• Мое избранное

Отправить по почте

«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 22 қарашадағы № 14273/А002 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы 15 қазандағы
шығыс № 19-1/267-И хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын қарап, осы мәселе бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің, атап айтқанда өндірушілер мен тұтынушылар арасында мүдделер қақтығысы бар екендігін хабарлаймыз.
Сонымен қатар қаулы жобасының салыстырмалы кестесіндегі «Негіздеме» бағанында акциз мөлшерлемесін ұлғайту жолымен бензин бағасын көтеру қажеттілігінің негіздемесі ретінде Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен (бұдан әрі – РФ) шекаралас өңірлерінде РФ жеке тұлғаларының жанармай құю жолымен бензинді әкету көрсетілген. Алайда, осы әрекеттердің, яғни РФ жеке тұлғаларының жанармай құюының еліміздегі жанар-жағармай материалдарының, атап айтқанда бензиннің жағдайына ықпалы және бұл кәсіпкерлік субъектілерінің (шағын, орта, ірі) және жеке тұлғалардың жағдайына қалай әсер ететіндігі туралы қандай да бір дәлелдер мен статистикалық негіздемелер келтірілмеген.  Қазақстанның РФ-мен шекаралас өңірлерінде бензинді әкету бойынша статистикалық деректер және соңғы 3 жыл ішіндегі салыстырмалы талдау жоқ, одан көрсетілген аумақтан жеке тәртіппен, яғни жеке тұлғалар әкеткен бензин көлемдері және тиісінше, жалпы ел экономикасының, сондай-ақ қазақстандық бензинді экспорттау көлемдеріндегі шығындары туралы дәлелді қорытынды шығаруға болар еді. Бензинге арналған акциздер мөлшерлемесінің көлемін 1 тонна үшін 10500 теңгеден 24 435 теңгеге дейін ұлғайту экономикалық тұрғыдан негізделмеген.  
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Е. Больгерт