• Мое избранное
Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 21 қаңтардағы № 26 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энэргетика министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 252) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі қүралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрінің «Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2014 жылғы 4 маусымдағы № 202 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
2) осы бұйрықты энергия өндіруші ұйымдардың назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр Н. Ноғаев
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 21 қаңтардағы № 26
 бұйрығымен бекітілді
  • 1
Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі кұралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесі
Жалпы ережелер
1. Осы Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін есептеу әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) энергия өндіруші ұйымдардың негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға бірыңғай әдіснамалық тәсілді қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.
2. Әдістеме негізгі құралдардың тозу деңгейін есептеуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдардың маманына арналған.
3. Әдістемеде мынадай анықтамалар қолданылған:
1) есептік кезеңдегі жұмыс істеуі - пайдалануға енгізілген сәттен бастап көрсетілген кезеңге дейін жабдықтың (тораптың) жұмыс уақытының саны (tа);
2) қызмет етудің нормативтік мерзімі - дайындаушы зауыттың техникалық лимитіне сәйкес жабдықты пайдалану кезеңі;
3) пайдаланудың рұқсат етілген мерзімі - жабдықты орнату күнінен бастап пайдаланудан алу немесе ауыстыру күніне дейінгі уақыт кезеңі;
4) парктік ресурсы - дайындаушы зауыт айқындаған уақыт кезеңі, ол уақыт ішінде объект пайдаланылуы тиіс (tп);
5) физикалық тозу - пайдалану, ұзақ сақтау немесе қоршаған ортаға әсері процесінде машиналар мен жабдықтардың табиғи тозуынан туындаған бастапқы техникалық - экономикалық көрсеткіштердің нашарлауы салдарынан жұмысқа қабілеттілігі құнын немесе ақаусыз техникалық күйін жоғалтуға әкелетін тозу.
4. Энергия жабдығының парктік ресурсы дайындаушы зауытпен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің 2012 жылғы 22 қазандағы № 58 бұйрығымен келісілген жылу электр станциясы қазандарының, турбиналары мен кұбырларының негізгі элементтерінің металды бақылау және қызмет ету мерзімін ұзарту жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен анықталады.
5. Электр станциясының негізгі жабдықтарының барлық тораптары мен элементтерінің негізгі материалы металл болып табылады және әрбір элемент немесе торап агрегаттың жалпы салмағына өзінің белгілі салмағы болады.
Негізгі жабдықтың (турбиналардың, қазандардың және т.б.) тозуын есептеу физикалық тозудың элементтік есебі әдісімен есептеледі, ол жекелеген блоктардан, жүйелерден, агрегаттардан, өндірістік желілер немесе аппараттық кешендер сияқты бағалау объектілерінен тұратын күрделі агрегаттардың құрамдас тораптары арқылы осы тораптың тоннажына байланысты, орташа өлшенген бірліктер арқылы жүзеге асырылады. Бүл әдіс жеке элементтерді ауыстыру кезінде станцияның негізгі жабдықтарының тозуын толық көлемде көрсету. Жыл сайын қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттардың жекелеген элементтерін ауыстыру кезінде қазандық агрегаты мен турбоагрегаттар бойынша тозу, сондай-ақ тұтастай алғанда энергия өндіруші ұйымның негізгі кұралдарының жалпы тозуы азаяды.
Конденсациялық электр станциялары мен жылу электр орталықтары үшін негізгі құралдардың тозу деңгейін анықтау
6. Конденсациялық электр станциялары мен жылу электр орталықтары үшін негізгі қүралдардың тозу деңгейі қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттар бойынша есептелуі мүмкін.
7. Негізгі құралдардың тозу деңгейі осы тораптың тоннажына байланысты орташа өлшенген бірліктер арқылы қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттардың барлық тораптарының табиғи тозуын элементтік есептеу әдісімен есептелуі мүмкін.
8. Пайдаланудың рұқсат етілген мерзімінен жұмыс істеу проценті былай анықталуы мүмкін, %:
Х = tа /tп *100
tа - есептік кезеңдегі жұмыс істеуі (сағат)
tп - пайдаланудың рүқсат етілген мерзімі (сағат)
9. Агрегаттың әрбір торабының жалпы салмагының проценті былай есептелуі мүмкін, %:
У = Мта *100
Мт - торап салмагы (тонна)
Ма - агрегат салмағы (тораптар массасының қосындысы) (тонна)
Тораптардың тізбесі 1-кестеде келтірілген.
10. Осы тораптагы тозу проценті мынадай түрде есептелуі мүмкін, %:
Т = Х*У/100
11. Агрегаттың тозу проценті - агрегаттың барлық тораптарындагы тозу процентінің қосындысы.
12. Негізгі қүралдардың тозуының жалпы деңгейі орташа арифметикалық есептеу жолымен есептелуі мүмкін:
∑ агрегаттардың тозулары / агрегаттар саны.
Су электр станциялары үшін негізгі құралдардың тозу деңгейін анықтау
13. Су электр станциялардағы негізгі құралдардың тозу деңгейі гидроагрегаттар бойынша есептелуі мүмкін.
14. Тозу деңгейі осы тораптың салмағына байланысты гидроагрегаттардың құрамдас тораптары (турбина, генератор, қоздырғыш) арқылы есептелуі мүмкін.
15. Пайдаланудың рүқсат етілген мерзімінен жүмыс істеу проценті былай анықталуы мүмкін, %::
Х = tа /tп *100
tа - есептік кезеңдегі жүмыс істеуі (сағат)  
tп - пайдаланудың рүқсат етілген мерзімі (сағат)
16. Агрегаттың әрбір торабының жалпы салмағының проценті былай есептелуі мүмкін, %:
У = Мта *100
Мт - торап салмағы (тонна)
Ма - агрегат салмағы (тораптар массасының қосындысы) (тонна)
Тораптардың тізімі 2-кестеде келтірілген.
17. Осы тораптагы тозу проценті мынадай түрде есептелуі мүмкін, %:
Т = Х*У/100
18. Гидроагрегаттың тозу проценті - агрегаттың барлық тораптарындағы тозу процентіның қосындысы.
19.  Негізгі құралдардың тозуының жалпы деңгейі орташа арифметикалық есептеу жолымен есептелуі мүмкін:
∑ агрегаттардың тозулары / агрегаттар саны.
Газ турбиналы электр станциялары үшін негізгі құралдардың тозу деңгейін анықтау
20. Газ турбиналы электр станцияларындагы негізгі кұралдарының тозу деңгейі мынадай формула бойынша есептелуі мүмкін:
ИГТЭС = ИГТ Қ + ИҚ У + ИБТ 
бүт жерде:
ИГТ Қ - газ турбиналы қондырғының тозуы;
ИҚ У - қазандық утилизатордың тозуы (болған жағдайда);
ИБТ - бу турбинаның тозуы (болған жагдайда).
21. Газ турбиналы қондыргының тозу деңгейі газ турбинасының, генератордың, қоздырғыштың қүрамдас тораптары арқылы осы тораптың салмагына байланысты орташа өлшенген бірліктер арқылы есептелуі мүмкін.
22. Пайдаланудың рұқсат етілген мерзімінен жұмыс істеу проценті былай анақталуы мүмкін, %:
Х = ta /tп *100
ta - есептік кезеңдегі жұмыс істеуі (сағат)
tп - пайдаланудың рұқсат етілген мерзімі (сағат)
23. Агрегаттың әрбір торабының жалпы салмағының үлесі былай есептелуі мүмкін, %:
У = Мта *100
Мт - торап салмағы (тонна)
Ма - агрегат салмағы (тораптар массасының қосындысы) (тонна)
Тораптардың тізімі 3-кестеде келтірілген.
24. Осы тораптагы тозу проценті мынадай түрде есептелуі мүмкін, %:
Т = Х*У/100
25. Газтурбоагрегаттың тозу проценті - агрегаттың барлық тораптарындагы тозу процентіның қосындысы.
26. Қазандық утилизатордың (ИҚУ) және бу турбинасының (ИБТ) тозуы осы Әдістеменің 2-тарауына сәйкес есептелуі мүмкін.
27. Негізгі күралдардың тозуының жалпы деңгейі орташа арифметикалық есептеу жолымен есептелуі мүмкін:
∑ агрегаттардың тозулары / агрегаттар саны.
Газ-поршенді электр станциясы үшін негізгі қүралдардың тозу деңгейін анықтау
28. Газ-поршенді электр станциялардағы негізгі қүралдарының тозу деңгейі газ-поршенді қондырғылар бойынша есептелуі мүмкін.
29. Тозу деңгейі пайдаланудың нақты және нормативтік уақытын салыстырумен есептелуі мүмкін, %:
Х = ta /tп *100
ta - есептік кезеңдегі жүмыс істеуі (сағат)  
tп - пайдаланудың рұқсат етілген мерзімі (сағат)
30. Негізгі күралдардың тозуының жалпы деңгейі орташа арифметикалық есептеу жолымен есептелуі мүмкін:
∑ агрегаттардың тозулары / агрегаттар саны.
Жел электр станциялары үшін негізгі қүралдардың тозу деңгейін анықтау
31. Жел электр станциялардағы негізгі қүралдарының тозу деңгейі жел агрегаттары бойынша есептелуі мүмкін.
32. Тозу деңгейі осы тораптың салмағына байланысты жел агрегаттарының қүрамдас тораптары арқылы орташа өлшенген бірліктер арқылы есептелуі мүмкін.
33. Пайдаланудың рүқсат етілген мерзімінен жұмыс істеу проценті былай анықталуы мүмкін, %::
Х = ta /tп *100
ta - есептік кезеңдегі жұмыс істеуі (сағат)  
tп - пайдаланудың рұқсат етілген мерзімі (сағат)
34. Агрегаттың әрбір торабының жалпы салмағының үлесі былай есептелуі мүмкін, %:
У = Мта  *100
Мт - торап салмағы (тонна)
Ма - агрегат салмағы (тораптар массасының қосындысы) (тонна)
Тораптардың тізімі 4-кестеде келтірілген.
35. Осы тораптағы тозу проценті мынадай түрде есептелуі мүмкін, %:
Т = Х*У/100
36. Жел агрегаттарының тозу проценті - агрегаттың барлық тораптарындағы тозу процентінің қосындысы.
37. Негізгі қүралдардың тозуының жалпы деңгейі орташа арифметикалық есептеу жолымен есептелуі мүмкін:
∑ агрегаттардың тозулары / агрегаттар саны.
1- кесте. Қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттары бойынша конденсациялық электр станциялары мен жылу электр орталықтарының негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға арналған тораптар тізбесі.

Қазандық агрегаты

(энергетикалық, су

жылытатын қазандар)

Турбоагрегаттар

1

Барабан (бар болса))

1

Өткізетін қүбырлар (болған

кезде)

2

Қыздыру беттері

2

Тоқтатқыш клапан (бар болса))

2.1

Экрандар (алдыңғы, артқы,

бүйір), (бар болса)

3

Бас бу қүбыры (бар болса)

2.2

Коллектордың экрандар

(болған кезде)

4

Жоғары қысымды Цилиндр (бар

болса))

2.3

Бу жылытқыштар

(конвективті, ширмалық,

төбелік және т. б.), (болған

жағдайда)

5

Орташа қысымды Цилиндр (бар

болса))

2.4

Су экономайзерлері (бар

болса))

6

Төмен қысымды Цилиндр (бар

болса))

2.5

Ауа жылытқыштар (болған

жағдайда)

7

Жоғары қысымды Ротор (бар

болса))

3

Бу жинау камерасы (бар

болса))

8

Орташа қысымды Ротор (бар

болса))

4

Бас бу қүбыры (бар болса)

9

Төмен қысымды Ротор (бар

болса))

5

Қаңқасы

10

Бу қорабы (бар болса)


 


 

11

Генератор (бар болса))


 


 

11.1

Генератор статоры


 


 

11.2

Генератор роторы


 


 

12

Қоздырғышы (болған кезде)

2- кесте. Гидроагрегаттар бойынша су электр станцияларының негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға арналған тораптар тізбесі.

Гидроагрегат

1

Гидравликалық турбина (бар болса))

1.1

Шар қақпағы

1.2

Гидротурбинаның жумыс дөңгелегі

1.3

Гидротурбин білігі

1.4

Маховик (бар болса)

2

Генератор (бар болса))

2.1

Генератор роторы (бар болса))

2.2

Генератордың статоры (болған кезде)

3

Қоздырғышы (болған кезде)

4

Соплалық аппарат

3- кесте. Турбоагрегаттар бойынша газ турбиналы электр станциясының негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға арналған тораптар тізбесі

Газотурбоагрегат

1

Компрессор (бар болса)

2

Жану камерасы (бар болса))

3

Газ турбинасы (бар болса))

3.1

Турбина роторы (бар болса))

4

Генератор

4.1

Генератор роторы (бар болса))

4.2

Генератордың статоры (болған кезде)

5

Қоздырғышы (болған кезде)

4- кесте. Газ-поршенді қондырғы бойынша газ-поршенді электр станциясының негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға арналған тораптар тізбесі.

Газ-поршенді қондырғы

1

Корпус (бар болса))

2

Таратқыш білік (болған кезде)

3

Иінді білік (бар болса))

4

Г енератор

4.1

Генератор роторы (бар болса))

4.2

Генератордың статоры (болған кезде)

5- кесте. Жел агрегаттары бойынша жел электр станциясының негізгі құралдарының тозу деңгейін анықтауға арналған тораптар тізбесі.

Жел агрегаттары

1

Бұранда қадамын өзгертуге арналған құрылғы

(болған жағдайда)

2

Бұранда қалақтары (болған жағдайда)

3

Трансмиссия (болған жағдайда)

4

Тежегіш жүйесі (болған жағдайда)

5

Электр генераторы (болған жағдайда)

6

Қоздырғыш (болған жағдайда)

7

Айналмалы механизм (болған жағдайда)

8

Жел генераторының діңгегі

Осылайша, энергия өндіруші ұйымдар бойынша орташа тозуды айқындай отырып, республика бойынша тозуды анықтауға болады. Өңірлер бойынша тозуды өңірлер немесе ел бойынша электр қуаты мен электр станцияларының қуатына байланысты электр станцияларының белгілі бір орташа тозуы бойынша есептеуге болады.
Жабдықтың тозу проценті индикатор болып табылады (жабдықтың тұрақ немесе ұзартылған парк ресурсына істелген жұмысы). Негізгі жабдықтың тозу деңгейін төмендету негізгі жабдықты уақтылы жоспарлы-алдын ала жөндеу, жабдықтың тораптары мен элементтерін ауыстыру, негізгі жабдықтың өзін ауыстыру және жаңа электр станцияларын салу жолымен болуы мүмкін.
Жабдықты техникалық куәландыру
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 247 бұйрығымен бекітілген Электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларының 42, 43-тармақтарына сәйкес, әрбір энергия объектілерде энергетикалық қондырғылардың (жабдықтар, ғимараттар мен кұрылыстар) техникалық жай-күйін тұрақты және жүйелі түрде бақылануының (тексеру, техникалық куәландыру) ұйымдастырылуы, олардың жай-күйі мен қауіпсіз пайдаланылуы үшін жауапты тұлғалардың анықталады, сондай-ақ техникалық және технологиялық қадағалау жөніндегі персоналдың тағайындалады және оның лауазымдық міндеттері бекітіледі.
Энергия объектілердің қатарына енетін барлық технологиялық жүйелер, жабдықтар, ғимараттар мен құрылыстар, оның ішінде су құрылыстары жүйелі түрде техникалық куәландандыруға ұшырайды.
Техникалық куәландыруды энергия объектінің техникалық жетекшіні немесе оның орынбасары басшылық ететін энергия объектінің комиссиясы жүргізеді. Комиссияға энергия объектінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары, мамандандырылған және сарапшы ұйымдардың мамандары кіреді.
Техникалық куәландыру 5 жылда кемінде 1 рет жүргізіледі.
Техникалық куәландырудың міндеттері пайдаланудың жай-күйін бағалау, мерзімі мен пайдалану шарттарын белгілеу, сондай-ақ энергетикалық қондырғыларды белгіленген ресурстармен қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды айқындау болып табылады.
Кезеңдік техникалық куәландыру көлеміне сыртқы және ішкі қарап-тексеру, техникалық құжаттарды тексеру, жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың (гидравликалық сынау, сақтандырғыш қақпақтарды ретке келтіру, қауіпсіздік автоматтарын, жүк көтергіш механизмдерін, жерге қосу контурларын сынау) қауіпсіздік шарттарына сәйкестігін сынау қосылады.
Техникалық куәландырумен бір уақытта энергия объектінің жүмысын бұзушылықтарды және оның қызмет көрсетуі кезінде жазатайым оқиғаларды тергеу нэтижелері бойынша белгіленген іс-шаралардың және (қадағалау) органдарының ұйғарымдарын, сондай-ақ бүрынғы техникалық куәландыру кезінде әзірленген іс-шаралардың орындалуын тексеру жүзеге асырылады.
Техникалық куәландыру нэтижелері энергия объектінің техникалық .. паспортына енгізіледі.
Бақылау процесінде анықталған апатты-қауіпті ақаулары бар, сондай-ақ техникалық куәландыру мерзімінің бұзушылығы орын алған энергетикалық қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.
Техникалық куәландырудың мақсаттары мен міндеттері және оны өткізу мерзімділігі және парк ресурсын ұзарту
1. Техникалық куәландырудың міндеттері ЭӨҰ объектілерінің, ғимараттар мен құрылыстардың, негізгі және қосалқы жабдықтардың жай-күйін бағалау және белгіленген ресурсты қамтамасыз ету, жүмысқа қабілетті жай-күйін сақтау, түтас алғанда әрбір объектінің талап етілетін пайдалану сенімділігін анықтау болып табылады.
2. Объектіні техникалық куәландыру оның элементтерінің ағымдағы жай-күйін тәуелсіз жан-жақты сараптамалық бағалауды жүзеге асыру, пайдалану мерзімдері мен шарттарын нақтылау, сондай-ақ энергия өндіруші үйымға жүктелетін технологиялық функциялардың авариясыз және қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды (қосымша диагностикалық бақылау, жөндеу, жаңғырту, қайта жаңарту немесе жабдықты ауыстыру) айқындау үшін жүргізіледі.
3. Техникалық куәландыру 5 жылдан кем емес кезеңділікпен жүргізуге болады. Электржелілік объектіні кейіннен куәландырудың нақты мерзімін комиссия айқындайды, акт-қорытындыда көрсетіледі.
4. Жабдықты пайдалану мерзімін ұзарту зауыттық (немесе басқа нормативтік-техникалық) құжаттамада белгіленген негізгі энергия жабдығының қызмет ету мерзімі немесе нормативтік ресурсы аяқталганнан кейін, бірақ егер дайындаушы зауыттың қызмет ету мерзімі туралы деректері болмаса, объектіні пайдалануга берген сәттен бастап 25 жылдан кешіктірілмей жүргізуге болады.
Қызмет ету мерзімін ұзарту диагностикамен, талдаумен, бақылаумен және техникалық жай-күйін бағалаумен толық техникалық куәландырудан кейін гана жүргізуге болады.
5. Жыл сайын кәсіпорынның күшімен тозуды төмендету бойынша индикаторларға сүйене отырып, жабдықтың техникалық жай-күйін зерттеу және талдау жүргізуге болады.
6. Жабдықтың тозу деңгейінің белгілі бір индикаторын процентпен (80 %) белгілеуге, оған кемінде 2 жыл бұрын энергия кәсіпорны жабдықтың немесе жалпы қондырғының тозған тораптарын ауыстыру, жаңарту жөніндегі іс-шараларды немесе жобаны эзірлеуге болады.
7. 2 парктік ресурс жабдығының өндіріміне қол жеткізу кезінде оны ауыстыруды жүргізуге болады, бұл ретте жабдықты ауыстыруға дайындықты ең озық қолжетімді технологияларды (өнімділік, меншікті шығыс, ҚНК, экология және т.б.) қолдана отырып, алдын ала бастауға болады.
8. Кәсіпорындар жыл сайын жаңартылып, тозу деңгейін төмендету жөніндегі жоспар-бағдарлама әзірлеуді, оған сүйене отырып, жабдықтарды күрделі жөндеу және негізгі қорларды жаңартуды жоспарлауды ұсынады.
Негізгі құралдардың тозуын азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеу кезінде Энергия өндіруші ұйымдардың негізгі жабдықтарының тозуын бағалаудың осы әдістемесін басшылыққа алуды ұсынады.
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2020 жылғы 21 қаңтардағы
 № 26 бұйрығына қосымша
Негізгі құралдардың тозу деңгейін есептеу үлгісі:
Турбоагрегат:

Түйін атауы

Жұмыс

істеу

кезеңі

Пайдаланудың

рүқсат етілген

мерзімі

Х,%

Торап

салмағы,

тонна

У,%

И,%

қайта жіберу

құбырлары

31443

250000

12,58

7,044

8,23

1,04

стопор

клапаны

341881

345228

99,03

7,8911

9,22

9,13

бас бу қүбыры

56022

165000

33,95

13,845

16,18

5,49

ЖКД (жоғары

қысым

цилиндрі)

341881

344571

99,22

46

53,75

53,33

ЖҚР (жоғары

қысым

роторы)

341881

344571

99,22

10,8

12,62

12,52

Барлығы:


 


 


 

85,5801

100


 

Агрегаттың

тозуы:


 


 


 


 


 

81,51

Пайдаланудың рүқсат етілген мерзімінен істелген жүмыс процентін табамыз, %:
Х = tн/tж *100
қайта жіберу құбырлары - (31 443/250 000)* 100 = 12,58%
ст. клапаны- (341 881/345 228)*100 = 99,03%
бас бу қүбыры - (56 022/165 000)* 100 = 33,95%
ЖҚЦ - (341 881/344 571)* 100 = 99,22%
ЖҚР - (341 881/344 571)*100 = 99,22%
%:
У = Му/Ма *100
қайта жіберу құбырлары- (7,044/85,5801)* 100 = 8,23%
ст. клапаны- (7,8911/85,5801)* 100 = 9,22%
бас бу құбыры- (13,845/85,5801)* 100 = 16,18%
ЖҚЦ- (46/85,5801)* 100 = 53,75%
ЖҚР-(10,8/85,5801)* 100= 12,62%
Жекелеген тораптардың салмағы жалпы салмақтан процентпен: қайта іске қосу құбырлары 8,23%, тоқтатқыш клапаны 9,22 %, бас бу құбыры 16,18 %, жоғары қысымды цилиндр 53,75%, жоғары қысымды ротор 12,62% құрайды.
Осы тораптағы тозу проценті,%:
И = Х*У/100
қайта жіберу құбырлары- (12,58*8,23)/100 = 1,04%
ст. клапаны- (99,03*9,22)/100 = 9,13%
бас бу құбыры- (33,95* 16,18)/100 = 5,49%
ЖҚЦ- (99,22*53,75)/100 = 53,33%
ЖҚР- (99,22* 12,62)/100 = 12,52%
Агрегаттың тозу проценті-Агрегаттың барлық тораптарындағы тозу процентінің сомасы.
1,04+9,13+5,49+53,33+12,52 = 81,51%
Қазандық агрегаты

Түйін атауы

Жұмыс

істеу

кезеңі

Пайдаланудың

рұқсат етілген

мерзімі

Х,%

Торап

салмағы,

тонна

У,%

И,%

барабан

307 562

344 720

89,22

53860

65,12

58,10

КБҚ

(конвективті бу

қыздырғыш) 1

сатысы

307 562

319 720

96,20

2055

2,48

2,39

КБҚ 2 сатысы

307 562

319 720

96,20

3287

3,97

3,82

бу

салқындатқышты

бүрку

307 562

319 720

96,20

1540,74

1,86

1,79

бу

171 343

350 000

48,96

2800

3,39

1,66

салқындатқышқа

қайта шығару

құбыры


 


 


 


 


 


 

бу

салқындатқышқа

қайта шығару

құбыры

307 562

309 720

99,30

1710

2,07

2,06

бу жинау

камерасына

қайта шығару

құбыры

307 562

309 720

99,30

3484

4,21

4,18

БЖК (бу жинау

камерасы)

307 562

319 720

96,20

475

0,58

0,56

Бу үштармағы

100 167

250 000

40,07

150

0,18

0,07

бас бу құбыры

11 498

165 000

6,97

13352,53

16,14

1,12

Барлығы:


 


 


 

82714,27

100


 

Агрегаттың

тозуы:


 


 


 


 


 

75,75

Пайдаланудың рұқсат етілген мерзімінен істелген жұмыс процентін табамыз, %:
Х = tн/tж *100
барабан- (307 562/344 720)* 100 = 89,22%
КБҚ 1 сат - (307 562/319 720)* 100 = 96,20%
КБҚ 2 сат. - (307 562/319 720)* 100 = 96,20%
бу салқындатқышты бүрку- (307 562/319 720)* 100 = 96,20%
бу салқындатқышқа қайта шығару құбыры- (171 343/350 000)* 100 = 48,96%
бу салқындатқыштан қайта шығару құбыры- (307 562/309 720)* 100 = 99,3%
БЖК-ға қайта шығару құбыры - (307 562/309 720)* 100 = 99,3%
бу жинау камерасы- (307 562/319 720)* 100 = 96,20%
бу үштармағы- (100 167/250 000)* 100 = 40,07%
бас бу құбыры- (11 498/165 000)* 100 = 6,97%
Жалпы салмақтан әрбір агрегат торабының салмағын табамыз, %:
У = Му/Ма*100
барабан- (53 860/82 714,27)* 100 = 65,12%
КБҚ 1 сат. - (2 055/82 714,27)*100 = 2,48%
КБҚ 2 сат. - (3 287/82 714,27)*100 = 3,97%
бу салқындатқышты бүрку- (1 540,74/82 714,27)* 100 = 1,86%
бу салқындатқышқа қайта шығару құбыры - (2 800/82 714,27)* 100 = 3,39%
бу салқындатқыштан қайта шығару құбыры - (1 710/82 714,27)* 100 = 2,07%
БЖК-ға қайта шығару құбыры - (3 484/82 714,27)* 100 = 4,21%
бу жинау камерасы - (475/82 714,27)* 100 = 0,58%
бу үштармағы - (150/82 714,27)* 100 = 0,18%
бас бу құбыры- (13 352,53/82 714,27)* 100 = 16,14%
Осы тораптағы тозу проценті,%:
И = Х*У/100
барабан- (89,22*65,12)/100 = 58,10%
КБҚ 1 сат. - (96,20*2,48)/100 = 2,39%ъ
КБҚ 2 сат. - (96,20/3,97)/100 = 3,82%
бу салқындатқышты бүрку- (96,20* 1,86)/100 = 1,79%
бу салқындатқышқа қайта шығару құбыры - (48,96*3,39)/100 = 1,66%
бу салқындатқыштан қайта шығару құбыры - (99,30*2,07)/100 = 2,06%
БЖК-ға қайта шығару құбыры - (99,30*4,21)/100 = 4,18%
бу жинау камерасы- (96,2*0,58)/100 = 0,56%
бу үштармағы - (40,07*0,18)/100 = 0,07%
бас бу құбыры- (6,97*16,14)/100 = 1,12%
Негізгі құралдардың жалпы тозу деңгейін орташа арифметикалық есептеу арқылы табамыз:
∑ тозу / жабдықтар саны, мысалы:
№ 1 ст. КА - 93 тозу%
N 2 ст. КА - 84,45 тозу%
N 3 ст. КА - тозу 77,69%
N 4 ст. КА - тозу 79,71%
N 5 ст. КА-75,75 тозу%
N 6 ст. КА - тозу 31,67%
N 7 ст. КА - тозу 32,01%
N 9 ст. КА - тозу 76,49%
N 10 ст. КА - 76,73 тозу%
N 11 ст. КА-80,89 тозу%
N 12 ст. КА - тозу 64,65%
ТА № 1 ст. - тозу 98,43%
ТА № 2 ст. - тозу 48,82%
ТА № 3 ст. - тозу 85,66%
ТА № 4 ст. - тозу 0,35%
ТА № 5 ст. - тозу 84,33%
ТА № 6 ст. - 81,51 тозу%
ТА № 7 ст - тозу 84,74%
(93+84,45+77,69+79,71+75,75+31,67+32,01+76,49+76,73+80,89+64,65)/1
1 = 70,276 % (98,43+48,82+85,66+0,35+84,33+81,51+84,74)/7 = 69,13%
Негізгі қүралдардың жалпы тозу деңгейі:
(70,276+69,13)72 = 69,7%