• Мое избранное
«Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

«Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» қаулы жобасына құжаттама

Қараңыз: Жолдаманы
Қараңыз: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптамалық қорытындысы
ЖОБА
Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және «Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1. Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері (бұдан әрі – айырбастау пункттері) арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:
1) АҚШ доллары үшін – 6 теңге,
2) еуро үшін – 7 теңге болып белгіленсін.
2. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Ұлттық Банк
Төрағасы Е. Досаев
«Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша теңгеге шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысы жобасына түсіндірме жазба

№ п/п

Нормативтік құқықтық актінің жобасы туралы мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты

1.

Әзірлеуші бөлімше

Қолма-қол ақша айналысы департаменті (бұдан әрі - Депратамент)

2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында

3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу.

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және (немесе) мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Жоба Заң департаментімен келісілген.

Жоба ҚР Әділет министрлігімен келісуді талап етеді.

5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ның 2020 жылғы ___________ №_________ сараптамалық қорытындысы.

«Атамекен» ЗТБ-ның 2020 жылғы ___________ №_________ сараптамалық қорытындысы.

6.

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық палатасының аккредиттелген бірлестіктерінің сараптамалық қорытындылары туралы, Ұлттық Банктің жанындағы кәсіпкерлік жөніндегі сараптама кеңесінде қарау нәтижелері туралы мәліметтер (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін)

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптау кеңесінің 2020 жылғы __________________ №___ хаттамасы.

 

7.

Нормативтік  құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Қажет етпейді.

8.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және көпшілік талқылауы нәтижелері туралы мәліметтер 

Қаулы жобасы ___.06.2020 ж. ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды. __._06.2020 ж. нормативтік құқықтық акті жобасын көпшілік талқылаудың аяқталуы туралы есеп қоса беріліп отыр.

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ.

Департамент Директоры Ж. Қажымұратов