Toggle Dropdown
2020 жылғы 1 маусымдағы шығыс № 5-13-3/2055-И хатқа
Отправить по почте
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 7239/22 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Мемлекеттік білім беру тапсырысына байланысты қызметтер көрсетудің Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 1 тамыздағы № 350 бұйрығына өзгерiс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулер жоқ екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында кәсіпорындар (ұйымдар) базасында дуальді оқыту кезінде өндірістік оқыту мен кәсіптік практикадан өтуге байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлау жөніндегі қызметтерді сатып алу нормасын бекітуді ұсынамыз.
Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев