• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы
Внимание! Документ утратил силу с 04.11.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 81 бұйрығы

Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 04.11.2020 жылғы № 3 Бұйрығына сәйкес 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ереженің 21-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шымкент қаласының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақмола облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Ақтөбе облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
7) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
8) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Батыс Қазақстан облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Жамбыл облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
10) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
11) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қостанай облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
12) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қызылорда облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
13) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Маңғыстау облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
14) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Павлодар облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
15) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Солтүстік Қазақстан облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
16) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Түркістан облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
17) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаментi туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Заң басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына жұмыста басшылыққа алу және орындау үшін жеткізсін.
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары бір ай мерзімде орындау қорытындылары жөнінде Статистика комитетіне хабарлаумен белгіленген мерзімдерде осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға Н. Айдапкелов
Қазақстан Республикасы 
Ұлттық экономика министрлігінің 
Статистика комитеті төрағасының 
 2020 жылғы 11 маусымдағы
 № 81 бұйрығына 
1-қосымша 
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік статистикалық қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік аумақтық органы болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Департамент заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 22.
9. Департаменттің толық атауы – «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
Егер Департаментке заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің міндеттері:
мемлекеттік статистиканың қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру.
14. Департаменттің функциялары:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
2) статистикалық әдiснаманы қалыптастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
3) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргізеді;
4) статистикалық жұмыстардың жоспарын, респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигін және жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейінгі алдағы күнтізбелік жылға ресми статистикалық ақпаратты тарату графигін құру кезінде ұсыныстар енгізеді;