2019 жылғы 12 қарашадағы шығыс № ДЮС-2/47945-ВН-25734 хатқа
-
Продукты:
Консультации










Консультации
Отправить по почте
«Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 14567/16 сараптамалық қорытындысы
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының
САРАПТАМАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бағалаушылардың іскерлік және кәсіптік әдебінің үлгілік кодексін және өз мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2018 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының, бағалаушылар палатасының стандарттары мен қағидаларының талаптарын бұзуына қатысты жүгінімдерді бағалаушылар палатасының қарауы кезінде қойылатын талаптарды және бағалаушылар палатасының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 26 сәуірдегі № 487 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қаржы министрі бұйрығының жобасын (бұдан әрі – жоба) қарап, келесіні хабарлайды.
Жобада бағалаушылардың іскерлік және кәсіби этикасының типтік кодексіне (бұдан әрі – Әдеп кодексі) түзетулер енгізу және бағалаушылар палатасына оның мүшелерінің «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» заңның талаптарын бұзушылыққа қатысты өтініштерін қарау жөніндегі талаптары (бұдан әрі – Талаптар) қарастырылған.
Әдеп кодексі жобасымен мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылады: «бағалаушы өзі мүшесі болып табылатын бағалаушылар палатасының сұрау салуы бойынша кәсіби қызметі туралы ақпарат береді.».
Өз кезегінде қолданыстағы редакцияға сәйкес Әдеп кодексі кәсіби міндеттерін орындау кезінде бағалаушылардың іскерлік және кәсіби әдеп талаптарын айқындайды.
Бұдан басқа, «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 1-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бағалаушы тоқсан сайын бағалаушылар палатасымен көзделген тәртіппен көрсетілген кезеңде есеп жасалған күнін және оның реттік нөмірін, бағалау объектісін, белгілі бір құнның түрін көрсете отырып, қол қойылған бағалау есептері туралы ақпарат беруге міндетті.
Осыған байланысты әзірлеуші ұсынған түзету Әдеп кодексін реттеудің мәні болып табылмайды және алып тастауға жатады.
Бағалаушылар палатасының өтініштерді қарауы бойынша талаптар жобасында осы Тәртіпті егжей-тегжейлі регламенттеу жолымен кеңейтіледі (мерзімдерді белгілеу, өтініштерді қарауға және олардың өзара іс-қимылына, т.б. жауапты өзін-өзі реттейтін ұйымның органдарын айқындау).
Бұл ретте ұсынылып отырған түзетулермен уәкілетті орган өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметіне араласады.
Сонымен қатар бағалау қызметiнде өзін-өзі реттеу, яғни қағидалар мен стандарттарды бекітуге, олардың сақталуын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі реттеу субъектілерінің мүліктік жауапкершілігін қамтамасыз етуге негізделген қызметті дербес реттеу енгізілгенін атап өтеміз.
Өзін-өзі реттеудің тәуелсіздік қағидатын сақтау мақсатында бағалаушылар палаталарының қызметіне реттеуші мемлекеттік органның шамадан тыс араласуына жол беруге болмайды деп санаймыз.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде жобаны түбегейлі қайта қарау қажет.
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 66-бабы 3-тармағының екінші бөлігіне сәйкес сараптама қорытындысымен келіспеген жағдайда әзірлеуші мемлекеттік орган сараптама қорытындысын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде осы қорытындыны берген сараптама кеңесінің мүшесіне және Ұлттық палатаға келіспеу себептерінің негіздемесі бар жауап жолдайды.
Басқарма мүшесі – Басқарма төрағасының орынбасары Р. Жүрсінов

Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
| Регистрация | |