2020 жылғы 4 маусымдағы № 24-02-24/394-И шыңыс хатқа
-
Продукты:
Судебная практика










Судебная практика
Отправить по почте
«Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаттарын бекіту туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2020 жылғы 18 маусымдағы № 7494/24 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті
2020 жылғы 4 маусымдағы № 24-02-24/394-И шыңыс хатқа
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасы бұйрығының жобасын қарап, ұсыныстар мен ескертулерді салыстырмалы кесте түрінде жолдайды.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабы 3-тармағына сәйкес сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып жауап беруді сұраймыз. Бұл жауап нормативтік құқықтық акт қабылданғанға дейін оның жобасына міндетті қосымша болып табылады.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Ю. Якупбаева
Қосымша
«Қазақстан Республикасының құрылыстағы басшылық құжаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының бұйрығына САЛЫСТЫРМАЛЫ КЕСТЕ
|
Р/с № |
Құрылымдық элемент |
Қолданыстағы редакция |
Жобаның редакциясы |
ҰКП ұсынып отырған редакция |
Негіздеме |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
«Азаматтық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚБҚ 1.04-26-2020 |
|||||
|
1 |
ҚБҚ атауы және бұдан әрі барлық мәтін бойынша
|
Жоқ |
«Азаматтық және өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚБҚ 1.04-26-2020 |
«Тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу» ҚР ҚБҚ 1.04-26-2020 |
Қолданыстағы заңнамада, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңда (бұдан әрі – Заң) «азаматтық ғимараттар» ұғымы жоқ. Бұл ретте, Заңда «тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар» ұғымы пайдаланылады. Осылайша, жоба осы бөлікте қолданыстағы заңнамамен сәйкес келмейді. Осыған байланысты, оны жобаның барлық мәтіні бойынша өзгерістер енгізе отырып, Заңға сәйкес келтіруді ұсынамыз. |
|
2 |
6-тараудың 35-тармағы |
Жоқ |
35. Ғимараттарды күтіп ұстауға техникалық жай-күйді бақылау, пайдалану немесе пайдалану қабілеттілігін сақтау, баптау және күйге келтіру, ғимараттың немесе құрылыстың немесе оның элементтері мен жүйелерінің толықтай маусымдық жұмысына дайындық, сондай-ақ үй-жайлар мен төңіректегі санитарлық-гигиеналық талаптарды қамтамасыз ету жұмыстары кіреді. Ғимараттар мен объектілердің техникалық жай-күйін бақылау қазіргі заманғы техникалық диагностика құралдарын пайдалана отырып, жүйелі жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерулер жалпы және ішінара болып бөлінеді. Жалпы тексеру кезінде ғимараттың немесе объектінің жалпы техникалық жай - күйі, оның жүйелері мен сыртқы абаттандырылуы, ішінара тексеру кезінде - үй-жайлардың жекелеген құрылымдардың, сыртқы абаттандыру элементтерінің техникалық жай-күйі бақыланады. |
35. Ғимараттар мен объектілердің техникалық жай-күйін бақылау қазіргі заманғы техникалық диагностика құралдарын пайдалана отырып, жүйелі жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Жоспарлы тексерулер жалпы және ішінара болып бөлінеді. Жалпы тексеру кезінде ғимараттың немесе объектінің жалпы техникалық жай-күйі, оның жүйелері мен сыртқы абаттандырылуы, ішінара тексеру кезінде – үй-жайлардың жекелеген құрылымдардың, сыртқы абаттандыру элементтерінің техникалық жай-күйі бақыланады. |
35-тармақтың бірінші бөлігін алып тастау ұсынылады, себебі 6-тарау техникалық қызмет көрсету емес, ғимараттар мен құрылыстарды техникалық тексеру мәселелерін реттейді. Осыған байланысты, 35-тармақта ғимараттар тексеруге қатысты екінші бөлігін қалдыру жеткілікті деп санаймыз. |

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |