Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:










Отправить по почте
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулы жобасына құжаттама
Қараңыз: Жолдаманы Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына (ҚР ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 66-67, 395-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы «___»_____________ № ______ қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысымен бекітілген
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі (бұдан әрі-талдау объектісі) – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар және (немесе) олардың ведомстволары, мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері.
3. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды:
1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау;
2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу;
3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу;
4) сот төрелігі;
5) жедел-іздестіру қызметі;
6) қылмыстық-атқару қызметі;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау.
4. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың негіздемелері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдары;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтінішінің және оны өткізу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның шешімі;
4) өткен 5 жыл ішінде мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің болмауы болып табылады.
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес талдау объектілерін уәкілетті орган мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды.
6. Уәкілетті орган жарты жылдыққа арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін қалыптастырады.
Кестені уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді және ол уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
Орындалу мерзімдері бекітілген кестенің қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімі мен ұсынымдары келіп түскен жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау кестеден тыс жүргізіледі.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін уәкілетті органның және талдау объектісінің бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқаратын немесе олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) қабылданады.
8. Бірлескен шешімде мынадай ақпарат болады:
1) талдау объектісінің атауы;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізу кезеңі;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы туралы мәліметтер;
4) бірлескен шешімнің орындалуын бақылау және талдамалық анықтамаға қол қою жүктелетін уәкілетті органның және талдау объектісінің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер.
9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды талдау объектісі қатысты ақпаратты жинау және қорыту кезеңін есепке алмағанда, отыз жұмыс күнінен аспайтын кезеңде бірлескен шешіммен бекітілетін жұмыс тобы жүргізеді.
Қажет болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім талдау объектісінің келісімі бойынша отыз жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін.
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мынадай кезеңдерді:
1) талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды;
2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін:
мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық актілердегі, ішкі құжаттарда;
талдау объектінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде анықтау.
3) осы Қағидалардың 14, 15 және 16-тармақтарына сәйкес талдау анықтамасын жасауды, келісуді және қол қоюды;
4) талдау объектісінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді қамтиды.
Қажет болған жағдайда уәкілетті орган талдау объектісімен бірлесіп, жұртшылық өкілдерінің, , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандардың және (немесе) сарапшыларының қатысуымен неғұрлым сыбайлас жемқорлық және проблемалық мәселелер бойынша кеңестер өткізе алады.
12. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау:
1) персоналды басқару;
2) мүдделер қақтығысын реттеу;
3) іске асыру функцияларын орындау;
4) бақылау және қадағалау функцияларын орындау;
5) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді зерделеуді қамтиды.
13. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін ақпарат көздері:
1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен өзге де құжаттар;
2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты ақпарат;
3) талдау объектісінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпарат жүйелерінен алынған деректер;
4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері;
5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері;
7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
9) сыбайлас жемқорлық талдау объектісінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтау және оны жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер;
10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері;
11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрау нәтижелері;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады.
Талдау объектісі жұмыс тобына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін ақпаратты талдау басталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
3-тарау. Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары
14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты оларды жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.
15. Талдау анықтамасын дайындағаннан кейін уәкілетті орган оны талдау объектісімен келіседі.
Талдау анықтамасымен келіспеген жағдайда талдау объектісі екі жұмыс күні ішінде жұмыс тобына келіспеу себептерінің тиісті негіздемесін ұсынады.
16. Талдамалық анықтама екі данада жасалады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың осы Қағидалардың 11 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бірлескен шешімде айқындалған уәкілетті органның және талдау объектісінің лауазымды адамдары қол қояды.
17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның және талдау объектісінің интернет-ресурстарында орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылуы мүмкін.
18. Талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі.
19. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді.
Мониторинг жүргізу үшін талдау объектісі талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық ақпаратты жолдайды.
Талдау объектісінің қорытынды ақпаратын талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы қорытынды ақпаратты жолдайды.
20. Уәкілетті орган талдау объектінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық немесе қорытынды ақпараттың және растайтын құжаттардың келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу мониторингінің нәтижелерін әзірлейді.
Уәкілетті орган талдау объектісіне мониторинг нәтижелерін жібереді.
Талдамалық анықтаманың ұсынымдары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган мониторинг нәтижелерін консультациялық-кеңесші органдардың қарауына жібереді.
Егер қорытынды мониторинг жүргізу кезінде талдау объектілері ұсынымдарды толық көлемде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган мониторингті олар түпкілікті аяқталғанға дейін жалғастырады.
21. Мониторинг нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның және талдау объектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына 1-қосымша
Нысан
Бекітемін ____________________________ (уәкілетті органның бірінші басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні) ____________________________ (уәкілетті органның бірінші басшысының қолтаңбасы) ____________________________ (күні)
_____ жылдың _____жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің кестесі
|
Р/с №
|
Кезең |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауобъектісі |
Негіздемесі |
|
|
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына 2-қосымша
Нысан
Бекітемін ____________________________ (талдау объектісі басшысының лауазымы, тегі, аты-жөні) ____________________________ (талдау объектісі басшысының қолтаңбасы) ____________________________ (күні)
_________________________________ талдау объектісінің атауы
жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары
|
р/с №
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның ұсынымы |
Іс-шара |
Аяқталу нысаны |
Орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
|
|
|
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық/қорытынды ақпарат
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сртқы талдау объектінің атауы:___________________________________________________________
Талдау жүргізк кезеңі: ________________________
Талдамалық анықтамаға қол қою күні:____________
|
р/с №
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның ұсынымы |
Іс-шаралар жоспарына сәйкес аяқталу нысаны |
Орындалуы туралы ақпарат |
|
|
|
|
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларына 4-қосымша
Нысан
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу мониторингінің нәтижелері
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сртқы талдау объектінің атауы: ___________________________________________________________
Талдау жүргізк кезеңі: ________________________
Талдамалық анықтамаға қол қою күні:____________
Барлығы ____ ұсыным енгізілді.
Олардың ішінде:
____ - толық көлемде орындалды;
____ - ішінара орындалды
____ - орындалмаған;
____ - өзектілігі жойылған.
|
р/с № |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша уәкілетті органның ұсынымы |
Орындалуы туралы ақпарат |
Мониторинг нәтижелері |
|
|
|
|
|
«Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына орналастырылған жоба туралы АНЫҚТАМА
Агенттікпен әзірленген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы «Ашық НҚА» интернет-порталында көпшілік талқылауына а.ж. 12 маусымда орналастырылды.
Жобаның көпшілік талқылауы туралы есебі а.ж. 25 маусымда қалыптастырылады.
Бұйрық жобасының орналастырылған сілтемесі: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=3566767 .
_____________
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Ұ. Маминге
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба
1. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет).
2. Тиісті нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына жасалған сілтемесі бар жобаны қабылдаудың негіздемелері және/немесе оны қабылдау қажеттілігінің басқа да негіздемелері (Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдері, Үкімет пен Кеңсе басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмалары түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 309 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының16 тармағын орындау үшін, сондай-ақ, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы
6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
3. Жоба бойынша қаржылық шығындардың қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есептеулер, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)
Қаулы жобасын қабылдау республикалық бюджет қаражатынан қосымша қаржы шығындар талап етілмейді.
4. Жоба қабылданған жағдайда болжанатын салдарлар
Жобаны қабылдау келеңсіз әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды.
5. Нақты мақсаттар және күтілетін нәтижелердің мерзімдері
Жобаның негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау институтытн жақсарту болып табылады.
Күтілетін нәтижелердің мерзімі – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қолданысқа енгізілген сәттен бастап.
6. Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер
Жоқ.
7. Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдаудың немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің талап етілетінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы
Қажет етпейді.
8. Ұсынылған халықаралық шарт жобасын кейіннен ратификациялау қажеттілігі туралы ақпарат
Халықаралық шарт болып табылмайды.
9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы мен Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2011 жылғы 20 мамырдағы № 25-1-32қпү/22П-қпү бірлескен бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесінде беруге рұқсат етілген қызметтік ақпарат тізбесіне сәйкес мемлекеттік құпия және (немесе) қызметтік ақпарат қамтылған жобаларды қоспағанда, жобаларды және оларға материалдарды Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына «Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі» ақпараттық жүйесі арқылы беру мүмкіндігі
Рұқсат етіледі.
10. Жобаны мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интернет-порталда, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)
2020 жылы ___ маусымда жоба ашық нормативтік құқықтық актілердің (egov) интернет-порталында (194,8 кбайт) орналастырылған және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) www.anticorruption.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
11. Тауарлар саудасына, көрсетілетін қызметтерге немесе зияткерлік меншік құқығына қатысты жобаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат
Талап етілмейді.
12. Жобаның Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі
Сәйкес келеді.
13. Үкіметтің актісін қолданысқа енгізуге байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есептер қорытындысы
Талап етілмейді.
14. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындысымен келіспеу себептерінің негіздемесі
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына келісуге жолданды.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Төрағасы А. Шпекбаев
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 806 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына салыстырмалы кесте
|
р/с № |
Құрылымдық элементі |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
||||
|
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары |
||||
|
|
1-тармақ |
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың объектілері) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды. |
1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін айқындайды. |
Редакциялық түзету. Ұғымдық аппаратта (Ереженің 2-тармағы) «талдау объектісі» ұғымы ұсынылады. Осыған байланысты «(бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілері)» деген сөздер алып тастау ұсынылады. |
|
|
2-тармақ |
Жоқ. |
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелі – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігі; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі (бұдан әрі-талдау объектісі) – қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға жататын арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар және (немесе) олардың ведомстволары, мемлекеттік ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері. |
Ережелерде қолданылатын ұғымдарды айқындайтын жаңа тармақпен толықтыру. 1) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 1-бабы 12) тармақшасына сәйкес; 2) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу қолданылатын тұлғалар тобын нақтылау мақсатында; 3) Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) туралы ережеге сәйкес Агенттік Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады. Осыған байланысты, Парламент Сенатының қаралуындағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы шеңберінде «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган» ұғымының осы редакциясы қарастырылады. |
|
|
3-тармақ |
2. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды: 1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; 4) сот төрелігі; 5) жедел-іздестіру қызметі; 6) қылмыстық-атқару қызметі; 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау. |
3. Осы Қағидалар мынадай салалардағы қатынастарға қолданылмайды: 1) прокуратура жүзеге асыратын жоғары қадағалау; 2) қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу; 3) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу; 4) сот төрелігі; 5) жедел-іздестіру қызметі; 6) қылмыстық-атқару қызметі; 7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасы талаптарының сақталуын бақылау. |
Ереженің 2-тармағын қосуға байланысты одан әрі нөмірлеу өзгертіледі. |
|
|
6-тармақ |
4. Бірлескен шешім: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу нәтижелерінің; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтінішінің және оны өткізу туралы уәкілетті органның шешімі; 3) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдарының негізінде қабылданады. 4) жоқ. |
4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың негіздемелері: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері; 2) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері мен ұсынымдары; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісінің бастамашылық өтінішінің және оны өткізу туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның шешімі; 4) өткен 5 жыл ішінде мемлекеттік органдардың қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізудің болмауы болып табылады. |
1) Агенттік Төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығымен бекітілген (әділет органдарында № 19941 тіркелген) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларының 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ақпарат көздерінің бірі жеке және заңды тұлғалардың өтініштері болып табылады. Осыған байланысты, қайталауды жою мақсатында қолданыстағы Қағидалардың 4 тармағының 1) тармақшасындағы «оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін зерделеу нәтижелерінің» нақтылауды алып тастау ұсынылады. 2) Мемлекеттік органдарды талдаумен біркелкі емес қамтуды болдырмау мақсатында. Талдау жүргізудің қолданыстағы негіздері (сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері, ПӘ, ПМК тапсырмалары, мемлекеттік органдардың бастамасы) мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық деңгейіне байланысты, бірақ барлық орталық мемлекеттік органдардың қызметіне жоспарлы шолу жүргізуге мүмкіндік бермейді. Мәселен, мемлекеттік кіріс, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеттерінде, Білім және ғылым министрлігінде талдау 2 рет жүргізілді. Бұл ретте, 2016 жылдан бастап денсаулық сақтау, Сыртқы істер, ауыл шаруашылығы, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінде талдау мүлдем жүргізілмеген. Мемлекеттік органдардың барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, ұлттық холдингтер мен ұлттық компаниялардың қоғамға есеп берушілігі мен бақыланушылығы тетігін енгізуді көздейтін ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпыұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының тармағы Ұлттық экономика министрлігінің орындалуында. Осы мәселені пысықтау шеңберінде Президент Әкімшілігі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдауды кезеңмен жүргізу туралы нормативтік талапты белгілеуді ұсынылған. |
|
|
5-тармақ |
Жоқ. |
5. Осы Қағидалардың 4-тармағының 4) тармақшасына сәйкес талдау объектілерін уәкілетті орган мемлекеттік органдармен келісім бойынша айқындайды. |
Мемлекеттік органдарда ұйымдық-құрылымдық өзгерістер жүргізу, салалық заңнамаға тұжырымдамалық өзгерістер енгізу кезеңінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға бастамашылық етуді болдырмау мақсатында. |
|
|
6-тармақ |
Жоқ. |
6. Уәкілетті орган жарты жылдыққа арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кестесін қалыптастырады. Кестені уәкілетті органның бірінші басшысы бекітеді және ол уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. Орындалу мерзімдері бекітілген кестенің қолданылу кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмалары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың шешімі мен ұсынымдары келіп түскен жағдайда, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау кестеден тыс жүргізіледі. |
Талдау жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру мақсатында әрбір жарты жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу кестесін бекіту ұсынылады. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кесте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында орналастырылатын болады. Бұл жұртшылықтың хабардар болуына ықпал етеді және оларға талдауға қатысу, талдау объектілерінің қызметін жақсарту және т. б. бойынша ұсыныстарды уақтылы енгізуге мүмкіндік береді. Бұл ретте, жартыжылдыққа арналған кестенің қолданылу кезеңінде кесте аяқталғанға дейінгі кезеңде орындалу мерзімімен Президенттің, ПӘ, ПМК-нің тапсырмалары ағымдағы келіп түсуі мүмкін. Мысалы, ақпан айында мамыр айына дейінгі мерзімде Денсаулық сақтау министрлігінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу тапсырмасы келіп түседі. Мұндай жағдайларда тапсырманы орындау үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бекітілген кестеден тыс жүргізілетін болады. Ұзақ мерзімді орындау кезеңі бар тапсырмалар түскен жағдайда, мұндай талдаулар келесі жартыжылдыққа арналған кестеде қарастырылатын болады. |
|
|
7-тармақ |
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу объектісінің бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқаратын немесе олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін негіздеме болып табылады. |
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін уәкілетті органның және талдау объектісінің бірінші басшыларының, олар болмаған жағдайда олардың міндеттерін атқаратын немесе олардың лауазымдарын алмастыратын адамдардың мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу туралы бірлескен шешімі (бұдан әрі – бірлескен шешім) қабылданады. |
Қолданылатын ұғымдардың қысқартуларын пайдалануға байланысты редакциялық түзету. |
|
|
8-тармақ |
Жоқ. |
8. Бірлескен шешімде мынадай ақпарат болады: 1) талдау объектісінің атауы; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізу кезеңі; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүргізетін жұмыс тобының құрамы туралы мәліметтер; 4) бірлескен шешімнің орындалуын бақылау және талдамалық анықтамаға қол қою жүктелетін уәкілетті органның және талдау объектісінің лауазымды тұлғалары туралы мәліметтер. |
Қазіргі кездегі қалыптасқан құқық қолдану практикасын регламенттеу мақсатында. |
|
|
9-тармақ |
5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды 30 жұмыс күнінен аспайтын кезеңде, уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу объектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімімен құрылатын жұмыс тобы жүргізеді. |
9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауды талдау объектісі қатысты ақпаратты жинау және қорыту кезеңін есепке алмағанда, отыз жұмыс күнінен аспайтын кезеңде бірлескен шешіммен бекітілетін жұмыс тобы жүргізеді. Қажет болған жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім талдау объектісінің келісімі бойынша отыз жұмыс күніне дейінгі мерзімге ұзартылуы мүмкін. |
Талдау жүргізу тәжірибесі көрсеткендей, талдау объектілері жұмыс тобына зерттеуге арналған материалдарды көбінесе 3-7 күн өткеннен кейін ұсынады. Бұл талдау объектісі қызметінің барлық аспектілерін қамтылмай қалуына ікелуі мүмкін. Жұмыс тобының алдын ала дайындалуы жан-жақты және толық талдау жүргізуді қамтамасыз етуге және оны мерзімінде аяқтауға мүмкіндік береді. Әдетте, талдау жүргізу кезеңі талдау объектісі іске асыратын функциялардың санына байланысты болады және орташа бір айды құрайды. Бұл ретте практикада бір талдау шеңберінде мемлекеттік органның орталық аппараты, оның ведомствосы (ведомстволары), олардың аумақтық бөлімшелері және ведомстволық бағынысты ұйымдары зерделенуі мүмкін. Мысалы, 2019 жылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау су ресурстары комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің (бассейндік инспекциялардың), «Қазсушар» ШЖҚ РМК ведомстволық бағынысты ұйымының қызметінде жүргізілді. Мұндай жағдайларда отыз жұмыс күні сапалы талдау жүргізу үшін жеткіліксіз болып табылады. |
|
|
10-тармақ |
Жоқ. |
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы. |
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының 8 бабының 2 тармақшасына сәйкес. |
|
|
11-тармақ |
6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мынадай кезеңдерді: 1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды; 2) осы Қағидалардың 10, 11, 12-тармақтарына сәйкес талдау анықтамасын жасауды, келісуді және қол қоюды қамтиды.
|
11. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу мынадай кезеңдерді: 1) талдау объектісіне қатысты ақпаратты жинауды, қорытуды; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін: мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық актілердегі, ішкі құжаттарда; талдау объектінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде анықтау. 3) осы Қағидалардың 14, 15 және 16-тармақтарына сәйкес талдау анықтамасын жасауды, келісуді және қол қоюды; 4) талдау объектісінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын бекітуді қамтиды. Қажет болған жағдайда уәкілетті орган талдау объектісімен бірлесіп, жұртшылық өкілдерінің, , сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандардың және (немесе) сарапшыларының қатысуымен неғұрлым сыбайлас жемқорлық және проблемалық мәселелер бойынша кеңестер өткізе алады. |
Осы тармақта құқық қолдану практикасына сүйене отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу кезеңдері нақтыланады. Мамандар мен жұртшылықтың қатысуымен өткізілетін кеңестерді өткізу қоғамның заңнаманы және әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге қатысуының рөлін арттыруға мүмкіндік береді. Мамандар мен жұртшылықтың пікірі мен ұстанымы талдау объектісінің қызметін жетілдіру үшін тиісті ұсынымдарды қалыптастыру кезінде ескерілетін болады. Мысалы, 2019 жылғы 8 тамызда Агенттік алаңында Мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» ҰКП, жұртшылық өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді. Кеңесте Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша талдамал-ық анықтама «Атамекен» ҰКП-ның кедендік ресімдеу кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі ұсыныстарымен толықтырылды. |
|
|
|
7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. |
Алып тасталсын. |
Редакциялық түзету. 7-тармақтың ережелері Қағидалардың жаңа реадкциясының 11-тармағының 2) тармақшасында көзделген. |
|
|
12-тармақ |
8. Сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мынадай: 1) персоналды басқару; 2) мүдделер қақтығысын реттеу; 3) мемлекеттік қызметтер көрсету; 4) рұқсат беру функцияларын орындау; 5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру; 6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді зерделеуді қамтиды. |
12. Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау: 1) персоналды басқару; 2) мүдделер қақтығысын реттеу; 3) іске асыру функцияларын орындау; 4) бақылау және қадағалау функцияларын орындау; 5) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді зерделеуді қамтиды. |
«Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР Заңының 9-2 бабына сәйкес жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуге, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қоса алғанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады. Осыған байланысты, оптимизация мақсатында Қағидалардың қолданыстағы редакциясының 8 тармағының 3) және 4) тармақшаларын «іске асыру функцияларын орындау» деп белгілеу ұысынылады. |
|
|
13-тармақ |
9. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін ақпарат көздері: 1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісі ұсынатын оның бағыттары бойынша мәліметтер; 3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бағыттарына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпарат жүйелерінен алынған деректер; 4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері; 5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бағыттарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері; 6) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 7) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 8) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтау және оны жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер; 9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады. |
13. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін ақпарат көздері: 1) талдау объектісінің қызметін реттейтін құқықтық актілер мен өзге де құжаттар; 2) талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіне қатысты ақпарат; 3) талдау объектісінің қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ақпарат жүйелерінен алынған деректер; 4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексерулерінің нәтижелері; 5) ішкі аудит қызметтерінің бақылау іс-шараларының нәтижелері; 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері; 7) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар; 8) талдау объектісіне қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштері; 9) сыбайлас жемқорлық талдау объектісінің лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын анықтау және оны жасағаны үшін жауаптылыққа тарту туралы мәліметтер; 10) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың нәтижелері; 11) талдау объектісінің қызметшілерін, жұмыскерлерін сұрау нәтижелері; 12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер болып табылады. Талдау объектісі жұмыс тобына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу үшін ақпаратты талдау басталған күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. |
1) Талдау объектісінің ұйымдық-басқару қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін тек Нормативтік құқықтық актілер ғана емес, сонымен қатар құқықтық актілер, өкімдік қызметке жатпайтын құжаттардың басқа да түрлері зерделенеді. «Құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабының 2-тармағына сәйкес құқықтық актілер мынадай түрлерге бөлінеді:: 1) нормативтік құқықтық актілер; 2) нормативтік емес құқықтық актілер. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес ұйымдар қызметінде басқа да құжаттар әзірленеді. Мысалы, хаттамалар, алқалық органдардың шешімдері. 2) Қажетті мәліметтерді талдау объектісінің өзі ғана емес, сондай-ақ басқа да уәкілетті органдар беруі не ашық көздерден алынуы мүмкін. 3) «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңға сәйкес орталық мемлекеттік органдарда, олардың ведомстволарында, жергілікті атқарушы органдарда ішкі аудит қызметтері құрылады. Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 599 бұйрығымен (әділет органдарында №12544 тіркелген) бекітілген Ішкі аудит қызметтері туралы үлгілік ережесіне сәйкес ішкі аудит қызметінің басшысы қызметке жүктелген міндеттердің орындалуын және функцияларының жүзеге асырылауын қамтамасыз етеді, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Осы қызметтердің жұмыс нәтижелерін пайдалану сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыс сапасын анықтауға мүмкіндік береді, оның ішінде сыбайлас жемқорлық жағдайына мониторинг жүргізілді ме, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылданды ма, осындай шаралардың тиімділігін бағалау және т. б. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 8 бабының5) тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды. 5) Талдау объектісінің қызметшілеріне және (немесе) қызметкерлеріне анонимдік сауалнама жүргізу ұсынылады. Сауалнама екі бөлімнен тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның талаптары қолданылатын адамдарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді білу мәселелері; талдау объектісінің қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуы туралы ақпарат хабарлау. 6) Алдын ала дайындық объектіге шыққанға дейін проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді және НҚА-ны және талдау объектісінің бизнес-процестерін мұқият және терең талдауға ықпал ететін болады. |
|
|
14-тармақ |
3-тарау. Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары
10. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша: 1) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты; 2) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді. |
3-тарау. Сыртқы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары
14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратты оларды жою бойынша ұсынымдарды қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді. |
Редакциялық түзету. |
|
|
15-тармақ |
11. Талдамалық анықтама жұмыс тобының барлық мүшелерімен келісіледі және оған бірлескен шешіммен белгіленген уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің лауазымды адамдары қол қояды. |
15. Талдау анықтамасын дайындағаннан кейін уәкілетті орган оны талдау объектісімен келіседі. Талдау анықтамасымен келіспеген жағдайда талдау объектісі екі жұмыс күні ішінде жұмыс тобына келіспеу себептерінің тиісті негіздемесін ұсынады. |
Қалыптасқан тәжірибені ескере отырып. Әдетте, талдамалық анықтаманы келісуге талдау объектісінің барлық салалық бөлімшелерінің, оның ішінде жұмыс тобының құрамына енгізілмеген, бірақ қызметтік міндеттерін орындауға байланысты талдамалық анықтамада көрсетілген мәселелерде терең білімі бар өкілдері қатысады. Іс жүзінде талдау объектілері қарсылық беруді созады, бұл өз кезегінде талдамалық анықтамаға қол қою мерзіміне әсер етеді. Талдамалық анықтама бойынша қолда бар қарсылықтар бойынша негіздемелерді ұсыну мерзімін белгілеу талдамалық анықтаманың түпкілікті жобасын дайындауды уақтылы аяқтауды және оған қол қоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. |
|
|
16-тармақ |
12. Талдамалық анықтама уәкілетті органға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісіне екі данада әзірленеді және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау аяқталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде олардың бірінші басшыларына ұсынылады. |
16. Талдамалық анықтама екі данада жасалады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдаудың осы Қағидалардың 11 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген кезең аяқталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей бірлескен шешімде айқындалған уәкілетті органның және талдау объектісінің лауазымды адамдары қол қояды. |
Талдау объектілерінің талдамалық анықтамаға қол қоюын созу фактілерін болдырмау мақсатында. Мәселен, талдау аяқталғаннан 3 айдан кейін (Мемлекеттәік кірістер комитеті), 6 айдан кейін (Ғылым комитеті, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) талдамалық анықтамаға қол қою фактілерң бар. |
|
|
17-тармақ |
13. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оны жүргізудің негізіне қарай: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына беріледі; 2) уәкілетті органның және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің интернет-ресурсында оны жүргізуге өтініштері негіз болған жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіле отырып, орналастырылады. |
17. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті органның және талдау объектісінің интернет-ресурстарында орналастырылады. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдаудың нәтижелері Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қарауына ұсынылуы мүмкін. |
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстың есептілігін және айқындылығын арттыру мақсатында. Қағидалардың қолданыстағы редакциясы Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың тапсырмалары бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелерін интернет-ресурста орналастырмауға мүмкіндік береді. Ұсынылған редакцияға сәйкес барлық талдаулардың нәтижелері, оларды жүргізу негіздеріне қарамастан, интернет-ресурста орналастырылатын болады. |
|
|
18-тармақ |
14. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі. |
18. Талдау объектісі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күн ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлейді және уәкілетті органмен келіседі. |
Бірыңғай құқық қолдану практикасын қамтамасыз ету мақсатында. |
|
|
19-тармақ |
15. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді. |
19. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг жүргізеді. Мониторинг жүргізу үшін талдау объектісі талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап алты айдан кешіктірмей уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық ақпаратты жолдайды. Талдау объектісінің қорытынды ақпаратын талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей уәкілетті органға растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы қорытынды ақпаратты жолдайды. |
1) Талдау объектілеріне оның ішінде заңнамаға өзгерістер енгізуді қарастыратын ұсынымдарды толыққанды іске асыру, үшін жеткілікті мерзімдерді қамтамасыз ету мақсатында. 2) талдау объектілерінің ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат жолдауды кешіктіруін болдырмау, сондай-ақ біркелкі практиканы қамтамасыз ету мақсатында ұсынылады. |
|
|
20-тармақ |
Жоқ. |
20. Уәкілетті орган талдау объектінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау нәтижелері бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы аралық немесе қорытынды ақпараттың және растайтын құжаттардың келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды қарайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалу мониторингінің нәтижелерін әзірлейді. Уәкілетті орган талдау объектісіне мониторинг нәтижелерін жібереді. Талдамалық анықтаманың ұсынымдары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган мониторинг нәтижелерін консультациялық-кеңесші органдардың қарауына жібереді. Егер қорытынды мониторинг жүргізу кезінде талдау объектілері ұсынымдарды толық көлемде орындамаған жағдайда, уәкілетті орган мониторингті олар түпкілікті аяқталғанға дейін жалғастырады. |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау объектілерінің орындалу мониторингі рәсімдерінің тәртібін нақтылау және регламенттеу мақсатында. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы әдеп жөніндегі кеңестері туралы Ереженің 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Әдеп жөніндегі кеңес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын қарайды. Осыған байланысты, іс жүзінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдар орындалмаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган мониторинг нәтижелерін Әдеп жөніндегі тиісті кеңеске жолдайды. |
|
|
21-тармақ |
16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсынымдарды орындауына мониторинг нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады. |
21. Мониторинг нәтижелері туралы ақпарат уәкілетті органның және талдау объектісінің интернет-ресурсында орналастырылады. |
Редакциялық түзету Жұмыстың ашықтығын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін арттыру мақсатында. |
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының бірінші орынбасары О. Бектенов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |