-ға – кемінде 50 балл, ал «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру саласы бойынша – кемінде 65 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні бойынша және (немесе) әр шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл алу қажет.
Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.»;
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
«4-1. SAT (ЭсЭйТи – САТ), ACT (ЭйСиТи), IB (АйБи) халықаралық стандартталған тест сертификаттары бар тұлғалар білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысады және немесе осы Үлгілік қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес жоғары оқу орындарына ақылы бөлімге қабылданады. SAT (САТ) балдарын ҰБТ-ға ауыстыру SAT reasoning (САТ ризонинг) және SAT subject (САТ сабджект) сертификаттары болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте SAT subject (САТ сабджект) нәтижелерін ҰБТ балына ауыстыру бейінді пәндер сәйкес келген жағдайда ғана жүргізіледі.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. ЖЖОКБҰ Заңның 43-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Заңның 26-бабының 8 және 9-тармақтарында көрсетілген түсушілерді қоспағанда, қабылдау тәртібін, нысанын, қосымша емтихан өткізу бағдарламасын және (немесе) даярлық бағытының ерекшеліктерін ескере отырып, түсушілер үшін өту балын айқындайды.
Қосымша емтиханға қатысу үшін өтінішті қабылдау, сондай-ақ оны ЖЖОКБҰ-ның өткізуі 01 мен 20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
Түсушілер осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген балдарға сәйкес мәлімделген ЖЖОКБҰ-ға қосымша емтиханға қатысуға өтініш береді.
Түсуші қосымша емтиханнан өткен және (немесе) ЖЖОКБҰ белгілеген шекті өту балын жинаған жағдайда ЖЖОКБҰ-ға қабылданады.»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте шетелдік азаматтарды білім беру гранты және ақылы негізде қабылдауды Заңның 9-1-бабына сәйкес аккредиттеуден өткен ЖЖОКБҰ-лар жүзеге асырады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. ЖЖОКБҰ-ға түсушілерді қабылдау «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша белгіленген үлгідегі сертификат және (немесе) үміткердің бірегей деректері бар ұлтттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижелерін растайтын Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында жарияланатын электрондық сертификат (бұдан әрі – ҰБТ сертификаты) балдарына сәйкес олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Әрбір ЖЖОКБҰ-да басшының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен қабылдау комиссиясы құрылады. Қабылдау комиссиясының құрамына ЖЖОКБҰ-ның басшысы, проректорлар, ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері кіреді. Қабылдау комиссиясы құрамының саны тақ санды құрайды. Қабылдау комиссиясының төрағасы ЖЖОКБҰ-ның басшысы болып табылады. ЖЖОКБҰ басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы тағайындалады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. ЖЖОКБҰ-ға «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша, Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина)» білім беру салаласы бойынша оқуға түсушілердің құжаттарын қабылдау және оқуға түсу үшін арнайы емтихан өткізу Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының немесе ЖЖОКБҰ-ның медицина факультеттерінің (бөлімшелерінің) орналасқан жері бойынша күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 24 тамызы аралығында жүзеге асырылады.»;
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«33. ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушіге (ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Үлгілік қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты) 8-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын ұсынады.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында келтірілген.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді және көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасын қабылдау туралы қолхат беруді жүзеге асырады немесе көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Құжаттарды портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші олар түскен сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді және құжаттар толық болмаған жағдайда өтінішті қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол өтініш берушіге порталдағы «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда қызмет берушіге ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттарды қабылдау туралы хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың түпнұсқаларын күнтізбелік жылдың 10 мен 25 тамызы аралығында ұсынады.
Құжаттарды қабылдағаннан кейін ЖЖОКБҰ басшысы көрсетілетін қызметті алушыны ЖЖКОБҰ студенттерінің қатарына қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.»;
мынадай мазмұндағы 33-1, 33-2 және 33-3 тармақтармен толықтырылсын:
«33-1. Көрсетілетін қызметті беруші «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы мәліметтерді енгізуді қамтамасыз етеді.
33-2. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
33-3. Түсушілерді қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде оқу үшін ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарынақабылдау ЖЖОКБҰ-ның басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ЖЖОКБҰ-ныңқабылдау комиссиялары күнтізбелік жылғы 10 мен 25 тамыз аралығында өткізеді.»;
34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімді кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша түсушілерді қоспағанда, осы Үлгілік қағидалардың 4-тармағында белгіленген шекті балл алмаған (ҰБТ нәтижесі бойынша) орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар ЖЖОКБҰ-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
ЖЖОКБҰ-да академиялық оқу кезеңі аяқталғаннан кейін осы тұлғалар жыл бойы ҰБТ-ны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидаларында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) (бұдан әрі - № 204 бұйрық) белгіленген мерзімде тапсырады.