• Мое избранное
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» қаулы жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 26 қарашадағы № 14383/26 сараптамалық қорытындысы

Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
2019 жылғы 5 қарашадағы
шығыс № 18-02-13/6201-И хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2020 жылға арналған шекті шамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Жобада 2020 жылға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» (бұдан әрі – Қор) акционерлік қоғамының қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті шамасын есепті айда Қор шотына келіп түскен активтер мөлшерінің 1,51 пайызынан асырылмай белгілеу ұсынылады.  
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шығыстардың ұсынылған есебіне қосымшада баяндалған ескертулерге байланысты, Қор ұстауға жоспарланған шығыстарды және тиісінше, комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шамасын қайта қарау орынды деп есептейді.
Бұдан басқа, Қор ұстауға арналған шығыстарды жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиянақталған сомадан аспайтын, комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шамасы көлемінде белгілеу орынды деп санаймыз, себебі болжамдалғаннан жоғары активтер сомасы келіп түскен жағдайда мақсатсыз шығыстар мен негізсіз шығындардың қаупі бар.
Кәсіпкерлік кодекстің 66-бабы 3-тармағына сәйкес әзірлеуші орган сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, сараптамалық қорытындыны алған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келіспеу себептерін негіздей отырып жауап жолдайды.
Қосымша ____ парақта.
Басқарма мүшесі –
Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева