• Мое избранное
Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, ул. Сатпаев көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 47 «Ақжелкен» балабақшасы МКҚК «Ақ сұңқар» тобына карантин енгізу туралы
Внимание! Документ утратил силу с 23.06.2020 г.

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, ул. Сатпаев көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 47 «Ақжелкен» балабақшасы МКҚК «Ақ сұңқар» тобына карантин енгізу туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № ПГСВ-195 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды Нұр-Сұлтан қаласының Бас Мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 23.06.2020 жылғы № 59 Қаулысына сәйкес
Мен, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ж. Қ. Пралиева, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-1, 21, 148, 150 және 152-баптарына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37- БМСД қаулысына (бұдан әрі- ҚР БМСД №37-БМСДҚ) сәйкес, "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы № 38-БМСД қаулысы, "Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 6 маусымдағы № 39-БМСД қаулысы «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығы негізінде балада COVID-19 инфекцияның тіркеу жағдайы анықталуына байланысты жағдайларының анықталуына байланыстыжәне COVID-19 инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 
1. Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы ауданы, ул. Сатпаев көшесі, 8/1 мекенжайы бойынша орналасқан Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 47 «Ақжелкен» балабақшасы МКҚК «Ақ сұңқар» тобына (бұдан әрі-Балабақша) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен карантин енгізілсін.
2. Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданының әкімдігіне (Б. Т. Есполов) және № 47 «Ақжелкен» балабақшасының меңгерушісіне (Л. М. Шинасилова):
2.1. инфекция жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған балабақшасының қызметкерлеріне COVID-19 полимеразды тізбекті реакцияға зертханалық зерттеулер мен үй-жайларды қорытынды дезинфекциялық өңдеу бойынша іс-шараларды жүргізе отырып, 14 күн мерзімге карантинге балабақшадағы «Ақ сұңқар» тобының жабылуын қамтамасыз ету;
2.2. Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бақылауымен балабақшаның үй-жайларында және оған іргелес аумақта санитарлық-дезинфекциялық және эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізсін.
2.3. № 47 бөбекжай-бақшасының «Ақ сұңқар» тобына қызметкерлер, медициналық және қызмет көрсету персоналы қатарынан адамдардың кіруіне тыйым салынсын.
3. Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы (С. Д. Кисикова) қамтамасыз етсін:
3.1. COVID-19 симптомдары бар науқастарды, сондай-ақ симптомсыз тасымалдауы бар және тұру мен оқшаулау үшін санитариялық-гигиеналық жағдайлары жоқ адамдарды инфекциялық стационарға жатқызу;
3.2. өмір сүру үшін ең төменгі санитариялық-гигиеналық жағдайлар болған жағдайда, жұмыс орны бойынша COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған адамдарды және "Ақ сұңқар" тобындағы балаларды үйде карантин жағдайында оқшаулау;
3.3. №37 БМСДҚ сәйкес үй карантинінің сақталуын бақылау (№38, №39, №40 толықтыруларымен);
3.4. 14 күн ішінде жақын қарым-қатынаста болған адамдарды медициналық бақылау кезеңінде COVID-19 жоққа шығармайтын ауру белгілері бар адамдар анықталған кезде провизорлық стационарға жатқызу;
3.5. кәмелетке толған отбасы мүшелерінен үй карантин шарттарын сақтау міндеттемесі туралы қолхат толтыру және қабылдау.
4.Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығының филиалымен (Т.Қ.Тұңғышбаев) № 47 «Ақжелкен» балабақшасының меңгерушісі (Л.М.Шинасилова) бірлесіп қамтамасыз ету:
4.1. жақын жанасушылардан биологиялық материалды іріктеу және оны биоқауіпсіздік шараларын сақтай отырып, «Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы» филиалының вирусологиялық зертханасына жеткізу, зерттеу нәтижелерін 12 сағат ішінде Департаментке ұсынуды;
4.2. топтың үй-жайларында және "Ақ сұңқар"тобының учаскесінде (көшеде) қорытынды дезинфекция жүргізу.
5. Қала әкімдігінің ішкі саясат басқармасына (Т. А. Рахманберді) осы қаулыны барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
6. Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы (Ш.М.Кадырова), Нұр-Сұлтан қаласы «Алматы» ауданының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына (Шапатаева Г.Н.) осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
7. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Нұр-Сұлтан қаласының Бас санитарлық дәрігері Ж.Пралиева