• Мое избранное
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық жобасы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрық жобасы

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 13, 14 және 30-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 21-1 және 22-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Төмендегілер бекітілсін:
1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесі;
2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты жұмыспен қамту департаменті «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді талдау және дамыту департаменті төмендегі іс-шараларды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;
2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрықты облыс орталықтарына, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамына және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамына жеткізу.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н. Н. Мұқышевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі Б. Нұрымбетов
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Жұмағалиев
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы __ ______ № __,
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы __ ______ № __
бірлескен бұйрығына 1-қосымша
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі пилоттық жобаға қатысатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының тізбесі
1. Көкшетау қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
2. «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»  
3. «Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
4. Атырау қаласының «Қалалық жұмыспен қамту орталығы»
5. «Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
6. «Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
7. «Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
8. «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
9. «Қостанай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
10. «Қызылорда қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы»
11. «Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
12. «Павлодар облысы Павлодар қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
13. «Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
14. «Түркістан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы»
15. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
16. Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының «Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»  
17. «Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2020 жылғы __ ______ № __,
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы __ ______ № __
бірлескен бұйрығына 2-қосымша
«Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта әлеуметтік-еңбек саласында кейбір мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша пилоттық жобаны іске асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 13, 14 және 30-баптарына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 21-1 және 22-баптарына сәйкес әзірленді және «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» және «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін айқындайды.
2. Пилоттық жоба шеңберінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» және «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметтерін көрсету осы бұйрықтың 1-қосымшасында бекітілген тізбеге сәйкес Еңбек биржасы арқылы және белсенді форматта жұмыспен қамту орталықтарында жүзеге асырылады.
3. Осы Қағидаларда реттелмеген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бекітілген Халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларында айқындалады.
4. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) бос орын - жұмыс берушідегі бос жұмыс орны (қызметі);
2) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ӘЕС БАЖ) – халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, халықты жұмыспен қамту жергілікті органдарының, халықты жұмыспен қамту орталықтарының, еңбек ресурстарын дамыту орталығының қызметін автоматтандыруға және әлеуметтік-еңбек саласында халыққа мемлекеттік қызмет көрсету мақсатында мекемеаралық өзара іс-қимыл жасауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
3) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі (ЕШЕБЖ) - еңбек шарттарын, еңбек қызметін және қызметкерлер санын есепке алуды автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
4) еңбек шарты – қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, оған сәйкес қызметкер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртібін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші қызметкерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қызметкерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді;
5) «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы (бұдан әрі - Еңбек биржасы) - еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық қорын қамтитын, Интернет желісінде жұмыс істейтін, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларын көрсету мақсатында Еңбек ресурстарын дамыту орталығымен сүйемелденетін электрондық ақпараттық ресурс;
6) лайықты жұмыс – кәсіптік даярлығына, еңбек өтіліне және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне, денсаулық жағдайына, жұмыс уақытының тәртібіне, жұмыс орнының көліктік қол жетімділігіне сәйкес келетін, оның ішінде уақытша сипаттағы жұмыс;
7) жұмыспен қамтудың жеке картасы - жеке деректері, жұмыспен қамту тарихы, ұсынылатын және іске асырылатын іс-шаралар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мақсаттары және олардың орындалуы көрсетілетін құжат;
8) жұмыссыз тұлға – жұмыс іздеуді жүзеге асыратын және жұмысқа кірісуге дайын жеке тұлға;
9) жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер – міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын төлемдер;
10) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры – асыраушысынан айырылған жағдайда асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды, әлеуметтік төлемдерді тағайындауды және жүзеге асыруды жүргізетін заңды тұлға;
11) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесі - ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық іс-әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;
12) белсенді қызмет көрсету – қызмет көрсету субъектісінің бастамасы бойынша көрсетілетін, оны көрсету үшін ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы ұсынылған қызметті алу субъектісінің міндетті келісімі қажет электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызмет;
13) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде тұрақты географиялық анықталатын орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін жеке пайдаланылатын байланыс құралы;
14) халықты жұмыспен қамту орталығы (жұмыспен қамту орталығы) - жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға;
15) электрондық сандық қолтаңба – электрондық сандық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық сандық нышандар жиынтығы.
2-тарау. «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы және белсенді форматта «Жұмыс іздеп жүрген адамдарға және жұмыссыздарға жәрдем көрсету» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
1-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды Еңбек биржасы арқылы тіркеу тәртібі
5. Лайықты жұмыс іздеуші тұлға (бұдан әрі – ізденуші) жұмыс іздеуші тұлға ретінде электрондық сандық қолтаңба болған жағдайда Еңбек биржасы арқылы тіркеледі.
6. Еңбек биржасында «жеке кабинетте» ізденуші осы бұйрықтың 1-қосымшасымен бекітілген жұмыспен қамту орталықтарының тізбесінен оның тұрғылықты жеріне сәйкес келетін жұмыспен қамту орталығын таңдайды.
7. Ізденуші енгізген жеке сәйкестендіру нөмірі негізінде Еңбек биржасында ізденуші туралы дербес ақпарат алу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу қалыптастырылады.
8. Ізденуші Еңбек биржасында «жеке кабинетте» дербес деректерді көрсете отырып, электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған жұмыс іздеп жүрген тұлғаны тіркеу жөніндегі қызметті алуға өтінім береді.
9. Еңбек биржасында ізденушіні жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу автоматты түрде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті дербес деректер болмаған кезде ізденушіні жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу жүргізілмейді.
10. Жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркелгені туралы ақпарат ӘЕС БАЖ-не ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына түседі. ӘЕС БАЖ-де жұмыс іздеп жүрген адамның жеке жұмыспен қамту картасы қалыптастырылады.
11. Еңбек биржасы жұмыс іздеуші тұлғаға жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу мәртебесі туралы ақпаратты Еңбек биржасындағы «жеке кабинетке», сондай – ақ Short Message Service хабарлама (бұдан әрі - sms-хабарлама) ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жібереді.
12. Жұмыс іздеуші тұлға тіркелген күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Еңбек биржасы осы Қағидалардың 4-параграфына сәйкес оған қолайлы жұмысты (бос жұмыс орнын) автоматты түрде таңдайды.
13. Жұмыс іздеуші тұлға жұмыс іздеуге қызығушылық танытуы керек, Еңбек биржасынан алынған бос жұмыс орындарына үш күнтізбелік күн ішінде кемінде үш рет үн қатуы керек, шақыру алған кезде жұмыс берушілермен сұхбаттасуға қатысуы керек.
14. Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелгеннен кейін Еңбек биржасында жұмыс іздеп жүрген адамға Заңның 18 және 19-баптарына сәйкес әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту жөніндегі қызметтер қолжетімді.
Егер жұмыс іздеп жүрген адам жалпы білім беретін мектептердің студенті немесе жоғары сынып оқушысы болған жағдайда, ол оқудан бос уақытта Заңның 22-бабына сәйкес қоғамдық жұмыстарға жолдама алуға болады.
2-параграф. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу бойынша белсенді қызмет көрсету тәртібі
15. Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу бойынша белсенді қызмет (бұдан әрі – белсенді қызмет) осы бұйрықтың 1-қосымшасында бекітілген тізбеге сәйкес жұмыспен қамту орталығының бастамасы бойынша ізденушінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөмірін «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеу кезінде ӘЕС БАЖ арқылы электрондық нысанда көрсетіледі
16. Ізденушінің еңбек шартын бұзу туралы ақпарат ЕШЕБЖ-нен ӘЕС БАЖ-не хабарлама түрінде келіп түседі.
17. ӘЕС БАЖ ізденушіге «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне жұмыс іздеуші тұлға ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсетуге сұрау салумен автоматты хабарлама жібереді.
18. Ізденуші ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы белсенді қызмет көрсетуге, сондай-ақ өзге де қажетті мәліметтерді ұсынуға келісім береді.
19. Ізденушіден жауапты күту мерзімі сұрау алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды. Күту мерзімі аяқталғаннан кейін сұрау салудың күші жойылады және осы Қағидалардың 1-параграфымен реттелген тәртіппен немесе Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларына сәйкес ізденушіге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу бойынша қызмет алуға өтініш жасау қажеттілігі туралы хабарлама жіберіледі
20. Белсенді қызмет көрсету мәртебесі туралы хабарлама ізденушіге ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы sms-хабарлама беру арқылы жіберіледі.
3-параграф. к биржасы арқылы жұмыссыздарды тіркеу тәртібі
21. Егер Еңбек биржасы немесе жұмыспен қамту орталығы ізденуші үшін осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген мерзімде лайықты жұмыс таңдап алынбаған жағдайда, жұмыс іздеуші тұлға жұмыссыз ретінде автоматты түрде тіркеледі.
22. Еңбек биржасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған ақпараттың дұрыстығын, жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу құқығына тексеруді Заңның 14-бабының 6-тармағына сәйкес жүзеге асырады.
23. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы ақпарат ӘЕС БАЖ-не ізденушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына түседі.
24. Жұмыс іздеп жүрген тұлғаға Еңбек биржасындағы «жеке кабинетке» хабарлама және ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу бойынша қызмет көрсету мәртебесі туралы sms-хабарлама жіберіледі.
25. Егер жұмыс іздеп жүрген адам жұмыссыз ретінде тіркеуге құқығы жоқ адамдар санатына жататын болса, Еңбек биржасы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркеуден автоматты түрде бас тартады.
Жұмыс іздеп жүрген адамға Еңбек биржасындағы «жеке кабинетке» хабарлама және ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысына жұмыссыз ретінде тіркеуден бас тарту себептері туралы sms-хабарлама жіберіледі.  
26. Егер жұмыссыз міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар бар болса:  
1) ізденушінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының телефон нөміріне «электрондық үкімет» веб-порталында банктік шотты ұсыну қажеттілігі туралы ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы sms-хабарлама жіберіледі;
2) Еңбек биржасында «жеке кабинетте» жұмыссыз электрондық сандық қолтаңба болған жағдайда Заңның 26-бабына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді алу үшін қажетті өтінішті және банктік шоттың нөмірін жібереді.
27. Жұмыссыздарды есептен шығару Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін жұмыс іздеген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4-параграф. Еңбек биржасы арқылы еңбек делдалдығын жүзеге асыру тәртібі
28. Еңбек биржасы жұмыс іздеуші тұлға мен жұмыссыз үшін автоматты түрде бос жұмыс орындарын таңдайды.
29. Бос жұмыс орындары туралы ақпарат Еңбек биржасында жұмыс іздеген адамның және жұмыссыздың «жеке кабинетіне» түседі.
30. Еңбек биржасы жұмыс іздеуші тұлғаға және жұмыссызға ұялы байланыс желісінің абоненттік құрылғысы арқылы sms-хабарлама беру арқылы жұмыс берушімен сұхбаттасуды тағайындау туралы хабарлайды.
31. Жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға және жұмыссызға Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 259 «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17199 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және халықты жұмыспен қамту орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларына сәйкес қолайлы жұмыс таңдауда жәрдем көрсетеді.
3-тарау. «Еңбек биржасы» мемлекеттік интернет-ресурсы арқылы «Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
32. Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі – анықтама) беру электрондық сандық қолтаңба болған жағдайда еңбек биржасы арқылы жүзеге асырылады.
Анықтаманың қолданылу мерзімі оны берген күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды.
33. Еңбек биржасында «жеке кабинетте» жұмыссыз дербес деректерін көрсете отырып, электрондық сандық қолтаңбамен куәландырылған мемлекеттік қызметті алуға өтінім береді.  
Мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе Еңбек биржасындағы жұмыссыздың «жеке кабинетіне» жіберіледі.
34. Еңбек биржасы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі жұмыссыз бойынша ақпаратты тексереді және осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында жұмыссыздың «жеке кабинетіне» автоматты түрде анықтама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
«Еңбек биржасы» мемлекеттік
интернет-ресурсы арқылы және
белсенді форматта әлеуметтік-еңбек
саласында кейбір мемлекеттік
қызметтер көрсету жөніндегі
пилоттық жобаны іске асыру
Қағидаларына 1-қосымша
Жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 14-бабына сәйкесь 20___ жылдың «___» ____________ бастап жұмыссыз ретінде тіркелгендігі туралы _______________________________________________________________ берілді.
толық тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
берілген күні: 20___ жылдың «___» __________ анықтаманың қолданылу мерзімі 20___ жылдың «___» __________ дейін қоса алғанда.