Toggle Dropdown
2019 жылғы 12 қарашадағы шығыс № 01-15-5-11/4258-И хатқа
Отправить по почте
«2020 – 2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы» өкім жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 27 қарашадағы № 14433/23 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «2020 – 2023 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және іспен шұғылдануын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі өкімінің жобасын қарап (бұдан әрі – Өкім жобасы), келесіні хабарлайды.
Бүгінде елімізде балаларды күзгі, қысқы және көктемгі каникул кездерінде қабылдайтын сауықтыру лагерьлері бар.
Осыған байланысты өкімнің күшін жазғы каникулмен шектемеу мақсатында өкімнің редакциясынан «жазғы» сөзін алып тастауды жөн санаймыз.
Сонымен қатар «Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдеріне, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне» 1-тармағын ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. Ф. Жақыпованың № 356 бұйрығымен бекітілген «2020-2023 жылдарға арналған санаторийлер, турбазалар, ұлттық парктер, жоғары оқу орындары жанынан лагерьлер ашу, жұмыс істемей тұрған лагерьлерді қалпына келтіру арқылы балалар лагерьлерінің желісін кеңейту Жол картасының» орындалуын үйлестіру мен қадағалауды қамтамасыз ету» 8) тармақшасымен толықтыруды сұраймыз.
Сондай-ақ қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерінің саны бойынша нақты мәліметтердің жоқтығына байланысты 1-тармақты «Қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерінің реестрін құру мәселесін пысықтау» 9) тармақшасымен толықтыруды сұраймыз.
Анықтама. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің дерегі бойынша елімізде 90 балалар лагері жұмыс істейді, Қазақстан Республикасының балалар мен жасөспірімдер туризмі ассоциациясының дерегі бойынша – 235.
Сонымен бірге бизнес өкілдерінен ұсыныстар келіп түсуіне байланысты, Өкім жобасын келесі тапсырмалармен толықтыруды сұраймыз:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне:
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға каникул кездерінде мұражайлар мен киелі жерлерге тегін экскурсия ұйымдастыру мәселесін пысықтау;
2. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне:
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктер аумағында балаларға арнайы туристік маршруттар қалыптастыру.
3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне:
Жазғы каникул кезінде ұйымдастырылған балалар топтарын авиа және темір жол билеттерімен қамтамасыз ету мәселесін пысықтау.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабына сәйкес осы сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, белгіленген мерзімде тиісті негіздемелерді ұсынуды сұраймыз.
Басқарма төрағасы орынбасарының м.а. Н. Үсенова