2020 жылғы 14 мамырдағы шығыс № 5-11-856 хатқа
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 15 маусымдағы № 7375/22 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі
2020 жылғы 14 мамырдағы шығыс № 5-11-856 хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік cаласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, ескертулер мен ұсыныстарды қосымшада жолдайды.
Қосымша 16 парақта.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары О. Ордабаев
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына салыстырмалы кесте
|
№ |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Ұсынылатын редакция |
Негіздеме |
|
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 Заңы |
||||
|
|
46-2-баптың 7-тармағы |
… Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
|
… Уәкiлеттi орган:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құжаттар ұсынылмаған;
2) ұсынылған құжаттарда қамтылған мәлiметтер толық болмаған;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені, сондай-ақ қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамағаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған;
4) ұйым осы Заңның 46-бабында көзделген міндеттерді орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған; 5) осы баптың 7-тармағы үшінші бөлігінің 1)-6) тармақшаларының талаптарын орындамаған жағдайларда аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. |
Заң жобасында авторлық құқықтарды ұжымдық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу тәртібін өзгерту қарастырылады.
Сонымен қатар, қолданыстағы аккредиттеу тәртібі біржақты түсінуге жатпайтын және тиісінше, сыбайлас жемқорлық үшін жағдай жасайтын тиянақсыз тұжырымдарды қамтиды.
Мәселен, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 46-2-бабының 7-тармағында көрсетілгендей, «аккредиттеу туралы қорытынды шығарған кезде аккредиттеу жөніндегі комиссия мыналарды назарға алуға тиіс» және бұдан әрі мемлекеттік аккредиттеуге үміткер ұйымға қойылатын талаптар тізбектелген (мәселен, жұмыс тәжірибенің болуы немесе әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері). Алайда аккредиттеуден бас тарту үшін негіздерді тізбектеген келесі абзацта аталған талаптарға сілтеме берілмеген. Осыған орай уәкілетті орган аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды деп бекіту ұсынылады, соның ішінде Заңның 46-2-бабы 7-тармағының үшінші бөлігі 1)-6) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда.
|
|
2.
|
45-бап. |
45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйымдардың атқаратын қызметтерi Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде мынадай қызметтердi атқаруға: .....
4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға;
…..
|
Қолданыстағы редакцияда қалдыру |
18-тармақ бойынша: Айта кетерлік, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар модельдері мемлекеттік тізілімге енгізілген деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып жүргiзiледi. Осыған орай, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4) тармақшасына түзетудің редакциясын қолдамаймыз, себебі Салық кодексінің 166-бабының 1-тармағы лицензиялық шарттар бойынша сыйақыны жинау мәселелері мен қатынастарын реттемейді, ол ақшалай есеп айырысу кезінде ҚР аумағында БКМ міндетті қолданылуын көздейді. Осылайша, Салық кодексінің 166-бабының талаптарын сақтауға сілтеме орынсыз. Бұдан басқа, Салық кодексінің 2-бабының 4-тармағына сәйкес осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының салықтық емес заңнамасына қосуға тыйым салынады. |
|
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі № 427 Патент Заңы |
||||
|
3.
|
36-бап |
«36-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер …… 4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында өтiнiш берушi, патент иеленуші ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi, патент иеленушi ретіндегі өздерінің құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады. …..
|
Қолданыстағы редакцияда қалдыру |
44-тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Патент Заңына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен (және/немесе сараптама жасау ұйымымен) iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте, бір мезгілде көрсетілген заңдарда «Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады» деп көзделген. Өз кезегінде, заң жобасы аталған норманы алып тастауды ұсынады. Осылайша, патенттік сенім білдірілген өкілсіз, кәсіпкерлік субъектілері өз құқықтарын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл жасау кезінде жүзеге асыра алмайды, бұл олардың қызметін айтарлықтай шектейді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Патент Заңында, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында өтініш берушінің және (немесе) құқық иеленушінің уәкілетті органмен/сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді дербес жүргізе алатын норманы қалдыру қажет деп санаймыз.
|
|
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 Заңы |
||||
|
4.
|
1-баптың 9) тармақшасы |
9) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану - тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу; |
9) тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану - тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауын қорғалатын тауарларда және қызметтер көрсету кезінде олардың қаптамаларында орналастыру, тауар белгісінің иесі (құқық иеленуші) немесе тауар шығарылған жердің атауының белгiлемесi бар тауарды жасау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, сату, маңдайшажазуларда, жарнамада, баспа өнiмiнде немесе өзге де iскерлiк құжаттамада қолдану, бұқаралық ақпарат құралдарында, Интернет желісінің қазақстандық сегменті кеңістігіндегі екінші деңгейдегі домендік атында, сондай-ақ оларды айналымға өзгеше енгiзу;
|
Қазіргі таңда тауар белгісінің Интернет желісінде және домен атауларында пайдаланылуы тиісінше реттелмеген. Домен атаулары мен тауар белгілерінің арақатынасына қатысты даулар кейде өз шешімін таба алмай жатады, себебі оларды шешу үшін құқықтық база жоқ. «Бұқаралық ақпарат құралдарында» деген терминді «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңымен терминологияны үйлестіру мақсатында «Интернет желісінде» деген терминнің орнына пайдалану ұсынылады, бұл термин әр түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде интернет-ресурстарды қамтиды. «Интернет желісінің қазақстандық сегменті кеңістігіндегі екінші деңгейдегі домендік атында» деген терминді «Интернеттің қазақстандық сегментi кеңістігіндегі домендiк аттарды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларымен» (Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2018 жылғы 13 наурыздағы № 38/НҚ бұйрығымен бекітілді) терминологияны үйлестіру мақсатында «домен атында» терминнің орнына пайдалану ұсынылады. Аталған қағидаларда «Интернет желісінің қазақстандық сегменті кеңістігіндегі екінші деңгейдегі домендік аты» термині барлық домен аттарын білдіреді, одан кейін соңында және Қазақстан Республикасының аумағында осы Қағидаларға сәйкес тіркелетін .KZ және .Қаз кеңейтілуі тиіс. Бұл ретте, .KZ және .ҚАЗ кеңейту – бірінші деңгейдегі домен аттары болып табылады. |
|
5.
|
43-баптың 1-тармағы |
1. Бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, ал жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі жағдайында – барлық тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айналымға тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз немесе тауар шығарылған жердің атауы немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иесінің келісімінсіз енгiзу тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу деп танылады.
|
1. Бiртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты, ал жалпыға бірдей белгiлi тауар белгісі жағдайында – барлық тауарларға және көрсетілетін қызметтерге қатысты айналымға тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз немесе оларға айырғысыз дәрежеге дейiн ұқсас белгiлемелер иесінің келісімінсіз аталған тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану енгізу тауар белгісіне айрықша құқықты немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығын бұзу деп танылады.
|
Заңның 1-бабының 9) тармақшасында «тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану» деген термин қолданылады. Бұл ретте, Заңның 43-бабының 1-тармағында «тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын айналымға енгізу» деген термин қолданылады. «Айналымға енгізу» таратып жазу үшін ҚР АК 1025-бабының 2-тармағын қарау қажет, оған сәйкес «Тауар белгiсiн кез келген айналымға енгiзу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгiсiн немесе ... пайдалану болып саналады». Осылайша, «тауар белгісін айналымға енгізу» және «тауар белгісін пайдалану» ұқсас ұғымдар болып табылады. «Тауар белгісін айналымға енгізу» терминін таратып жазу үшін ҚР АК-ға қарау қажеттілігін болдырмау үшін 43-баптың 1-тармағында «айналымға енгізу» терминін «пайдалану» терминіне ауыстыру ұсынылады. |
|
6.
|
43-баптың 1-тармағы |
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын бұқаралық ақпарат құралдарында пайдалану да тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) немесе тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің айрықша құқығын бұзу деп танылады.
|
Тауар белгісін немесе тауар шығарылған жердің атауын бұқаралық ақпарат құралдарында, тауар белгісі иесінің (құқық иеленушінің) келісімінсіз пайдалану да тауар белгісі иесiнiң (құқық иеленушінің) Интернет желісінің қазақстандық сегменті кеңістігіндегі екінші деңгейдегі домендік атында немесе тауар шығарылған жердің атауы иесінің келісімінсіз немесе біртектес тауарларға немесе көрсетілетін қызметтерге қатысты олармен айырғысыз дәрежеге дейін ұқсас белгілеулер, ал жалпыға бірдей белгілі тауар таңбасы болған жағдайда – барлық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге қатысты тауар шығарылған жердің атауын пайдалану құқығы иесінің айрықша құқығын бұзу деп танылады.
|
Қолданыстағы редакцияда Интернет желісінде тауар белгісін немесе ТШЖА кез келген пайдалану, тіпті ол құқық иеленушінің келісімімен жүзеге асырылған жағдайда, бұзушылық деп танылуы мүмкін. Осыған орай, осындай пайдалануға құқық иеленуші келісімінің болуына міндетті талапты енгізу ұсынылады. Домендік ат туралы толықтыруларға қатысты қазіргі уақытта Интернет желісінде тауар белгісімен ұқсас домен аттарын пайдалану және киберсквоттинг арқылы жосықсыз бәсекелестік сияқты қызметтің түрлері кеңінен таралып жатыр. Жосықсыз бәсекелестік дегенде тауар белгісімен ұқсас екінші деңгейдегі домендік аттың тіркелуі (соңында .KZ және .ҚАЗ жоқ) және тауар белгісі тіркелген ұқсас тауарларды не көрсетілетін қызметтерді ұсынатын сайтты орналастыру үшін пайдаланылады. Киберсквоттинг дегенде аталған домендік атты тауар белгісінің құқық иеленушісіне (не онымен аффилиирленген тұлғаға, мәселен, өкілдік және дистрибьютор рөлін орындайтын еншілес ұйымға) не осындай домендік атта веб-сайтта орналастырмай, пайдакүнемдік мақсатпен құқық иеленушінің басқа бәсекелестеріне кейіннен қайта сату мақсатымен тауар белгісімен ұқсас домендік атты тіркеу түсініледі. Қазіргі таңда аталған мәселелерді сотта шешу өте қиын, себебі заңнамалық база жоқ және тараптар «Қазақ желілік ақпарат орталығы (KazNIC)» мекемесі әзірлеген «Даулы мәселелерді шешу тәртібін» ғана пайдаланады және іс жүзінде домендік аттармен байланысты дауды шешуге мүмкіндік бермейді, сондай-ақ ҚР нормативтік актілерінің бөлігі болып табылмайды. Домендік аттарды пайдалану арқылы жосықсыз бәсекелестікке қарсы күрес мақсатында домен атында тауар белгісін пайдалану үшін жауапкершілікті енгізу ұсынылады, егер осындай домендік атта орналастырылған веб сайтта тауар белгісі сақталған, өз сипаты бойынша тауарлармен не қызметтермен ұқсас тауарлар не қызметтер жарнамаланса немесе ұсынылса. |
|
7. |
46-бап |
«46-бап. Патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдер …… 4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) тауар таңбасының иесі дербес жүзеге асыра алады. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда және оның ұйымдарында патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өздерінің өтiнiш берушi, тауар таңбасының, қызмет көрсету таңбасының және тауар шығарылатын жер атауының иесі ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады. …….
|
Қолданыстағы редакцияда қалдыру |
79-тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Патент Заңына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен (және/немесе сараптама жасау ұйымымен) iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте, бір мезгілде көрсетілген заңдарда «Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады» деп көзделген. Өз кезегінде, заң жобасы аталған норманы алып тастауды ұсынады. Осылайша, патенттік сенім білдірілген өкіл болмаса, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл кезінде өз құқықтарын жүзеге асыра алмайды, бұл олардың қызметін айтарлықтай шектейді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Патент Заңында, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында өтініш берушінің және (немесе) құқық иеленушінің уәкілетті органмен/сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді дербес жүргізу құқығын көздейтін норманы қалдыру қажет деп санаймыз.
|
|
«Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы № 217 Заңы |
||||
|
8. |
15-бап |
«15-бап. Патенттік сенім білдірілген өкілдер …… 4. Патенттік сенiм білдірілген өкіл өтiнiш берушiнің немесе патент иеленушiнің өкілі ретінде уәкiлеттi органмен iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Уәкiлеттi органмен iс жүргiзудi, сондай-ақ өтініш беруші және (немесе) құқық иеленуші дербес жүзеге асыруы мүмкін. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын жеке тұлғалар немесе шетелдiк заңды тұлғалар уәкiлеттi органда патенттiк сенiм білдірілген өкiлдер арқылы өздерінің өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, бiрақ уақытша одан тыс жерде жүрген жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының шегiнде хат-хабар алмасу үшiн мекенжайларын көрсеткен кезде патенттiк сенiм білдірілген өкiлсiз-ақ өтiнiш берушi ретіндегі құқықтарын, сондай-ақ мүдделі тұлға ретіндегі құқықтарын жүзеге асыра алады. ……
|
Қолданыстағы редакцияда қалдыру |
83-тармақ бойынша: Қазақстан Республикасының Патент Заңына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiл өтiнiш берушiнің өкілі ретінде зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғау мәселелері бойынша уәкiлеттi органмен (және/немесе сараптама жасау ұйымымен) iс жүргiзуге байланысты қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте, бір мезгілде көрсетілген заңдарда «Уәкiлеттi органмен және сараптама жасау ұйымымен iс жүргiзудi өтініш беруші және (немесе) патент иеленуші дербес жүзеге асыра алады» деп көзделген. Өз кезегінде, заң жобасы аталған норманы алып тастауды ұсынады. Осылайша, патенттік сенім білдірілген өкіл болмаса, кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және сараптама жасау ұйымымен өзара іс-қимыл кезінде өз құқықтарын жүзеге асыра алмайды, бұл олардың қызметін айтарлықтай шектейді. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Патент Заңында, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы», «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында өтініш берушінің және (немесе) құқық иеленушінің уәкілетті органмен/сараптама жасау ұйымымен іс жүргізуді дербес жүргізу құқығын көздейтін норманы қалдыру қажет деп санаймыз.
|