2020 жылғы 29 мамырдағы шығыс № 002-ДЮ/2432-И хатқа










Отправить по почте
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 12 маусымдағы № 7272/19 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Израиль Мемлекетінің Үкіметі арасындағы Табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияның жобасын (бұдан әрі – Жоба) қарап, келесіні хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының салық заңнамасында тиісті ұғымның болмауына байланысты Жобаның 1-бабы 2-тармағында көрсетілген «толық немесе ішінара ашық деп есептелетін құрылым» деген сөздердің мазмұндық мағынасын түсіндіру қажет деп санаймыз.
Дивидендтер төлеу кезінде 5 % салық мөлшерлемесін қолдану үшін Жобаның 10-бабы 2-тармағы а) тармақшасының ережелерімен дивидендтер төлеу күнін қоса алғанда 365 күн ішінде дивидендтер төлейтін компания капиталының кемінде 25 %-ын иелену бойынша талап көзделген. Қолданыстағы салық заңнамасында белгілі бір шарттарды орындау кезінде төлем көзінен дивидендтер босату нормалары қарастырылғанын назарға ала отырып, іс-жүзінде бұл нормаларды қолдану даулы жағдайларға және салық агентінің меншікті қаражаты есебінен табыс салығын төлеу қажеттілігіне әкелуі мүмкін.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Е. Өстеміров

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |