• Мое избранное
Внимание! Документ утратил силу с 25.06.2020 г

Отправить по почте

8

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 37 қаулысы

Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 25.06.2020 жылғы № 43 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының (бұдан әрі – COVID-19) таралуының алдын алу мақсатында «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:
1.1) Қазақстан Республикасына шет елден қайта басталған халықаралық тұрақты авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда, осы қаулыға 44- қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 15.06.2020 жылғы № 41 Қаулысына сәйкес (30.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар соңғы межелі орында шектеу шараларын жүргізуге жатады.
1.2) Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары мынадай тәртіппен жүргізіледі: 
Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлерін және олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19 -ға тексеру туралы анықтама берген адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасына шет елден тұрақты емес авиарейстермен келген барлық адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшаулауға жатады.
COVID-19 -ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін оң нәтижесі бар адамдар инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулыға 33-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
COVID-19 -ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар карантиндік стационарға емес, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде алынған сәттен бастап 5 тәуліктен аспайтын уақыт өткен ПТР әдісімен зертханалық тексерудің теріс нәтижесі бар COVID-19 -ға тексеру туралы анықтама берген адамдар COVID-19 -ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін карантиндік стационарда оқшауланбайды. Оларға осы қаулыға 33- қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19 ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі.
2) Қазақстан Республикасына шет елден келген Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 14 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады.
Авиакомпаниялардың экипаждары, локомотив бригадаларының мүшелері қоңырау шалу арқылы (мүмкіндігінше бейнеқоңырау шалу) тұрғылықты (келген) жері бойынша медициналық бақылауға жатады.
ЕАЭО елдерінен және Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы теміржол көлігінде және автоөтпе жолдарында өткізу пункттері арқылы келген адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеруге және 12 тәулік бойы үйде өзін-өзі оқшаулауға (үй карантині) жатады;
Теміржол, теңіз көлігіндегі тасымалдау қызметімен байланысты адамдар және жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер, сондай-ақ транзиттік жүргізушілер шекараны кесіп өткен орындарында COVID-19-ға зертханалық тексеруге жатады.
Вахталық әдіспен жұмыс істейтін, «Теңізшевройл» ЖШС объектілерінен демобилизацияланған адамдар COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін келген орны бойынша карантиндік стационарда 2 тәулікке дейін оқшаулауға жатады, оң нәтижелі адамдар емдеу үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады, COVID-19-ға теріс нәтижелі адамдар 12 тәулік бойы үйде (үй карантині) оқшауланады. Үйде оқшаулау үшін жағдай болмаған кезде жергілікті атқарушы органдар айқындаған үй-жайларда оқшаулау ұсынылады.
3) тиісті аумақтың, көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері өңірдегі және әлемдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шет елдерден келген жолаушыларды карантиндеу туралы шешім қабылдауға құқылы.
2. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, аумақтық департаменттері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттеріндегі мемлекеттік кірістер органдарының құрылымдық бөлімшелері:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункттерінде шет елден келген барлық адамдарға (оның ішінде ұшқыштар, бортсеріктер, машинистер, жолсеріктер, жүргізушілер, тасымалдаушылар және басқалар) міндетті термометрия жүргізу арқылы санитариялық-карантиндік бақылау жүргізуді;
2) халықаралық әуежайлардағы, теміржол көлігіндегі және автоөтпе жолдарындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жолаушыларға, экипаж мүшелеріне, бортсеріктерге, машинистерге және жолсеріктерге сауалнама жүргізуді;
3) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес рейс келгеннен кейін екі сағат ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына деректерді бере отырып, сауалнамаларды тану жүйесінің деректерін өңдеуді;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттердің мамандарын тәулік бойы жұмыс режимін ескере отырып, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен (бұдан әрі – ЖҚҚ) және дезинфекциялау құралдарымен жарақтауды; 
5) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; 
6) COVID-19-дың таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі үгіт парақтарын орналастыруды ұйымдастыруды, сондай-ақ COVID-19 профилактикасы мәселелері бойынша дауысзорайтқыш байланысы арқылы жолаушыларды ақпараттандыруды;
7) COVID-19-дың әкеліну және әлемде таралу қаупінің жағдайларында шет елден келетін барлық азаматтарға оның профилактикасы мәселелері бойынша жадынамалар таратуды;
8) COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, халық арасында санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізуді;
9) Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі халықаралық жолаушылар қатынастарын шектеуді қамтамасыз етсін.
ІІ. Өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының аумақтарындағы шектеу іс-шаралары
4. Орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері өңірде COVID-19 сырқаттанушылығының өсуі 7%-дан асатын деңгейде тіркелген жағдайда:
1) көпшілік іс-шараларын (мерекелік, спорттық-көпшілік, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) өткізуге тыйым салуды;
2) кинотеатрлар, түнгі клубтар, фитнес, тренажер залдары (орталықтары), сауда-ойын-сауық орталықтары жанындағы балалардың ойын алаңдары, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдары (дамыту, білім беру орталықтары, үйірмелер, факультативтер және т.б.), компьютер клубтары, Токио-2020 Олимпиада және Параолимпиада ойындарына ұлттық құрама командаларын дайындау үшін оларды пайдалану кезеңінде ғана Ұлттық олимпиада комитетінде аккредиттелген спорттық базаларды қоспағанда, спорт кешендерінің (үйірмелер, секциялар) қызметін тоқтата тұруды;
3) медициналық көрсетілімдер бойынша сапарды қоспағанда, COVID-19 бойынша қолайсыз елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шараларға шығуға тыйым салуды. Азаматтарға шет елге емделуге шығуға екі адамнан артық емес адам еріп жүргенде мынадай құжаттар болған жағдайда рұқсат беріледі:
- диагнозды және емдеудің шұғылдығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген 035-1/е нысанға сәйкес қорытындысы;
- аудармасы нотариалдық куәландырылған шетелдік медициналық ұйымның емдеуге шақыру хаты;
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы № 38 Қаулысымен (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақша алынып тасталды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы № 38 Қаулысымен (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жедел штабтар мен тиісті аумақтағы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің шешімі бойынша өңірлер ішіндегі блок бекеттерде санитариялық-карантиндік бақылауды ұйымдастыруды;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.05.2020 жылғы № 38 Қаулысымен (22.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.06.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) екінші деңгейдегі банктер, «Қазпочта» АҚ бөлімшелерінің қызметін онлайн жұмыс режиміне және эпидемияға қарсы шараларды сақтай отырып «клиенттерге дейін жеткізу» принципі бойынша көшіру арқылы шектеуді; 
9) меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің, қызмет көрсету саласы объектілерінің қызметін тоқтата тұруды;
жәрмеңкелердің, азық-түлік, азық-түлік емес тауарлар базарларының, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да объектілердің жұмысын тоқтата тұруды; 
қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата тұруды және шектеуді;
ауылдық елді мекендер ішінде тұрғындардың жүріп-тұруына тыйым салуды енгізуді;
облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ ара шаруашылығында растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнынан анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді;
тұрғылықты жері бойынша отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды; 
карантин кезеңінде халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің тізбесі мен жұмыс режимін айқындауды; 
қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты облыс орталықтарының, қалалардың, аудандардың, ауылдық елді мекендердің аумағында жүріп-тұруға рұқсат етілген адамдардың тізбесін айқындауды;